Экономика

Толымды істер пысықталды

Түркістан облысындағы Төле би ауданында ауыл шаруашылығы түлеп келеді. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Төле би ауданында болып ондағы толымды істерді пысықтады. Алдымен, Көксәйек ауылдық округіндегі ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтерінің бірінде болып, жұмысымен танысты. Кооператив былтыр 40 гектар жерге қарқынды алма бауын еккен. Қазір бауда «Гала», «Голден делишес», «Айдаред» және «Ред делишес» атты алманың сұрыптары егілген бауда 87500 дана ...

Читать далее »

Бабын тапсаң байлық –жерде

Түркістан облысындағы Төле би ауданы таулы аймаққа жатады. Мұнда мал шаруашылығы да, егін шаруашылығы да жақсы дамыған. Жайылымнан да, ағын судан да мәселе жоқ. Таудан құлай ағатын ағын су мол болғандықтан егіні бітік шығады. Жайылым жер көп болғандықтан малы да қоңды. Ағымдағы жылы “Болашақ нұры” ЖШС сүт өнімдерін өңдеу цехы іске қосылады. Тартылатын инвестиция көлемі 52 миллион теңгені құрайтын цех ...

Читать далее »

Қалдықсыз технология қолданылады

Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданында ауыл шаруашылығы қарқынды даму үстінде. Мұнда көбіне көкөніс, жеміс жидек өсірумен айналысатын шаруашылықтар мен жылыжай кәсібін дөңгелетіп отырған шаруалар көп. Аудандағы «База — Servis» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2,5 гектар  аумақта орналасқан ауылшаруашылық өнімдерін сақтау қоймасы мен  көкөніс өнімдерін консервілеу цехы жұмысын жандандырып отыр.  Жалпы құны 1 миллиард 200 миллион теңгені құрайтын қоймаға  серіктестік 900 миллион  теңгені ...

Читать далее »

Құнарлы азық дайындайды

Түркістан облысындағы Қазығұрттық шаруалар малға қысы-жазы көп шөп береді. Аграрлар гидропон әдісімен жоңышқа өсіруді қолға алып отыр. Айтуларынша, жасанды жоңышқа жеген малдар ет пен сүтті еселеп береді. Көктем жаңбырсыз болғандықтан күнгейлік шаруалар биыл мал азығынан тапшылық көруі мүмкін. Бұл түйіткілді Қазығұрттағы «Ыбырайым қажы» шаруа қожалығындағылар өздері шешіп отыр. 50 бас ірі қарасын қысы-жазы көк шөппен қамтып келген шаруалар қазір өзге ...

Читать далее »

Қайта өңдеу саласы даму үстінде

Түркістан облысындағы Сарыағаш ауданында мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Бүгінде мұнда сүт өндірумен айналысатын бірнеше шаруа қожалығы қайта өңдеу саласына мән беріп отыр. Дарбаза ауылындағы асыл тұқымды сүтті бағыттағы ірі қара малдарды өсіру және сүт өндірумен айналысатын «Фирма Сакен» ЖШС-і 2004 жылы жұмысын бастаған.  Қожалықтың төрағасы шаруашылықты жеке қаражатына — 2 миллион теңгеге ашқан. Бүгінде мұндағы 594 ірі қара малды ...

Читать далее »

Өндіріс аясын кеңейтпек

Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданындағы құс өсіретін «Бесқара» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2015 жылы ашылған болатын. Бүгінде аталмыш құс фабрикасы қанатын кеңге жайып, дамып келеді. Фабрикада  50-ден астам адам екі қолға бір күрек тауып отыр. Тұрақты жұмыспен қамту үшін серіктестік алдағы уақытта өндіріс аясын кеңейтуді көздеп отыр. Тағам өндірісіне аса қажетті жұмыртқа өндіретін серіктестіктің өнімі сөреде қалып кеткен кезі жоқ. Фабрикада ...

Читать далее »

Саланың дамуына серпін бермек

Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданы, Шарапхана ауылындағы биязы жүнді қой өсіретін «Самат» шаруа қожалығы бүгінде ісін ілгерілетіп, өндірісін өрлетіп отыр. 2001 жылы құрылған қожалық бүгінде 3 мыңға жуық биязы жүнді қой өсіреді. Өзге төмен сортты жүдердей емес, әрине биязы жүнге сұраныс өте жоғары. Алдағы уақытта асыл тұқымды қой басын көбейту жоспарларында бар. Осы уақытқа дейін жеткен жетістіктері де жетерлік. Серіктестік ...

Читать далее »

Емдік сусынның бағасы қолжетімді

Түркістан облысындағы Отырар ауданында негізінен мал шаруашылығы мықты дамыған. Соған орай, түрлі өндіріс орындары көбейіп келеді. Әсіресе Отырар ауданында түйе шаруашылығына қатысты кәсіп түрлері өркендеу үстінде. Бүгінде қымыран, шұбат өндіретін цехтардың жұмысы өрлеп тұр. Аудандағы «Гүлмайра» шаруа қожалығы шұбат өндірумен бірнеше жылдан бері айналысып келеді. Ал 2011 жылы жаңа цех ашып, онда «Отырар шұбаты» деген арнайы ыдыспен шығара бастады. Бүгінде ...

Читать далее »

Тоқыма кластері даму үстінде

Түркістан облысында республика бойынша тұңғыш әрі жалғыз мақта-тоқыма кластері бүгінде дамудың даңғыл жолына түскен.  Өндірістің түгел бір циклын, атап айтқанда мақта өсіру, иіру, тоқу, бояп-өңдеу және тігу сияқты бүкіл жұмысын қамтитын жалғыз тоқыма комбинаты – «AZALA Textile» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Тоқыма комбинаттары көп болғанымен, барлығы бірдей отандық мақтаны қолдана бермейді. «AZALA Textile» бұл жағынан да ерекшеленеді. Өйткені, қазақстандық мақта талшығын ғана пайдаланады. ...

Читать далее »

Өнім таза табиғи қоспалармен өңделеді

Түркістан облысындағы сиыр мен жылқы етін бұқтырып, консервілейтін цех Тұрлан экспедициясы маңында орналасқан. Бүгінде бұл өнім Өзбекстанға экспортқа шығарылады, деп хабарлайды ernur.kz. Ресейге экспорттау жағы да қарастырылып жатыр. Ашылғанына екі жылдан асқан кәсіпорында консервіленген сиыр, жылқы еті, сондай-ақ күріш пен арпа ботқасы да шығып жатыр. Бұқтырылған еттің 8 атауы тіркелген. Бағасы өзге бәсекелестерден 15 пайызға арзан. Халықтың үлкен сұранысына ие болған ...

Читать далее »