Жарияланды: 20.07.2025

Әуе компаниясынан айыппұл мен моральдық зиян өндіріп алды

фото immunocap.ru

 
Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотына талап қоюшы О. жауапкер «S.» әуе компаниясына жолжүкті жеткiзуде мерзімнің өткені үшiн айыппұлды өндіру және моральдық зиянды өтеу туралы талап қоюын берген.
 
Сотта анықталғандай, талап қоюшы Алматы қаласынан Фукок қаласына ұшып келгеннен кейін, өзінің жолжүгін ала алмаған. Талап қоюшы әуе компаниясына арызданғаннан кейін, жолжүгі табылып, талап қоюшыға екі күннен кейін жеткізілген.
Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының шешімімен талап қою ішінара қанағаттандырылған. Талап қоюшының пайдасына «S.» әуе компаниясынан жолжүкті жеткiзуде мерзімнің өткені үшiн айыппұл өндірілген. Талап қоюдың қалған бөлігі қанағаттандырудан бас тартылған.
Сот алқасы, бірінші сатыдағы соттың шешімімен ішінара келіспей, шешімді өзгертті.
Себебі, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес, моральдық зиянды өтеу көрсетілетін қызметтің кемшіліктері салдарынан келтірілген залалдарды (нұқсанды) өтеуге қарамастан жүзеге асырылады.
Алқа, осы мән-жайларды және заң талаптарын назарға алып, бірінші сатыдағы соттың шешімін өзертіп, талап қоюшы О.-ның пайдасына жауапкер «S.» әуе компаниясынан моральдық зиянды өндірді. Алқа қаулысы заңды күшіне енді.
702 қаралым