Бүгінде облыс орталығы болып мәртебесі биіктеген Түркiстан қаласында экономиканың басым бағыттарына баса көңіл бөлінбек. Әсіресе кәсiпкерлiктi, ауыл шаруашылығын және туризмдi дамытуға баса мән берiлмек. Әсiресе, өнеркәсiп жетекшi салаға айналуы тиiс. Себебi, жаңа өндiрiс орындары ашылса ғана жұмыссыздық азаймақ. Бүгінде Түркістандағы индустриалды аймақта көптеген жобалар жүзеге асырылып жатыр. 2018 жылдың қаңтар-наурыз айларында индустриалды аймақтағы кәсiпорындардың өндiрген өнiм көлемi 343,3 млн теңгенi ...
Читать далее »Экономика
Қарқынды жүзім бау шаруашылығы дамытылуда
Түркістан облысындағы Төле би ауданында ауыл шаруашылығы саласында даму қарқыны жоғары. Алма бауымен атағы алысқа кеткен ауданда бүгінде жүзім шаруашылығын да дамыту қолға алынған. Биыл қарқынды жүзім егу межесі 10 гектар деп жоспарланса, оның орындалғаны 5,1 гектарға жетті. Яғни, меже 51 пайызға орындалды. Алдағы жылдары тағы да жүзім баулардың аумағын арттыру жоспарда бар. Өйткені таулы ауданда жүзім жақсы өсіп жетіледі, ...
Читать далее »Экспорт көлемін көбейту қажет
Түркістан облысы әкімдігі және «ОҢТҮСТІК» АИО-ның ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының Ұлттық экспорттық стратегиясы» 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша кеңейтілген жұмыс жиналысы өтті, деп хабарлайды «Түркістан» газеті. Облыс тарапынан экспорттық әлеуеті бар кәсіпорындарға кешенді қолдау көрсету мен дамыту тұрғысы талқыланған жиында экспортталатын өнімдердің көлемін ұлғайту мен өнім сапасын арттыру жайы талқыланды. Жоғарыда аталған бағдарламаның басты мақсаты – 2022 ...
Читать далее »Құрылыс қызу жүргізілуде
Бүгінде Түркістан облысында құрылыс саласының бойына қан жүгіріп, тоқтаусыз даму жолына түскен. Ауылда да, ауданда да, облыс орталығында да қайнаған құрылыс… Жаңа оқу жылына — жаңа мектептер. Сарыағаш, Келес аудандарында бірнеше су жаңа білім нысандары пайдалануға берілді, деп хабарлайды «Отырар.кз». Аудандарға іс сапармен барған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Енді бала саны жыл санап артып келе жатқан ...
Читать далее »Инвестициялық жоба дайындалды
Түркістан облысындағы Келес ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі А.Есбаевтың төрағалығымен жиын өтті, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасары, аппарат басшысы, бөлімше басшылары, және тиісті мамандар, ауыл, ауылдық округтердің әкімдері, ветеринария бөлімінің басшысы, ауылдық ветеринария пунктердің меңгерушілері, АІІБ ЖПБ басшысы, аудандық (РЭС) электр жүйелері мекемесінің басшысы, аудандық аурухана басшысы және аудандық емханалардан аға дәрігерлері қатысты. ...
Читать далее »Құрылыс экономиканың күретамыры
Құрылыс экономиканың күретамыры. Бүгінде жаңадан құрылған Түркістан облысында құрылыс қарқынды түрде жүргізілуде. Әсіресе мектеп құрылыстарына көптеп көңіл бөлінуде. Жетісай ауданында 300 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді. Құзылқұм ауылдық округіне қарасты Ақтөбе елді мекеніндегі білім ұясының ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қатысты. Ата-аналар мен оқушылардың қуанышымен бөліскен облыс басшысы алдағы жылы өңірде 40-қа жуық білім ұясының құрылысы басталатынын айтты. ...
Читать далее »Түркістандық диқандар биыл қауын-қарбыздан 1 млн 330 мың тонна өнім алған
Түркістан облысының диқандары биыл 61,4 мың гектар жерге қауын мен қарбыз еккен. Одан 1 миллион 330 мың тонна өнім алды, деп хабарлайды 24.kz. Оның ішінде бақша дақылдарын жинаудан жыл сайын рекордтық көрсеткішке қол жеткізетін мырзашөлдік бағбандардың еңбегін айрықша атап өтуге болады. Осыған орай Жетісай мен Мақтарал аудандарында «Қауын fest» фестивалі өткізілді. Нұралы Сұлтанбеков фестивальға Мақтарал ауданының Жаңа жол ауылынан келген. ...
Читать далее »«Бизнес бастау» — ауыл азаматына медеу
Мемлекеттік «Бизнес бастау» жобасы ауылдағы ағайынның кәсібін жандандыруға сеп болып отыр, деп хабарлайды «Оңтүстік» арнасы. Өткен жылдың өзінде «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша елімізде 3500 бизнес-жоба қаржыландырылған. Соның арқасында жұмыссыздар қатары азайып, Созақ ауданында оң нәтиже көрсетуде. Түркістан облысындағы Созақ ауданында Жұмыспен қамтудың әлеуметтік бағдарламасы шеңберінде айқымды істер атқарылуда. Бұл бағытта 34 адамды жалпы сомасы 204 ...
Читать далее »Теңдесі жоқ бекет тікелей ет экспорттайды
Түркістанда ірі мал сою бекеті ашылды, деп хабарлайды «Оңтүстік» арнасы. Жеке кәсіпкер есебінен еңсе тіктеген бекет енді жаңа облыс орталығында ет экспортының артуына ықпал етпек. Алып кешенде тәулігіне 300-ден астам ірі қараны союға болады. Заманауи мұздатқыш етті бұзбай, кез-келген жерге тасымалдауға мүмкіндік береді. Мұндағы жұмыстың уақытылы бір жүйеге қойылғаны сол: мал еті тікелей шетелге экспортталады. 105 млн. теңгеге салынған бұл ...
Читать далее »Экспорттаушы компанияларға кешенді қолдау көрсетілмек
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Е.Тасжүреков облысымыздың 30-дан аса экспорттық әлеуеті бар кәсіпкерлерімен кездесіп, олардың жеке қажеттіліктерімен танысты. Жиынға Түркістан облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы және кедендік декларацияны бақылау бөлімінің басшылары, сондай-ақ, «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ, «Атамекен» РКП» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының және «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамының Түркістан ауданы бойынша аймақтық филиалдары және «ОҢТҮСТІК» ...
Читать далее »