«Қимылдағанның қыр асатыны» белгілі. Бүгінде кәсіпкерлік саласында бағын сынап көруге мүмкіндік мол. Мемлекеттік бағдарламалар да көмек қолын созады. Тіпті Үкімет тарапынан кепілдік беріліп, миллиондаған қаржы алуға да болады. «Бизнес Бастау» жобасы бойынша берілетін 18 млн теңгені қалай алу жолдары талайларды қызықтырғаны анық. Кәсіпкерліктің тасын өрге домалату үшін берілетін қаржыға қалай қол жеткізу жолдары арнайы семинарда жан-жақты түсіндірілді. «Оңтүстік» кәсіпкерлерге қызмет ...
Читать далее »Экономика
Облыстық бюджеттің қаржыландырумен 269 млн. теңгеге сатып алынды
Бүгінде әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын қалалардағы құрылыстың қарқын алуымен, халыққа барынша жағдай жасалуынан білінсе керек. Жуырда Кентау қалалық орталық ауруханасында инсульт орталығы ашылды. Аталған шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ербол Тасжүреков, Кентау қаласының әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев, Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев және медицина саласының ардагерлері қатысты. Аурухана базасында ашылған инсульт орталығы компьютерлік — томографиямен жабдықталды. Заманауи талапқа сай ...
Читать далее »Құрылыс қазаны қайнайды
Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың айтуынша, Түркістан облысына қарасты Шымкенттегі ауруханалар кезең-кезеңімен көшіріледі. «Медициналық мекемелердің жетіспеуі мәселесін шешу үшін барлық жұмыстар жүріп жатыр. Шымкентте орналасқан клиникалар және балалар ауруханасы сол жақта қала береді. Облыстық туберкулезге қарсы және жүйке аурулары диспансері, екі бірдей перинаталдық орталық жұмысы жалғаса береді. Мұндай тәжірибе Алматы облысында да, Астанада да бар. Себебі, шалғай ...
Читать далее »Мол өнім, таза табыс
Жетісай ауданына қарасты Шаблан Ділдәбеков ауыл округінде егістік жер көлемі 5450 гектарды құрайды. Оның 3120 гектарына мақта дәні себілсе, 96 гектарына қауын, 1229 гектарына қарбыз, 189 гектарына жүгері, 592 гектарына жоңышқа, 40 гектарына қырыққабат егілген. Аталған өнімді еккен шаруалар ауыл шаруашылығы алқаптарын цифрландыру жұмыстары жүргізілуде. Цифрландыру жұмыстары 65 пайызға орындалып отыр. Бұл туралы Жетісай ауданы әкімі Жамантай Бейсенбаевтың округ халқымен ...
Читать далее »Түркістанда құрылыс қызу жүргізілмек
Бұл туралы Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев мәлімдеді, деп хабарлайды басқарманың баспасөз қызметі. Келер жылдан бастап жаңа облыс орталығында бірнеше аурухана мен емханалар, перзентханалар мен заманауи талапқа сай емдеу орталықтары бой көтермек. Жобалау жұмыстарына шетелдік компаниялар да тартылады деп күтілуде «Бұл нысандар көрнекі үлгіде салынса деген ойымыз бар. Құрылысы да техникалық жабдықтау жағы да заманауи талаптарға сай ...
Читать далее »Инвестицияның шарапаты…
Түркістан облысында бүгінде ірі кәсіпорындар инвестицияның шарапатын көріп отыр. Жылумен қамтамасыз ететін «Энергоорталық 3» АҚ жоспарға сәйкес инвестициялық бағдарламаны іске асыруда. Алып кәсіпорында бүгінде станция жабдықтарын жаңғырту және жөндеу жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Бұған ҚР Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті ұйытқы болып отыр. 2016 жылы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің өңірдегі департаментімен «Энергоорталық3» ...
Читать далее »Түркістан облысында кәсіпкер жаңа мектеп салып берді
Түркістан облысының Төле би ауданында 100 орындық бастауыш мектеп ашылды, деп хабарлайды 24.kz. Таскешу елді мекенінде ел игілігіне берілген білім ұясы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынған. Жобалық құны 277 млн теңге болатын білім ордасында оқушыларға қажеттінің барлығы қарастырылған. Ойын алаңдары, спорт зал, медициналық бөлме, кітапхана және компьютерлік сыныптармен қамтылған. Мұнда оқушылар тек 4 сыныпқа дейін білім алады. Бұрын елді мекеннің балалары ...
Читать далее »Жүзім егіп, жер ананы жайқалтты
Биыл жері шұрайлы Түркістан облысында қарқынды бау көлемі 1 мың гектарға артпақ, деп хабарлайды «Оңтүстік» арнасы. Мемлекет қолдауының арқасында аймақтағы жеміс-жидек алқабы 29 мың гектарға жетті. Оның ішінде 3800 гектар алқап қарқынды баудың үлесінде. Ризығын жер анадан тапқан диқандар Ордабасы ауданында аз емес. Ауылшаруашылығы саласында жалпы ішкі өнімнің үлесі 5 есе артуы тиіс. Бұл Елбасының «Қазақстан-2050 » стратегиялық жоспарында көрсетілген ...
Читать далее »Жер асты жолының құрылысы қарқынды
Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданында салынып жатқан жерасты жолының бір бағыты бұйыртса биыл пайдалануға беріледі, деп хабарлайды «Оңтүстік» арнасы. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомагистральінің Шақпақ елді мекеніндегі тұсында қазір жұмыс қарқыны жоғары. Қазақстандағы ұзындығы жағынан ең ірі тоннель саналып отырған күре жол құрылысымен азербайжандық компания айналысып жатыр. Қазір онда 150-ге жуық адам жұмыс істеуде. Оның 50 әзірбайжандық, қалғаны жергілікті ...
Читать далее »Ауыл шаруашылығына инвестицияның берері мол
Түркістан облысы үшін инвестициялық форумның берері көп. Өңірдегі ауылшаруашылығы саласына байланысты жылыжай кешендері, қарқынды бақшалар мен агропарктер, сондай-ақ, машина жасау, жеңіл өнеркәсіп пен инфрақұрылым бағыттарына инвестиция тарту жұмыстары атқарылатынын жеткізді. Әсіресе, инвесторлар өңіріміздегі кен орындары мен өнеркәсіптерді игеру бойынша жаңартылатын энергия жобаларына қызығушылық танытуда. Іс-шараға келетін қонақтардың барлығымен алдын-ала келіссөздер жүргізілген, әр компания инвестициялық жобаларды іске асыруда сәтті тәжірибеге ие ...
Читать далее »