Руханият

Стамбул сапарынан бір үзік сыр…

Сырлы да сұлу Стамбул…  Арман қала… Ертегі әлем… Сұлулығымен ерекше еліктіретін ғажайып қала туралы таңнан таңға ұрып таусылмайтын дастан айтуға болар. Ақынның жырында, суретшінің қылқамында өрілген керемет өлкені көзбен көру де бір бақыт… Ғажап қалаға ойда-жоқта табан тіредік. Түркітілдес журналистер қорының төрайымы Нәзия Жоямергенқызының ұйытқы болуымен Түркияның Мәдениет және туризм министрлігінің ұйымдастыруымен «Қауіпсіз туризмді сертификаттау» бағдарламасы шеңберінде Қазақстан және Қырғызстан ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: МАЙРА МҰХАМЕДҚЫЗЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДА «ҮЗДІК ОПЕРА ӘНШІСІ» ЖҮЛДЕСІН ИЕЛЕНДІ

  ҚР Еңбек сіңірген әртісі, Шымкент қалалық Опера және балет театрының директоры Майра Мұхамедқызы тағы да топ жарды. Бұл жолы Мәскеу үлкен театрында өткен «Браво» халықаралық байқауында кәсіби музыка номинациясы бойынша «Үздік опера әншісі» жүлдесін жеңіп алды. Биыл қаңтар айында Майра Мұхамедқызы Шымкент қалалық Опера және балет театрының басшысы қызметіне тағайындалған болатын. «Құрмет», «Отан» ордендерінің иегері, «Тарлан» сыйлығының, ҚР Мемлекеттік ...

Читать далее »

Түркия «қауіпсіз туризм» үшін…

Туризм арқылы қазына қазанын қомпайтып отырған Түркия үшін елге ағылған әрбір турист маңызды. «Тарының қауызына сыйдырғандай» тәждітажал былтырдан бері біраз елді әбіржіткені белгілі. Дегенмен тасын түртсең тарихтан сыр шертетін, теңізі шалқыған, сұлу табиғатымен тамсандыратын Түркияға туристер легі әлі де толастамақ емес. Экономиканың негізгі драйвері саналатын туризм  Түркия үшін аса  маңызды салалардың бірі. Сондықтан да осы салаға көптеп көңіл бөлінеді. Жуырда ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТІК ӨРТ СӨНДІРУШІ АНИМАЦИЯЛЫҚ МУЛЬТФИЛЬМ ШЫҒАРУДА

  Қазіргі заманда өмірге қауіп төндіретін жағдайға тап болу өте жиі кездеседі. Олардың ішінде балалардың балалығымен өрттің шығуы жиі орын алып жатады. Сондықтан балаға өз іс-әрекеттерін түсіне бастаған шақта өрт қауіпсіздігі жайында және жану жағдайы кезінде өзін ұстау ережелерін үйреткен жөн. Осындай жағдайлардың орын алмауы үшін Шымкент қалалық ТЖД Қаратау аудандық бөлімінің басшысы Е.Тасқараев балаларға арнап анимациялық мультфильм шығаруды қолға ...

Читать далее »

Түркістанның ең үлкен кітапханасы ашылады

Түркістан қаласындағы облыстық ғылыми — әмбебап кітапханасы есігін айқара ашуға дайын. 400 орындық оқу залы бар, заманауи технологиялармен жабдықталған білім ошағында 250 мыңнан астам оқулық қоры жинақталып, үнемі жаңартылып тұрады. Шаһардағы құрылыс алаңдарын аралаған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жауапты басшыларға құрылысты ширатуды тапсырды. Өңір басшысы әуежай аумағындағы көгалдандыру барысымен танысты. Сонымен қатар Өмірзақ Шөкеев мәдени — рухани орталықтағы жаңа құрылыс ...

Читать далее »

ТҮРКИЯДАҒЫ ҚАУІПСІЗ ТУРИЗМ

Түркияда туризм саласына қатысы бар барлық қызметкерге COVID-19 вирусына қарсы екпе егу шарасы басталды. Аталған науқанға «Қауіпсіз туризмді сертификаттау» бағдарламасы шеңберінде Түркия Мәдениет және туризм министрлігі, Түркия Денсаулық сақтау министрлігі мен Түркия Туризмді жетілдіру және дамыту агенттігі (TGA) жауапты. Басты мақсат – алдағы туризм маусымында туризм саласында қымет көрсететін мамандар мен олардың туғандарын, туристер көп шоғырланатын аймақтардағы тұрғындардың денсаулығы мен ...

Читать далее »

СТАМБҰЛДАҒЫ “АТЛАС” КИНОТЕАТРЫ МЕН КИНЕМАТОГРАФ МУЗЕЙІ

Стамбұлдағы Истиклял даңғылына орналасқан «Атлас» тарихи кинотеатры 2019-2020 жж. аралығында қайта жөндеуден өткеннен кейін көрерменге есігін ашты. Ашылу салтанатына Түркия Республикасының президенті Реджеп Тайип Ердоғанмен бірге ілемге танымал режиссер Гай Ричи,актерлар Джейсон Стетхэм, Джош Гарнетт, Джеки Эйнсли, қазір Гай Ричи Антальяда түсіріп жатқан «Бес көз» жаңа фильміне түсіп жатқан актерлар мен актрисалар қатысты. Іргетасы 1948 жылы қаланған кинотеатрда 483 орын, ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ «АДАМГЕРШІЛІК ІЛІМІ ЖӘНЕ ХАКІМ АБАЙ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

  Шымкенттегі «Хакім Абай» музейінде белгілі абайтанушы, М.Әуезов атындағы ОҚУ-ң «Абайтану» ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Мақсат Әліпханның «Адамгершілік ілімі және Хакім Абай» атты кітабының тұсаукесері өтті. Кітапта адамзат танымының тарихында қызу талқыланған адамгершілік ұғымының мән-мазмұны мен төркін-тегі Аристотель, Плотин, Әл-Фараби, Ибн-Сина еңбектері негізінде жүйеленіп, айқындалған. Адамгершіліктің ең қайырымдылық пен жан саулығы, ең берісі игілік пен бақыт ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕГІ КІТАПХАНАЛАРДА «ПАРАСАТ ЖОЛЫ» ОРТАЛЫҚТАРЫ АШЫЛДЫ

    Бүгін Орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесінде «Парасат жолы» орталығының салтанатты ашылуы өтті. Ашылу салтанатына жазушы, журналист, қалалық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Мархабат Байғұт, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Талғар Серікбаев, Қазақстан Жазушылар одағының Шымкент қалалық филиалының директоры Бахадүр Жеңіс, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқарманың басшысы Ханзада Есенова, ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі Сәкен ...

Читать далее »

Түркістан: «Тәуелсіздік қарлығаштары» байқауы басталды

Биыл Қазақ елінің тәуелсіздігіне 30 жыл толып отыр. Мерейлі мерейтой қарсаңында ел жетістігін кеңінен насихаттау мақсатында Түркістан облысында жас ақын-жазушылар мен журналистер арасында байқау өтеді. Бұл туралы облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Дамир Жүнісов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. «ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі комиссия отырысында берген тапсырмаларын орындау, Тәуелсіздіктің қадірі мен қасиетін арттыру, Тәуелсіздік жылдарында ...

Читать далее »