Бүгін Түркістанда облыстық «Мерейлі отбасы – 2023» ұлттық конкурсы өтті. Елімізде ерекше сипатқа ие болып, дәстүрлі бағытта өткізіліп жатқан конкурс жеңімпаздарын Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев құттықтап, жеңімпаздарға облыс әкімі Дархан Сатыбалдының алғыс хатын табыстады. Жалпы конкурсқа 143 отбасы өтінім берген. Аудан, қалалық деңгейде ұйымдастырылған байқаудың алғашқы кезеңінде 31 отбасы жеңімпаз атанды. Ал бүгін жанұядағы жарасымдылық пен өзіндік қарым-қабілеттерімен ...
Читать далее »Руханият
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР КҮНІНЕ ОРАЙ КОНЦЕРТ ӨТТІ
Түркістан облысы, Жетісай ауданында «Жалынды жастар жасасын» атты гала концерт өтті. Мерекелік кешті Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі мен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастырған. Жастар – қай заманда, қай елде болмасын асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы саналады. Олар қай кезде де, қай қоғамда да белсенді буын ...
Читать далее »РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АБАЙ ОҚУЛАРЫНДА ТҮРКІСТАНДЫҚ 2 ОҚУШЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ
Бүгін ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен Абай облысында өткен ХХIV республикалық Абай оқуларында Түркістан облысының 2 оқушысы жүлделі ІІ орынды иеленді. Республикалық кезеңге Түркістан облысы атынан қатысқан Мақтаарал ауданының оқушысы Айдана Басымбек Абайдың 221 өлеңін жаттап, «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» бағыты бойынша ерекше көзге түсті. Бұдан бөлек Қазығұрт ауданының оқушысы Жақсыкүл Орынбай «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» бағыты бойынша үздіктер ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАДА АБАЙ КҮНІ ӨТІП ЖАТЫР
Бүгін, 10 тамыз – Абай күніне орай өңірімізде бірқатар шаралар өтіп жатыр. Соның ішінде облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Ұлы халықтың – ұлы Абайы» атты шара өтті. Әдеби-рухани жиынға зиялы қауым өкілдері, оқырмандар және кітапханашылар қатысты. Алдымен кітапханашы Дана Тәженова келген қонақтарға арнайы тақырыптық кітап көрмесін таныстырды. Түркістан қалалық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының оқушылары Абай өлеңдерін оқыды. Басқосу ...
Читать далее »ҰЛЫ АБАЙДЫҢ ЕСКЕРТКІШІНЕ ТАҒЗЫМ ЕТТІ
Бүгін Түркістан қаласындағы Абай ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтары қойылды. 10 тамыз – Абай күніне орай облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен бірқатар шаралар өткізу жоспарланған. Оқушылар сарайы алдындағы ескерткіштен бастау алған шара әрі қарай кітапханада өтетін «Ұлы халықтың ұлы Абайы» атты Абайдың өмірі мен шығармашылығы жайлы басқосуға ұласады. Күні бойы басқармаға қарасты мекемелердің әлеуметтік желі парақшаларында бейнероликтер мен поэзиясы ...
Читать далее »ТҮРКІСТАНДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БИ ҮЙІРМЕСІНІҢ КОНЦЕРТІ ӨТТІ
Түркістанда қаласындағы Амфитеатрда мемлекеттік шығармашылық тапсырыс аясында ашылған «Turkistan Special Dance» би мектебінің есептік концерті өтті. Аталған шараға Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының бөлім басшысы Ержігіт Сартаев арнайы қатысып, ашып берді. Сонымен қатар мектеп директорына басқарма басшысының құттықтау хат табыстады. Концерт барысында домбырашылар да өнер көрсетті. Үйірмеге қатысушылар әртүрлі жанрдағы би билеп, көптің ықыласына бөленді. Сонымен қатар, шарада «Айнамкөз» ...
Читать далее »10 ЖЫЛДА 400-ГЕ ЖУЫҚ КӨРМЕ ӨТКІЗІЛДІ
Шымкент қаласының мәдени ошағы — Көрме орталығының халыққа қызмет көрсетіп келе жатқанына биыл 10 жыл. Бүгінде орталықта өтіп жатқан іс-шаралар заманауи форматта айшықталуда. 10 жыл ішінде өткен 378 көрменің 50-ден астамы халықаралық деңгейдегі іс шаралар. Африка елдерінің, “HALAL EXPO “ , “Poneton” , «Worldskills», Иран Ислам республикасының, Өзбекстан республикасының, “AgriTekShymkent” халықаралық көрмелері жергілікті бизнес өкілдерінің әріптестік байланысына жол ашты. Елдің ...
Читать далее »“АЗИЯ ДАУЫСЫ”-2024 “МЕДЕУДЕ” КҮТЕДІ
Алматыдағы «Медеу» биік тау мұз айдынында қайта жанданған «Азия дауысы» халықаралық заманауи музыка фестивалі аяқталды! Ол қазақ және әлем музыкасының аңыздарына және 19 жыл бұрынғы фестиваль қандай болғанын еске алуға арналды. Үшінші фестиваль күнінің басты идеясы «Ұрпақтар сабақтастығы» болды. Өйткені, бүгінде «Азия дауысы» алдына тек музыка майталмандарының буынын ғана емес, бір кездері өнер жолын осы байқаудан бастағандарды біріктіру міндетін қойып ...
