Сауран ауданының орталығы Шорнақ ауылдық округінде құлпынай өсірумен айналысатын «МУХИТДИНОВ» шаруа қожалығы іске қосылды. Жеке кәсіпкер Алымжан Мұхитдинов жылыжай шаруашылығын дамытуға заманауи технологияны енгізіп, құлпынай өндірісін қолға алып отыр. 2024 жылы жұмысын бастаған жобаның инвестициялық құны 300 млн. теңгені құрайды. Жаңа технологиядағы жабық топырақтағы құлпынай аумағы – 0,7 гектар. Онда 10 азамат тұрақты жұмыспен қамтылған. Қожалық иесінің айтуынша, жылыжай 1 ...
Читать далее »Экономика
САЙРАМ АУДАНЫНДА ӨСІРІЛГЕН БАНАН МЕН ӨҢДЕЛГЕН ЖЕМІС ӨНІМДЕРІНЕ СҰРАНЫС АРТЫП КЕЛЕДІ
Түркістан облысында кәсіпкерлікті дамыту жолға қойылған. Өз кәсібін ашамын деушілерге мемлекеттік қолдаулар көп. Ниет білдіргендерге түрлі бағдарламалар арқылы жеңілдетілген несие де қарастырылған. Бұл бағытта сайрамдықтар да өз ісін дөңгелетіп отыр. Сайрам ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Дархан Сатыбалды Қайнарбұлақ ауыл округіндегі «GEN GROUP KAZAKSTAN» жылыжайына барды. Фермерлік жылыжай кешені 2023 жылдың маусым айында іске қосылған. 150 адам тұрақты жұмыс ...
Читать далее »ТӨЛЕБИЛІК ШАРУА ҮЙ ІРГЕСІНДЕ ҚҰЛПЫНАЙ ӨСІРІП, ПАЙДАҒА КЕНЕЛІП ОТЫР
Төлеби ауданына қарасты Бірінші Мамыр ауылдық округінің тұрғыны Зылиха Маусымбекова құлпынай өсіруді қолға алған зейнеткер. Ол үй іргесіндегі 5 соттық жерге 2 500 түп құлпынай егіп, аудандағы осы жеміс түріне артқан сұранысты тиімді пайдаланып отыр. — Құлпынай — жидектердің нағыз ханшайымы. Шырынды жидекті өсіруді былтырғы жылы бастадық. 2023 жылдың тамыз айында еккен құлпынайымыз қараша айында өнім берді, — деді зейнеткер. ...
Читать далее »КЕЛЕСТІК КӘСІПКЕР ЖИҺАЗДАН АЙЫНА 1 МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ТАБЫС ТАБАДЫ
Келестік кәсіпкер Талғат Нәби ағаштан үй жабдықтары мен жиһаз жасап, айына 1 миллион теңгеден астам табыс табады. Шикізатты Ресей мемлекетінен алдырады. Жеке цехында жергілікті 5 адамды жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпкердің айтуынша, тапсырыстың 80 пайызы ас үй жиһаздарына түседі. Сондай-ақ, шебер айына 10-ға жуық өнім дайындап, еліміздің барлық аймағына жөнелтеді. Бұл кәсіптің түрімен 7 жылдан бері айналысып келе жатқан ол биыл ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ ШАРУА ЖЫЛЫНА 1 МИЛЛИОННАН АСТАМ ГҮЛ ӨСІРЕДІ
Қазығұрт ауданындағы «Пасека-Бал» шаруа қожалығы жылыжай өндірісін дамытып отыр. 2010 жылы іске қосылған қожалықтың қазір 18 гектар егістік жері бар. Оның ішінде жылыжай көлемі – 1,46 гектар. Бүгінде шаруашылықта гүл өсіретін үш жылыжай бар. Онда жылына 1 миллионнан астам гүл қырқылады. Гүл бағында раушанның «Misty Bubbles», «Каталина», «Қара сиқыр» деп аталатын үш түрі өсіріледі. Шаруа қожалықтың төрағасы Азизбек Қасымовтың сөзінше, ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «БӘЙДІБЕК АТА» СУ ҚОЙМАСЫ САЛЫНАДЫ
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Түркістан облысының Жетісай және Мақтаарал аудандарының шаруаларымен кездесті. Нұржан Нұржігітов Түркістан облысында «Бәйдібек ата» су қоймасы салынатынын айтты. Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылысты осы жылдың соңына дейін бастауға ниетті. Сондай-ақ облыста суарудың үнемді жүйелерін дайындаумен және орнатумен айналысатын өзбекстандық OMAD Start компаниясының зауытын салу жоспарланып отыр. Бұл туралы шаруалармен кездесуге қатысқан кәсіпорын ...
Читать далее »ТҮРКІСТАНДА ЖЫЛЫНА 72 МЫҢ ДАНАДАН АСТАМ ӨНІМ ӨНДІРЕТІН КӘСІПОРЫН БАР
Түркістанда жылына 72 мың данадан аса темір-бетон бұйымдарын өндіруге қауқарлы «Нұр Строй ЛТД» ЖШС мекемесінің жұмысымен қала басшысы Нұрбол Тұрашбеков арнайы танысты. Ал кәсіпорынның осы күнге дейінгі жетістіктерін мекеме басшысы Жеңіс Аманбаев аралау барысында мәлімдеді. Аталған кәсіпорын 2008 жылы іске қосылған. Бүгінде мекемеде 200-ге жуық тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. Кәсіпорынның жылдық айналымы 6 млрд теңгеден асады. Сондай-ақ мұнда айына ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ ӨТКЕН ЖЫЛЫ «БІР ТЕРЕЗЕ» ҚАҒИДАСЫМЕН 65 ЖОБА ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛДЫ
Келес ауданында «Turkistan» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының Келес аудандық филиалы «Бір терезе» қағидасы бойынша кәсіпкерлерге қызмет көрсетіп келеді. Өткен жылы аталған орталықтың консалтинг бөліміне 285 адам келіп, оларға 1425 кеңес берілген. Ал рұқсат құжаттарын рәсімдеу бөлімінде азаматтарға 850 кеңес беріліп, 69 қызмет көрсетілген. Филиалдың жобаларды сүйемелдеу бөліміне 93 жоба жасалып, 65 жоба сүйемелденген. Биылдан бастап өз кәсібін дамытуға, жаңадан кәсіп ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА 970 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Нұрқожа Бекжанов айтты. Оның айтуынша, 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Түркістан облысының жалпы өңірлік өнім көлемі 2 трлн 699 млрд теңгені құраған. «Өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы көрсеткіш бойынша облыста негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі — 972 млрд 31,8 ...
Читать далее »ТҮРКІСТАНДА ШҰЛЫҚ ШЫҒАРАТЫН КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
«Түркістан» ӘКК» АҚ – ы тарапынан «TURKISTAN» индустриалды аймағындағы Brownfield өндірістік ғимаратына инвесторлар тартылып, шұлық және шұлық бұйымдарын шығаратын кәсіпорны іске қосылды. Қазақстан мен Қытай инвесторларының бірлескен жобасымен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды танысып, кәсіпорынды аралап көрді. Бұл жобаның құны – 1 млрд теңге. Кәсіпорын күніне 32 мың жұп шұлық шығаруға қауқарлы. 30 жұмыс орны ашылған. Облыс әкімдігінің қолдауымен инвесторларға ...
Читать далее »