Жарияланды: 30.07.2025

«ESCOBAR OPTOM»: Алматыда вейпті Telegram арқылы мектеп оқушыларына сатып келген

фото ҚМА

 
ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті электрондық тұтыну жүйелері (вейптер), дәмқосқыштар мен оларға арналған сұйықтықтардың заңсыз айналымымен айналысқан топтың қызметін тоқтатты.
 
Тыйым салынған өнімді сату Telegram мессенджерінде «ESCOBAR OPTOM» атауымен жүргізіліп, курьер арқылы жеткізіліп отырған.
Жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде қоймалар мен сату нүктелері анықталды.
 
 Тінту барысында 150 мыңнан астам вейп тәркіленді, олардың сатылымынан түсетін табыс 1 млрд теңгеден асып кетуі мүмкін еді.
Бұл өнімдер кәмелетке толмағандар, соның ішінде мектеп оқушылары арасында кеңінен таратылған.
 
 Көлеңкелі бизнестің ұйымдастырушылары вейптерді әдейі жасөспірімдерге жеткізіп, олардың денсаулығына айтарлықтай қауіп төндірген.
65 қаралым