Жарияланды: 18.07.2026

Ұйғыр ауданында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өтті

2026 жылғы 14 шілде күні Алматы облысы Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Ұйғыр ауданында діни экстремизм мен радикализмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық түсундіру іс-шаралары өтті.

Атап айтқанда, аудан орталығы Шонжы ауылында республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, дінтанушы Әбдіхамитов Бақдәулет тұрғындармен бірқатар кездесулер өткізді. Бұл жолғы шараның ерекшелігі ұйымдастырушылар халықты бір орталыққа жинамай, керісінше, әрқайсысының күнделікті жұмыс істеп, тіршілік етіп жатқан ортасында өтуінде болды.

Күннің алғашқы жартысында маман «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында» ауылдың аналары мен әжелерімен кездесіп, ұрпақ тәрбиесі мен отбасы құндылықтары жайында әңгімелесті. Одан кейін Шонжы ауылдық округі әкімдігінде мемлекеттік қызметкерлермен, сондай-ақ «Әл-Фараби» атындағы аудандық кітапханада мәдениет саласының өкілдерімен жүздесті. Бұған қоса, «Отбасын қолдау орталығында» әлеуметтік осал топ өкілдерімен де арнайы кездесу өтті. Бұл басқосуларда қоғамдық келісім, діни радикализмнің зияны, зайырлы қоғам қағидаттары және дәстүрлі құндылықтардың маңызы талқыланды.

Түсіндіру жұмыстары мұнымен шектелмей, ауыл базарларында жалғасын тапты. Дінтанушы ауылдағы орталық киім, көкөніс және құрылыс базарларына арнайы барып, өзін-өзі жұмыспен қамтыған саудагерлермен, қарапайым еңбек адамдарымен тілдесті. Жұмыс барысында тұрғындар көкейтесті сұрақтарын қойып, маманнан нақты жауаптар алды. Сонымен қатар, базар жанындағы жұмыссыздар алаңына тұрақтайтын азаматтарға да уақыт бөлінді.

Кездесулер ресмиліктен қашық, еркін диалог форматында өтті. Қатысушылар көтерілген тақырыптарға қызығушылық танытып, маманның сөзін мұқият тыңдап, ортаға салынған ойларды қолдайтындарын жеткізді. Әсіресе, базардағы азаматтар мен қарапайым жұмысшылар өздерін мазалаған діни мәселелер мен сұрақтарын емін-еркін қоюға мүмкіндік алды. Ауыл тұрғындары мұндай ашық форматтағы кездесулердің маңызды екенін атап өтіп, шараны ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын білдірді.

 

В Уйгурском районе состоялись

информационно-разъяснительные мероприятия

14 июля 2026 года при организации Управления по делам религий Алматинской области в Уйгурском районе прошел цикл информационно-разъяснительных мероприятий, направленных на профилактику религиозного экстремизма и радикализма.

В частности, в районном центре селе Шонжы член республиканской информационно-разъяснительной группы, религиовед Бакдаулет Абдихамитов провел ряд встреч с местными жителями. Отличительной чертой нынешней акции стало то, что организаторы отказались от традиционного формата сбора аудитории в одном зале. Напротив, спикер сам посетил места повседневной работы и пребывания граждан.

В первой половине дня специалист посетил «Центр активного долголетия», где в теплой обстановке побеседовал с матерями и бабушками села о воспитании подрастающего поколения и сохранении семейных ценностей. Затем состоялись встречи с государственными служащими в аппарате акима сельского округа Шонжы и с представителями сферы культуры в районной библиотеке имени
Аль-Фараби. Также была организована специальная беседа с представителями социально уязвимых слоев населения в «Центре поддержки семьи». Главными темами этих встреч стали укрепление общественного согласия, вред религиозного радикализма, а также важность принципов светского общества и традиционных ценностей.

Разъяснительная работа на этом не завершилась и продолжилась на местных рынках. Религиовед специально посетил центральные вещевой, овощной и строительный рынки, где пообщался с самозанятыми торговцами и простыми тружениками. Прямо на рабочих местах жители смогли задать наболевшие вопросы и получить компетентные ответы от специалиста. Не остались без внимания и граждане, собирающиеся на площадке для безработных рядом с рынком им также было уделено отдельное время для беседы.

Все встречи прошли в неформальной обстановке, в виде открытого и свободного диалога. Участники проявили живой интерес к обсуждаемым темам, внимательно слушали специалиста и выразили полную поддержку озвученным идеям. В особенности простые труженики и работники рынков высоко оценили возможность без стеснения задать волнующие их вопросы на религиозную тематику. Сельчане подчеркнули значимость подобных встреч в открытом формате и выразили искреннюю благодарность организаторам мероприятия.

360 қаралым