Жарияланды: 07.04.2024

ТҮРКІСТАН: САУРАНДА МАТРАЦ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ

Бүгін Сауран ауданына қарасты Иассы ауылдық округінде матрац шығатарын шағын цех іске қосылды. Ашылу рәсіміне аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, ауылдық округ әкімі Сыздық Пірметов, зиялы қауым өкілдері мен ауыл ақсақалдары қатысты.
Аталған жоба 2023 жылы бастау алып, биыл пайдалануға беріліп отыр. Жобаның құны 300 млн теңгені құрайды. Қуаттылығы жылына 3600 дана матрац шығаруға қауқарлы. Бүгінде тұрақты 5 адам жұмыспен қамтылған.
Цех басшысы Ильяс Құлахметов алдағы уақытта өңдеу өнеркәсібін 2 есе үлкейтіп, қосымша жұмыс орындарын ашуды көздеп отыр. Қазіргі таңда өнімге сұраныс артып, Ақтөбе, Атырау және Қызылорда облысына жеткізілуде. Жұмысшылардың орташа жалақысы 200 мың теңгені құрайды.
Айта кетейік, аудан көлемінде 7 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді. Шағын және орта бизнеспен өндірілген өнім көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6,0 млрд теңгеге артып, 49,4 млрд теңгені құрады. Ағымдағы жылы өнім көлемін 85,0 млрд теңгеге жеткізу жоспарлануда.
2 208 қаралым