Жарияланды: 30.09.2025

Бішкекте А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің гастролі өтеді

фото МЖАМБҚ

2025 жылғы 14-15 қазанда Кыргызстанның Бишкек қаласында А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің тәрбиеленушілері мәдени алмасу және халықаралық ынтымақтастықты нығайту аясында өнер көрсетеді.

14 қазанда «Сейтек» Ұлттық балалар мен жасөспірімдер орталығында бірлескен концерт өтеді.
15 қазанда А.Малдыбаев атындағы Қырғыз ұлттық академиялық опера және балет театрының сахнасында училище тәрбиеленушілерінің Гала-концерті ұйымдастырылады.

Концерт бағдарламасында көрерменге классикалық, халықтық, қазақ және заманауи репертуардан үздік қойылымдар қойылады.

Александр Селезнёв атындағы Алматы хореографиялық училищесі – Қазақстандағы алғашқы және ең көне кәсіби балет мектебі. Оқу орны 90 жылдан астам уақыт бойы жаңа буын бишілерін тәрбиелеп келеді. Бүгінде училище түлектері әлемнің көптеген елінде сұранысқа ие. Олар қазақстандық хореографияны беделді сахналарда таныстырып, ұлттық өнерді әлемге насихаттап келеді.

4 176 қаралым