Читать далее »“АЗИЯ ДАУЫСЫНДА” – “BLACK EYED PEAS
Алматыдағы Медеу мұз айдынында Black Eyed Peas тобының мега–жұлдыздары “Азия дауысы-2023″ фестивалін дүркіретті. Фестиваль тарихында алғаш рет шақырылған әлем жұлдыздарының толыққанды жеке концерті өтті. Ол zakazbiletov.kz жобасының директоры Сәбит Сүлейменовтың арқасында мүмкін болды. Неліктен Black Eyed Peas? Олар Қазақстанға қалайша келді? Сәбит Сүлейменовтың айтуынша, Black Eyed Peas тобы қазір Еуропадағы гастрольде жүр. Егер олар Америкада болғандаалып келу қиынға соғар еді. Азия дауысының уақытындаолар бос болды. Алматыға Венгриядан ұшып келді, енді Испанияға ұшып кетеді. Қазіргі уақытта Black Eyed Peas тобы “Where is the Love?” хитінің 20 жылдығы және осы аттас тоғызыншы альбомның шығуына орай Elevation әлемдік турнесін өткізуде. Біргеатап өту үшін тірі аңыз will.i.am топқа қайта қосылды. Ал J. Rey Soul Фергиді сәтті алмастырды. Кешегі концертте кішігірім оқиға болды – Дағыстаннан келген топтың жанкүйері сахнаға плакат ұстатып кіріп, музыканттар күзетшіге оны өткізуге рұқсат берді. Тіпті онымен бірге әннің бір бөлігін орындады. Оныңқуанышында шек болмады! Стадион бақытты адам мен will.i.am әрекетін қатты қолдады. Бұл қазірдің өзінде жанданған «Азия дауысы» туризмнің дамуына мықты әсер беруде. Себебі Қазақстанның әр қалаларынан және Ресей, Біріккен Араб Әмірліктері сияқты бірнеше елден жанкүйерлер Алматыға тек Black Eyed Peas үшін келді. Алматы бұрын–соңды мұндай керемет шоуды көрген емес: Black Eyed Peas 2000-шы жылдардағы хиттерін орындағанкезде көрермендер түгел секіріп билеп кетті. Бұл салтанатты кеш өте жақсы аяқталды. «Харекет» қоғамдық қоры «Азия дауысы» сахнасындақазақстандықтардың ақшасына сатып алынған пәтердіңкілтін мұқтаж отбасына табыс етті! «Харекет» қоры 2017 жылы «1000 ТЕҢГЕГЕ БАСПАНА» жобасы аясындақұрылған еді. Мұқтаж жандарға көмектесу үшін әркім барболғаны мың теңге бере алады. Осылайша көмекке қажеттісома жиналады. Құрылғалы бері қор отбасыларға 650-денастам үй сатып алса, кеше Айгүл Сарыбаеваның отбасыкілтін алды. Шаңырақтары бақытқа толы болсын! «Азиядауысы» әнмен ғана емес, игі істермен де біріктіреді! Бүгін, фестивальдің соңғы күнінде біз Аңыздарды ескеаламыз! Баршаңызды Медеуде күтеміз! Фестиваль демеушілік пен ақпараттық қолдаудыңарқасында мүмкін болғанын еске саламыз! «Азия дауысы – 2023» фестивалінің бас серіктесі және тең ұйымдастырушысы – Halyk Bank. Оның сыйлықтары күнсайын Медеудегі іс–шаралар кезінде ойнатылады және оған барлығы қатыса алады! 30 шілдеде өтетін концертке билет сатып алғандарфестивальдің тағы бір демеушісі – Allur Auto ұсынғанChevrolet Onix автокөлігін ұтып алу мүмкіндігіне ие болды. Алматы қаласының әкімдігі көрермендердің Медеуге оңай жетіп, қалаға жылдам оралуын қамтамасыз етті. Фестиваль кезінде қосымша автобус бағыты іске қосылды. Сәтбаев пен Байтұрсынов қиылысынан автобустар ...
Читать далее »“МЕДЕУДЕ” “АЗИЯ ДАУЫСЫ” БАСТАЛДЫ
Алматыда «Медеу» биік тау мұз айдынында 19 жылдық үзілістен кейін «Азия дауысы» халықаралық заманауи музыка фестивалі қайта өтуде! Дрон шоуымен аяқталған бірінші күн қызыл кілемнен басталған еді. Ашылу салтанатына ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов қатысып, «Азия дауысы» бұдан былай жыл сайынғы фестивальге айналып, келесі жылдан бастап дәстүрлі түрде – халықаралық ән байқауымен өтетінін айтты. «Түркі елдерінің мәдениет министрлері ...
Читать далее »