2025 жылдың 10–13 қазан аралығында Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы мәдени күндері өтеді. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен Ресей Мәдениет министрлігінің қолдауымен өтеді. Мәдени күндер екі ел арасындағы мәдени-ақпараттық ынтымақтастықты нығайтып, екіжақты қатынастарды дамытуға бағытталған. 10 қазан – 23 қараша аралығында Жаңа Третьяков галереясында «Қазақстан өнерінің жауһарлары» көрмесі өтеді. Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің ...
Читать далее »Месячные архивы: Октябрь 2025
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘРІПТЕСТІК ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛУДЕ
Бүгін Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы саласындағы ең ауқымды халықаралық іс-шаралардың бірі — AGRITECH TURKESTAN & GROWTECH SHYMKENT-2025 көрмесі өз жұмысын бастады. Бұл көрме Мемлекет басшысының 2025 жылғы Жолдауында атап көрсетілген ауыл шаруашылығын әртараптандыру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өңдеу өнеркәсібін дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыру аясында ұйымдастырылып отыр. Іс-шараның басты мақсаты — ауыл шаруашылығы, жылыжай шаруашылығы, өсімдік өсіру, суару жүйелері, ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҰЛЫ АНАСЫНА ДОНОР БОЛЫП, БАУЫР ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫ СӘТТІ ӨТТІ
Бауыр трансплантациясы – хирургия саласындағы ең күрделі және жоғары дәлдікті талап ететін операциялардың бірі. Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының базасында профессор, академик Б.Баймахановтың жетекшілігімен және А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының жоғары білікті мамандарының қатысуымен аймақтағы екінші бауыр трансплантациясы сәтті жүзеге асты. Науқас – 54 жаста. Диагнозы: MELD – 26 балл, бауыр циррозы (СТР бойынша С класы, 12 балл), біріншілік билиарлық ...
Читать далее »ӘЛЕУМЕТТІК ДҮКЕНДЕР МЕН ЖӘРМЕҢКЕЛЕР САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ
Шымкент қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында бірқатар кешенді шаралар қолға алынған. Қала әкімдігінің бастамасымен ірі сауда желілері мен жергілікті өндірушілер арасында келісім-шарттар жасалып, бүгінде 80-ге жуық әлеуметтік сауда нүктесі тұрақты түрде жұмыс істеп тұр. Атап айтқанда, қалада «Грамад» сауда желісінің 22 нүктесі, «Магнум» желісінің 26 нүктесі, «Маркет» желісінің 2 нүктесі, «Қасқасу-С» шаруа қожалығының көкөніс сататын 5 ...
Читать далее »Ұлттық музейде Ерболат Төлепбайдың көрмесі өтіп жатыр
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Ұлттық музейде өтіп жатқан Ерболат Төлепбайдың мерейтойлық көрмесін тамашалады. Көрме Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, суретші Ерболат Төлепбайдың 70 жылдық мерейтойы мен 50 жылдық шығармашылығына арналды. «Өнерім – ізгілік мекені» атты көрмеде суретшінің шығармашылық жолы мен оның түрлі кезеңдерін қамтитын, рухани және мәдени ізденістерін бейнелейтін туындылар қойылған. Ерболат Төлепбай әлемнің әр елінде 38 ...
Читать далее »ЕРЕКШЕ ФЕСТИВАЛЬ ӨТТІ
Ордабасы ауданында дәстүрге айналған «Ауылым – Арыс жағасында» өнер фестивалі жоғары деңгейде өтті. Гала-концертте аудан өнерпаздары жиналған көрерменге тамаша көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ, ұлттық салт-дәстүрге, халық қазынасына деген құрметтің жаңа қырынан айқындалуына куә болды. Фестиваль аудан әкімдігінің бастамасымен жыл сайын өткізіліп келеді. Биылғы фестиваль аясында әр ауылдан келген өнер ұжымдары халық әндері мен заманауи туындыларды шырқады. Қолөнер шеберлері мен ауылшаруашылық өнімдерінің ...
Читать далее »Әкім мақта теріп жүр
Түркістан облысы, Отырар ауданында 7 қазан – Дүниежүзілік мақта күніне орай ауқымды «AQ-DALA» мақташылар фестивалі өтті. Іс-шараның мақсаты – мақта шаруашылығының өңірдегі даму тарихын, жетістіктері мен жаңалықтарын дәріптеу, жаңа технологияның қолданысын кеңейту және «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында шаруаларға құрмет көрсету. Фестиваль аясында егіс алқабына экскурсия, ауыл шаруашылығы және мақта шаруашылығына арналған техника көрмесі ұйымдастырылып, жаңа агротехнологиялар таныстрылымы өтті. Салтанатты ...
Читать далее »2026–2027 оқу жылына арналған мектеп оқулықтарының жобалары талқылауға шығарылды
2026–2027 оқу жылында енгізілетін мектеп оқулықтарының жобалары Білім беру мазмұнын сараптау орталығының https://talqylau.bmso.kz сайтында қоғамдық талқылауға шығарылды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. Оқулықтарды талқылау ««Оқу әдебиеттерін қоғамдық талқылау» бөлімінде келесі пәндер бойынша жүргізіледі: • 4-сыныптарға арналған: «Қазақ тілі», «Орыс тілі» (қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін), «Математика» (қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектептер үшін), «Дүниетану», «Әдебиеттік оқу» • 7–10 ...
Читать далее »Х.БӨКЕЕВА ТЕАТРЫ ГАСТРОЛЬДІК МАУСЫМЫН ШЫМКЕНТТЕ БАСТАДЫ
Хадиша Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының халықаралық гастрольдік сапары Шымкент қаласындағы Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрынан басталды. Гастрольдік сапар аясында театр ұжымы мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Шараға театр директоры, Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі Нұржан Тасбулатов, театрдың көркемдік жетекшісі, мәдениет саласының үздігі Салауат Түменов, сондай-ақ Ж.Шанин атындағы театр директорының міндетін ...
Читать далее »Қазақстандық мектептерде бейіндік сыныптар ашылуда
Жұмысшы мамандықтары жылында орта білім беру ұйымдарында 1000 бейіндік сынып құру жүзеге асырылуда. Аталған бастама аясында жалпы саны 31 000-нан астам оқушы кәсіби дағдымен қамтылмақ, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі. Мұндағы мақсат – мектеп оқушыларының еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарына ерте бейімделуін қамтамасыз ету, олардың кәсіби бағдарын жүйелі түрде қалыптастыру және техникалық-кәсіптік білімге қызығушылығын арттыру. Осыған орай, қазақстандық мектептерде ...
Читать далее »
Ел тұмар Ақпараттық портал
