Жарияланды: 21.08.2025

Шымкентте полиция екі есірткі өткізушіден ірі көлемде есірткі заттарын тәркіледі

фото ШПД

Шымкент қалалық полиция департаментінің қызметкерлері 19 тамызда жедел іс-шаралар жүргізу барысында өз автокөлігінде есірткі заттарын тасымалдаған ер адамды ұстады.
 
Күдіктінің көлігінің жүксалғышынан жалпы салмағы 14 келіден асатын «кептірілмеген марихуана» есірткі заты табылды.
 
Сондай-ақ, 15 тамызда синтетикалық есірткі заттарының заңсыз айналымын әшкерелеуге бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жергілікті тұрғын ұсталды.
Тексеру кезінде оның тұрғылықты мекенжайынан жалпы салмағы 400 грамнан асатын психотроптық заттар анықталып, тәркіленді.
Аталған жайттар бойынша қылмыстық істер қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Күдіктілер қамауға алынды.
529 қаралым