Бұған дейін Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілердегі құқыққа қайшы контентті анықтау және жолын кесу бойынша жүйелі жұмыстардың басталғанын хабарлаған еді. Интернет – заңсыздыққа жол беретін кеңістік емес. Әрбір құқық бұзушы анықт лып, заң аясында жауапкершілікке тартылады. Бұл жұмыс жалғасып жатыр. Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Абай облысының полиция қызметкерлері TikTok платформасындағы құқыққа қайшы тікелей эфирді анықтады. Эфир барысында бойжеткен ...
Читать далее »Месячные архивы: Июль 2026
Оңтүстік кореялық ұйымдасқан қылмыстық топтың 14 мүшесі ұсталды
2026 жылы 23 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Корея Республикасының 14 азаматын ұстады. Аталған елдің құқық қорғау органы оларға қатысты ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында телекоммуникациялық жүйелерді пайдалана отырып, алаяқтық әрекеттер жасау дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеруде. Олардың тұрғылықты жерлерін тінту нәтижесінде заңсыз әрекетте қолданылған компьютерлік техника, ұялы телефондар мен ноутбуктер табылды. Ұсталғандар процестік іс-әрекеттер жүргізу және одан әрі депортациялау үшін уақытша ...
Читать далее »Алтын өндірген топтың қызметі тоқтатылды
ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментімен және прокуратурамен бірлесіп, Марқакөл ауданындағы Ақбұлақ ауылының маңында тиісті рұқсат құжаттарынсыз алтын өндірген адамдар тобының заңсыз қызметін тоқтатты. Құрамында алтыны бар кенді заңсыз өндіру және өңдеу салдарынан қоршаған ортаға елеулі залал келтірілді. Атап айтқанда, топырақтың құнарлы қабаты бүлініп, жер бедерінің табиғи құрылымы бұзылып, өзен арнасы өзгертілген. Заңсыз жұмыстар жалпы аумағы ...
Читать далее »Той кортежі: Қауіпті маневр жасаған жүргізушілер жауапқа тартылды
Түркістан облысында полицейлер бейнебақылау камераларының көмегімен Ордабасы ауданы Темірлан ауылындағы орталық көшелердің бірінде үйлену тойының кортежіне қатысқан жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғанын анықтады. Тексеру барысында тәртіп сақшылары Mercedes-Benz, BMW, LADA және ВАЗ 5 автокөлік жүргізушілерінің жеке басын нақтылады. Олар жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарғаны, қос тұтас жолақ сызығын кесіп өткені, арнайы жарық белгілерін заңсыз орнатқаны және жол ...
Читать далее »Ұйғыр ауданында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өтті
2026 жылғы 14 шілде күні Алматы облысы Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Ұйғыр ауданында діни экстремизм мен радикализмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық түсундіру іс-шаралары өтті. Атап айтқанда, аудан орталығы Шонжы ауылында республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, дінтанушы Әбдіхамитов Бақдәулет тұрғындармен бірқатар кездесулер өткізді. Бұл жолғы шараның ерекшелігі ұйымдастырушылар халықты бір орталыққа жинамай, керісінше, әрқайсысының күнделікті жұмыс істеп, тіршілік етіп жатқан ортасында өтуінде ...
Читать далее »Журналистің жоғалған көлігі бірнеше сағат ішінде табылды
Түркістан қалалық полиция басқармасына оңтүстік өңіріне танымал журналист, «Шындық кз» ақпараттық порталының директоры әрі басшысы Айгерім Айтаханова арызданып, жұмыс орнының алдында тұрған өзіне тиесілі автокөлігін белгісіз біреу заңсыз айдап кеткенін хабарлады. Аталған жайтты полиция «Автомобильді немесе өзге де көлік құралын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену» бабымен тіркеп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.Оқиға орны түгел қаралып, қала көшелеріндегі бейнебақылау камералары мұқият тексерілді. Полиция ...
Читать далее »Банк менеджері несие рәсімдеу арқылы миллиондаған теңге жымқырған…
Қарағанды облысында банк менеджері несие рәсімдеу арқылы миллиондаған теңге жымқырды деген күдікке ілінді. Қарағанды облысында полиция қызметкерлері азаматтардың атына заңсыз несие рәсімдеу арқылы жасалған алаяқтықтың жолын кесті. Саран қаласы полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында банктердің бірінде менеджер болып жұмыс істеген 23 жастағы күдіктіні ұстады. Тергеу мәліметінше, күдікті қызметтік мүмкіндігін және клиенттердің сенімін пайдаланып, олардың келісімінсіз сұралған сомадан әлдеқайда жоғары ...
Читать далее »Ақша бопсалаумен айналысқан атышулы блогер мен сыбайластары ұсталды
Шымкент қаласы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерде беделге нұқсан келтіретін бейнематериалдарды жариялаймын деп қорқытып, азаматтардан ақша бопсалаумен айналысқан топтың заңсыз әрекетін тоқтатты. Жедел іс-шаралар барысында Instagram желісінде 150 мыңға жуық оқырманы бар жергілікті блогердің үш сыбайласымен бірге кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілерді әдейі бейнетаспаға түсіріп жүргені анықталды. Олар қызметтік міндеттерін атқару барысында ...
Читать далее »Чехияға жұмысқа орналастырамын деп алдаған күдікті ұсталды
Астана қаласында Есіл аудандық криминалдық полиция қызметкерлері азаматтарды Чехияға жұмысқа орналастыруға уәде беріп, олардан ақша алған 31 жастағы күдіктіні ұстады. Тергеу барысында анықталғандай, күдікті шетелде жоғары жалақылы жұмысқа орналастыруға көмектесетінін айтып, азаматтардың сеніміне кірген. Осылайша ол кемінде алты эпизод бойынша алаяқтық әрекет жасап, жәбірленушілерден түрлі көлемде ақша алған. Алайда уәде еткен қызметін орындамай, кейін байланысқа шықпай қойған. ...
Читать далее »2021 жылдан бері іздеуде болған әйел Түркиядан Қазақстанға депортацияланды
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі түркиялық әріптестерімен бірлесіп жүргізген іс-шаралар барысында 2021 жылдан бері іздеуде жүрген 46 жастағы ҚР азаматын Анталия қаласында ұстады. Тергеу мәліметінше, күдікті 2018-2020 жылдар аралығында сыбайластарымен бірге әрекет етіп, сенімге кіру арқылы еліміздің 1300-ден астам азаматының 6 миллиард теңгеден астам қаражатын иемденген. 26 маусым күні іздеуде жүрген әйел Түркия Республикасынан Қазақстан ...
Читать далее »
Ел тұмар Ақпараттық портал
