Месячные архивы: Август 2025

Психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындауға оқталу бабы бойынша үкім жарияланды

  Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі, 297-1-бабы 3-бөлігінің 1), 3) тармақтарымен (алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен, аса ірі мөлшердегі психотроптық заттарды, өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өзіне байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізе алмаған) айыпталған М.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.   Сотталушы 2024 жылдың қыркүйек айында «Telegram» мессенджері арқылы белгісіз тұлғамен жылдам ақша ...

Читать далее »

Қазанда «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасы өтті

2025 жылы 26 тамызда Мұса Жәлел атындағы Татар академиялық мемлекеттік опера және балет театрында Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының гастрольдік сапары жемісті болды. Театр көрермен назарына Хамит Шанғалиевтің «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасын ұсынды. Гастрольдік сапар Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің, (РФ) Татарстан Республикасының Мәдениет министрлігінің, сондай-ақ Қазақстан ...

Читать далее »

Түркістанда 9 жастағы баланың бауырынан эинококк құрты табылып, күрделі ота жасалды

Түркістан облыстық балалар ауруханасында 9 жасар балаға күрделі ота жасалды. Науқасқа тексерулер жүргізіліп, баланың бауырында көлемі 14 см болатын эхинококк құрты болу диагнозы қойылған. Білікті дәрігер Мұхан Спабекұлының жетекшілігімен күрделі ота жүргізіліп, мамандар эхинококк құртын ашық әдіспен алып шықты. Ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында тегін жүргізіліп, қажетті емдік шаралар қолданылды. Науқас қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылды. Мамандар ата-аналарға ...

Читать далее »

Абай облысында XII Өңірлік азаматтық форум өтіп жатыр

  2025 жылғы 26 тамызда Семей қаласында «Мемлекет – бизнес – ҮЕҰ: тиімді өзара әрекеттесу және серіктестік» тақырыбында Абай облысының XII Өңірлік азаматтық форумы өтіп жатыр. Форумға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, Қазақстанның Азаматтық альянсы, үкіметтік емес ұйымдар, бизнес-қоғамдастық, жастар бірлестіктері, қоғамдық кеңестер мен белсенді азаматтар қатысуда. Іс-шара бағдарламасында азаматтық қоғамды дамыту перспективалары, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың ...

Читать далее »

2 млн. теңге төленбеген айыппұлы бар “Opel Vectra” маркалы автокөлігі анықталды

      “Заң және тәртіп” қағидатын іске асыру аясында Түркістан қаласы аумағында борышкерлерді анықтау және оларға қатысты айыппұлдарды өндіру мақсатында профилактикалық іс-шара жүрігізілді. Мақсаты — әкімшілік айыппұлдарды мәжбүрлеп орындаудың қажетті шараларын қолдана отырып, борышкерлерді анықтау бойынша тиісті жұмысты жандандыру. Шара барысында тәртіп сақшылары “Автоураган” жылжымалы кешені мен “Қорғау” жүйесі арқылы 2 млн теңгеге жуық төленбеген айыппұлы бар облыс орталығы ...

Читать далее »

Шымкентте полиция екі есірткі өткізушіден ірі көлемде есірткі заттарын тәркіледі

Шымкент қалалық полиция департаментінің қызметкерлері 19 тамызда жедел іс-шаралар жүргізу барысында өз автокөлігінде есірткі заттарын тасымалдаған ер адамды ұстады.   Күдіктінің көлігінің жүксалғышынан жалпы салмағы 14 келіден асатын «кептірілмеген марихуана» есірткі заты табылды.   Сондай-ақ, 15 тамызда синтетикалық есірткі заттарының заңсыз айналымын әшкерелеуге бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жергілікті тұрғын ұсталды. Тексеру кезінде оның тұрғылықты мекенжайынан жалпы салмағы 400 грамнан асатын ...

Читать далее »

Алдамшы жолмен алма бақтарын субсидиялауға арналған 255 млн. теңгені ұрлаған

  Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында сотталушылар И. мен С.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.   И.-ге ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен (мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам ретінде, алдын — ала сөз байласу арқылы адамдар тобында өзіне сеніп тапсырылған мүлікті аса ірі мөлшерде жымқыру) айыпталған. С.-ға ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы және 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен (алдын — ...

Читать далее »

Түтінсіз темекі өндірумен заңсыз айналысқандар сотталды

  Түркістанда түтінсіз темекі өндіргендер сотталды. Күдіктілер жасырын цех ашып, кәсібін дөңгелетіп келген. Алайда, заңсыз бизнесінің жолы кесілді. Ал, оны ұйымдастырғандар түрмеге тоғытылды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.  Түркістан қаласында түтінсіз темекі өнімдерін заңсыз өндіру және өткізу дерегі бойынша О. мен Т-қа қатысты сот үкімі шықты. Олар 30  жұмысшының көмегімен жасырын өндірістік цех ашқан. Нәтижесінде, заңсыз айналымнан тыйым салынған ...

Читать далее »

Түркістан облысында полиция екі апта ішінде 11 есірткі қылмысының жолын кесті

  Түркістан облысының аумағында «Қарасора — 2025» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу аясында полиция департаментінің қызметкерлері 21 мыңнан астам ауланы, шаруашылық құрылыстарды, өнеркәсіптік нысандар мен егістік алқаптарын тексерді. Нәтижесінде полицейлер екі апта ішінде есірткіге байланысты 11 қылмыстың жолын кесті. Заңсыз айналымнан 705 келіден астам марихуана, 260 келіден астам көкнар және аңшы мылтығы тәркіленді. Сондай-ақ есірткі қылмысын жасаған күдіктілер ұсталды. Бүгінгі таңда аталған ...

Читать далее »

Қораз төбелесін ұйымдастырып, 500 мың теңге айыппұл арқалады

  Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Т.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  444-бабының 1-бөлігімен (құмар ойындарға қатысу, тарту немесе рұқсат беру) әкімшілік іс қаралды.   Т. 2025 жылғы 15 маусымда Шымкент қаласында белгіленбеген жерде, тиісті рұқсатсыз, әтеш төбелестіріп, төбелес алаңын ұйымдастырған.   Құқық бұзушылық туралы хаттамамен, куәгерлердің түсініктерімен және оқиға барысы түсірілген бейне-таспамен ...

Читать далее »