Жарияланды: 17.08.2019

Түркістанда шығыстық үлгідегі автобекет ашылды

Түркістан облысына кезекті іссапарымен келген Үкімет басшысы Асқар Мамин бастаған жұмыс тобы ең алдымен Түркістан қаласындағы халықаралық автобекеттің ашылу рәсіміне қатысты. Оған ҚР Премьер-министрі А. Мамин, Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеев, БАҚ өкілдері қатысты. Асқар Мамин халықаралық автобекеттің ашылуымен құттықтап, игі лебізін білдірді. Кейіннен ҚР Премьер-министрі А.Мамин мен Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеев салтанатты жағдайда лентаны қиды.
Түркістан қаласында салынған автовокзалға тапсырыс беруші «Қасиет Транзит Сервис» ЖШС. Мердігер мекеме – «ЮгСтройконструкция» ЖШС. Нысанның құрылысы биыл, яғни 2019 жылдың сәуір айында басталып, 2019 жылдың тамыз айында құрылыс жұмыстары аяқталып, халық игілігіне пайдалануға берілді. Халықаралық автобекет Кентау қаласына қарасты Шаға ауылында орналасқан. Шығыс үлгісінде салынып жатқан нысанның жалпы аумағы 2,4 га құрайды. Жоспарға сай, 600 автобусқа арнайы 15 тұрақ қарастырылған.
Тәулігіне 10-мың адамға дейін қызмет көрсете алады. Еліміздің Алматы, Нұр-Сұлтан секілді бағыттарымен қатар, облыстың өзгеде аудан қалаларына жүргізілетін болады. Нысанның ішінде ана мен бала бөлмесі, күту залы, асхана, тынығатын орындармен қамтылған. Сондай-ақ автовокзал аумағында барлық стандартқа сай автокөлік жуу орны, техникалық қызмет көрсету орындары ашылу жоспарланып отыр.
Түркістан облысы әкімінің баспаксөз қызметі

1 012 қаралым