Қазақстанның Африка елдерімен фармацевтика және биологиялық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығын дамыту мүмкіндіктерін зерделей отырып, Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі, Африка одағы жанындағы ҚР Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов Африка одағы Комиссиясының штаб-пәтерінде өткен «Африкадағы вакциналар өндірісі бойынша әріптестік» форумына қатысты. Форумға АО Комиссиясы төрағасының орынбасары Моника Нсанзабаганва, Африканың ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының бас директоры Джин Касея, АО мүше мемлекеттердің, серіктес елдердің, Африкадағы ...
Читать далее »Cаясат
Француз сарапшылары Орталық Азия өңірінің рөлін талқылады
Қазақстанның Франциядағы Елшілігінің қолдауымен Орталық Азиямен айналысатын француз сарапшыларының қатысуымен Париждегі БҰҰ Университетаралық комитеті (CINUP) ұйымдастырған «Орталық Азия және оның өңірлік рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны ашқан Қазақстан Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова ел басшылығының өңірдегі саяси, экономикалық және мәдени байланыстарды нығайту жөніндегі күш-жігерін атап өтіп, еліміздің Орталық Азия өңіріндегі рөліне аудиторияның назарын аударды. Пікірталас барысында сарапшылар өңір елдері, соның ішінде ...
Читать далее »Бейжіңде алғашқы қазақстандық балаларды дамыту орталығының 5 жылдық мерейтойы аталып өтті
Қытай астанасында шетелдегі алғашқы қазақстандық «Балдырған» балаларды дамыту орталығының 5 жылдық мерейтойы аталып өтті. Мерекелік іс-шараға Қытайдағы қазақ диаспорасының өкілдері, қазақстандық дипломаттар, Шанхай ынтымақтастық ұйымы Хатшылығының және Қазақстан ұлттық компаниялары өкілдіктерінің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ Қытайдың жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық студенттер қатысты. Салтанатты шара аясында Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев құттықтау сөз айтып, дәстүрлі «тұсаукесер» ...
Читать далее »Женевадағы халықаралық сарапшылар Азаптауға қарсы комитетте Қазақстанның баяндамасын қарады
Азаптауға қарсы комитеттің (АҚК) 76-шы сессиясы барысында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Игорь Рогов бастаған ҚР делегациясы еліміздің Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияда бекітілген құқықтарды қамтамасыз ету шаралары туралы төртінші мерзімдік баяндаманы ұсынды. Делегация басшысы И. Рогов өз сөзінде Комитет мүшелерін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Әділетті ...
Читать далее »Дінаралық келісімнің қазақстандық моделі Болгария дінбасыларының назарында
Қазақстанның дінаралық келісім мен конфессияаралық диалогты қолдау саласындағы мемлекеттік саясатымен таныстыру мақсатында ҚР Елшісі Виктор Темірбаев Болгарияның басты дінбасылары – Болгар патриархы Неофитпен, Болгарияның бас мүфтиі Мұстафа қажымен және Орталық израильдік рухани кеңестің төрағасы Максим Делчевпен кездесулер өткізді. Кездесулер барысында қазақстандық дипломат сұхбаттастарды этносаралық және конфессияаралық диалог қоғамының бірегей моделімізбен, сондай-ақ елімізде ұлтаралық келісімді сақтау мен нығайту және азаматтардың діни ...
Читать далее »Қазақстан мен Молдова энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды
Қазақстанның Молдовадағы Елшісі Алмат Айдарбеков Молдованың Энергетика министрі Виктор Парликовпен кездесу өткізді. Сұхбат барысында екіжақты ынтымақтастықтың, оның ішінде энергетика саласындағы мәселелердің кең ауқымы талқыланды. А. Айдарбеков ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен еліміздегі саяси, демократиялық және конституциялық реформалар, экономикалық басымдықтар, инвестициялық ынтымақтастық және Қазақстанның Молдовамен әріптестігіне маңызды мән берілетін Еуропа елдерімен өзара іс-қимылы туралы хабардар етті. Өз кезегінде В. Парликов Қазақстандағы саяси және ...
Читать далее »Жаңа Қазақстанның басымдықтары Эфиопияда зерттелуде
Қазақстанның Эфиопиядағы Елшілігі ұйымдастырған семинарда саяси жаңғырту қорытындылары мен Қазақстанның жаңа әлеуметтік-экономикалық басымдықтары талқыланды. Іс-шараға Эфиопия Парламентінің Халықаралық ынтымақтастық, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі тұрақты комитетінің төрағасы Дима Ногго Сарбо, елдің бұрынғы президенті Мулату Тешоме, Ұлттық диалог жөніндегі Эфиопия Парламенті комиссиясының мүшесі Йонас Адайе, Эфиопия СІМ Сыртқы саясат институтының директоры Д. Амбо, Даму, зерттеу және ынтымақтастық орталығы директорының орынбасары К. Мелес, Эфиопияның ірі ...
Читать далее »Қазақстан мен Болгария аймақаралық деңгейдегі ынтымақтастықты жандандыруға ниетті
Болгар тарапының шақыруымен Қазақстан Елшісі Виктор Темірбаев Болгарияның екінші ірі қаласы – Пловдив қаласына сапар шекті. Пловдив мэрі Здравко Димитровпен кездесуде әңгімелесушілер сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстардың үдемелі дамуындағы өңіраралық өзара іс-қимылдың ерекше рөлін атап өтті, сондай-ақ екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, өңіраралық деңгейде екіжақты қарым-қатынастарды арттыру мақсатында Қазақстанның үшінші мегаполисі – Шымкентпен бауырлас байланыстар орнатуға ерекше назар ...
Читать далее »Грузияның Гори қаласында Қазақстанның құрметті консулдығы ашылды
Консулдық округі Грузияның Шида Картли тарихи-географиялық өлкесін қамтитын ең көне қалалардың бірі Гориде Қазақстанның Құрметті консулдығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Грузия Сыртқы істер министрлігінің, атқарушы биліктің, Шида Картли аймағының академиялық және іскер топтарының өкілдері қатысты. Қазақстан Елшісі Мәлік Мырзалин өзінің құттықтау сөзінде бұл тағайындау екі ел қатынастарының жоғары деңгейінің және оларды нығайту бағытының кезекті дәлелі болып табылатынын атап өтті. ...
Читать далее »Қазақстан мен Португалия арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың келешегі Лиссабонда талқыланды
Қазақстан Елшісі Дәулет Батырашев Португалия кәсіпкерлер конфедерациясының президенті Арминду Монтейрумен кездесіп, екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың келешегін, португалдық кәсіпорындардың қазақстандық инвестициялық жобаларда қатысуын, сондай-ақ іскерлік делегациялардың сапарларын ұйымдастыру мәселелерін талқылады. Қазақстандық дипломат еркін экономикалық аймақтар мен инвестициялық преференциялар жүйелерін құруына, «Астана» халықаралық қаржы орталығының және технологиялық сипаттағы алаңдардың қызметіне, сондай-ақ Қазақстанның транзит-көліктік әлеуетіне назар аудара отырып, шетелдік инвесторларды қорғау бойынша Қазақстан өкіметі ...
Читать далее »