
фото ШПД
Әлеуметтік желілерде уақытша ұстау изоляторында азаматшаның қайтыс болуы және *қылмыстық істің негізсіз жүргізілгені жөнінде* таралған ақпаратқа байланысты төмендегіні хабарлаймыз.
Шымкент қаласының тұрғыны кәмелетке толмағанның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді деген күдікпен ұсталды. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 2 мамырға қараған түні қыз ойын-сауық мекемесінен шыққаннан кейін танысының үйіне барған. Ол жерде танысының кәмелетке толмаған інісі мен қарындасы, сондай-ақ достары болған.
Куәгерлердің жауаптарына сәйкес (бейнежазба түріндегі жауаптар бар), азаматша мен жасөспірімнің арасында ауызша жанжал туындап, күдікті өзге адамдардың көзінше жасөспірімге пышақпен жарақат салған.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел медициналық жәрдем бригадасы шақырылды. Зардап шеккен жасөспірім ауруханаға жеткізілді.
Кәмелетке толмағанның денсаулығына ауыр зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті алғашқы тергеу әрекеттері жүргізілді.
Сол күні күдікті полицияға жеткізілді. Медициналық куәландыру оның алкогольдік масаң күйде болғанын растады.
Ел тұмар Ақпараттық портал
