Түркістан облысына қарасты Ащысай ауылындағы өндіріске енді қытайлық инвесторлар инвестиция салмақ. Нысанбай Кенжебаев, Қытай инвесторларларының Түркістан облысындағы өкілі: «Қытайлық инвесторлар өндіріс қалдықтарын өңдейтін кәсіпорын ашу бағытында облыста жұмыс жасауда. Олар былтыр банкте кепілдікте тұрған, банкротқа ұшыраған Ащысай полиметалл комбинатын аукционда 61 миллион теңге құйып сатып алды. Шикізатсыз өндіріс болмайды. Сондықтан бұл жағын да шетелдіктер қамтыған». Қытайлықтар озық технологияларды пайдаланып, Шымкенттегі қорғасын ...
Читать далее »Экономика
Экспортты еселемек
Түркістан облысында шығарылатын ойыншықтар бүгінде елімізден бөлек шетелдерде де сатылымға түсе бастады. «Наурыз пластик» кәсіпорнының басшысы Рабиға Байтемірованың айтуынша, Қырғызстан, Әзірбайжан және Молдавия елдерінің кәсіпкерлерімен келісімшарт жүргізіліп жатыр. 2011 жылы Қытайдан бір қондырғы әкеліп, ойыншық машина шығарады. Алғашында жүрексінгенмен, жұмыс біртіндеп жандана бастайды. Зауыттарын 2013 жылы толық іске қосты. Бүгінде ойыншықтың 20 шақты түрін шығарып отыр. Олардың қатарында «МАК» маркалы ...
Читать далее »Өндірісте оң нәтиже бар
Түркістан облысына қарасты Кентау қаласындағы «Восток-Минерал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан жалпы құны 138,4 млн. теңгені құрайтын барит өнімдерін өңдеу зауыты салынуда. Оның қуаттылығы жылына 50 мың тонна барит өңдеуге жетеді деп күтілуде. Кәсіпорынның негізгі шығаратын өнім түрі – барит өнімдері. Бүгінгі таңда қаншама жыл бойы тоқтап тұрған өндіріс орны қайта іске қосылды. Яғни «Южполиметалл ӨК» АҚ-ның кен байыту кешенін сатып ...
Читать далее »Болат құю зауыты ашылмақ
Биыл– елордамыз Астананың 20 жылдығын атап өтетін мерейтойлы жыл. Осы мақсатта Түркістан облысында «Астананың 20 жылдығына — 20 нысан» акциясы басталды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Аталған мереке қарсаңында облыста әлеуметтік және кәсіпорын сынды 20 нысан ашылып, ел игілігіне беріледі. Акция аясында Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан «Шымкент Темір» ЖШС-нің болат құю зауыты іске қосылады. Жалпы құны 4,2 млрд. теңге ...
Читать далее »Көкөніс сақтау қоймасын салмақ
Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Төле би ауданында болып, мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысын пысықтады. Әсіресе индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасының орындалу барысын жүйеледі. Облыс әкімі алдымен, Көксәйек ауылдық округіндегі «Keremet agro Group» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Кооператив 2017 жылы 40 га жерге қарқынды алма бауын еккен. Осы жұмыстар үшін 503 млн. теңге ...
Читать далее »Теңдесі жоқ технологиямен жабдықталған
Түркістан облысындағы іргелі кәсіпорындардың бірі «KARLSKRONA LC AB» ЖШС-нің серіктестігі бүгінде өнім өндіру көлемін арттырып келеді. Алып зауыт алыс және жақын шетелдерге экспорт көлемін 40 пайызға арттырып отыр. Еліміздегі индустриялық-инновациялық даму бағларламасы аясында мемлекеттік қолдау барысында жүзеге асқан кәсіпорын – машина жасау саласында алдыңғы қатарда тұр. Компания Орталық Азияда теңдесі жоқ заманауи технологиямен жабдықталған. «Бадам» индустриялық аймағында орналасқан кәсіпорынның жобалық ...
Читать далее »Баламалы энергия көзі ұлғайтылуда
Түркістан облысындағы 120 мыңға жуық халқы бар Төле би ауданы енді 5 жылдан соң тек өздерінде өндірілген электр қуатын тұтынатын болады. Қазір аймақта баламалы энергия көзін ұлғайтуға байланысты 7 ауқымды жоба жүзеге асуда. Атап айтқанда, Сайрамсу және Қасқасу өзендерінің бойынан 6 шағын су электр станциясы бой көтеруде. Оның ішіндегі бір станциясының құрылысы тамыз-қыркүйек айларында аяқталады. Құны 1,5 миллиард теңге болатын ...
Читать далее »Отандық шикізатты пайдаланады
Кезінде жеңіл өнеркәсіп саласының құрдымға кеткен кездері де болған. Бүгінде шүкір бұл саланың бойына қан жүгіріп, тамырын тереңнен тартып келеді. Түркістан облысында еліміз бойынша тұңғыш әрі жалғыз мақта-тоқыма кластері жұмыс жасайды. Аталған кәсіпорын индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасының игілігін көріп отыр. Мақта өсіру, иіру, тоқу, бояп-өңдеу және тігу сияқты бүкіл жұмысын қамтитын жалғыз тоқыма комбинаты – «AZALA Textile» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіоблыстағы іргелі кәсіпорындардың біріне ...
Читать далее »Енді меже — экспорт
Түркістан облысындағы «Қазақстандық темір-бетон бұйымдары» ЖШС өткен жылдың қаңтар айынан бастап өз өнімдерін өндіре бастаған . Құрал жабдықтың басым бөлігі шетелден әкелінген. Серіктестік мамандары алдымен маркетингтік зерттеу жүргізген. Темір-бетон бұйымдарының 114 түріне сұраныс жоғары екені анықталған. Бүгінде серіктестікте осынша түрлі бұйымдар шығарылады. Мамандар сапаға баса назар аударады. Соның нәтижесінде де зауыт өнімдері бүгінде үлкен сұранысқа ие. Облыстағы ірі ірі кәсіпорындар ...
Читать далее »Жеңілдіктің тигізер көмегі көп
Өндірісі өрлеген, экономикасы дамыған Түркістан облысы үшін енді өз алдына дербес бөлініп шыққаннан кейін дамудың дәуірі басталатын анық. Онсыз да өндіріс орындары экономиканы өрлетуге қарышты үлес қосып отырған болатын. Бүгінгі таңда «Оңтүстік» индустриалды аймағында 85 кәсіпорын орналасқан. Олардың 51-і қазіргі уақытта нақты өнім шығарып жатыр. Биыл жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны тағы үшеумен толықпақ. Индустриалды аймақтың кәсіпкерлерге ұсынатын жеңілдігі: біріншіден, ...
Читать далее »