Экономика

Түркістанда 300-ден астам кәіспкер кәсібін бастаған

Түркістан облысында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында 300-ден астам кәсіпкерге несие берілген. Жалпы, осынау жұмыстарға 2018 жылға 3,282 млрд теңге қаржы қаралып, несиелендіру жұмыстары жүргізілуде. 2018 жылдың І жарты жылдығында атқарылған жұмыстардың ішінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы облыстық филиалы арқылы 260 тұлғаны несиелендірілсе (1 122,5 мың теңге), оның 184 бірлігі мал ...

Читать далее »

Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа тұжырымдамасы түзіледі

Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінде өткен селекторлық жиында өңір басшысы Жансейіт Түймебаев аудан, қала әкімдеріне айтып, ауыл шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарын әзірлеуді тапсырды. Ендігі кезекте облыстың экономикалық драйвері ауыл шаруашылығы саласы екенін алға тартқан әкім саланы мықтап қолға алу қажеттілігін міндеттеді.  Күн тәртібі бойынша «Түркістан облысы агроөнеркәсіп кешенінің 2017-2021 жылдардағы (АӨК) даму бағдарламасының» 2018 жылдың 6 айының қорытындысын жасаған облыстық ...

Читать далее »

Қырдағы қырманда

Ымырт үйірілген шақ. Қырман басы әлі де қарбалас. Камаз автомашиналары арпаны бөлек, бидайды бөлек түсіріп жатыр. Бұрынғы кеңес үкіметінен қалған қырман қондырғыларының бірқатары жұмыс істеп тұр, көбісі жаңаланған. Әудем жерді алып жатқан қырман басында қырдай үйілген астықты кептіру, тазалау жұмыстары басталған. Қырман басында еңбектеніп жүрген 6 адам, меңгеруші Мәлік Мастанбековтың басшылығымен өз қызметтерін атқарып жүр. Бірі таразы басында тұрса, қалғандары ...

Читать далее »

Тоқшылықтың белгісі…

Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданындағы Арыс ауылдық округіне қарасты «Сүйіндік» шаруа қожалығының мүшелері бүгінде қызу еңбек майданында жүр. «Сүйіндік» шаруа  қожалығының төрағасы Мелдебек Тайлиев «Біздің «Сүйіндік» шаруа қожалығын құрғанымызға ширек ғасырдан асса, Елбасымыздың ірілендіру саясатын қолдау мақсатында аудан әкімінің шешімімен 2007 жылдан бері бізге «Берік», «Барыс» шаруа қожалықтары біріктіріліп, үлкен ұжым болып еңбек етіп келеміз. Осылайша қарамағымыздағы 85 жанұяны қамтып ...

Читать далее »

Еңбек айдынында — «дала кемелері»

Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданындағы Арыс ауылдық округіне қарасты «Сүйіндік» шаруа қожалығының мүшелері бүгінде қарбалас сәтті бастан өткеріп жатыр. Өйткені, мұнда көптен күткен астықтарына орақ түсіп, «дала кемелері» егістік алқаптарын қызу еңбек дүбіріне айналдырып жүр. «Біздің қарамағымызда 1150 гектар жер бар, — дейді аталмыш шаруа қожалығының төрағасы Мелдебек Сүйіндікұлы Тайлиев. – Өткен жылы оның 650 гектарына бидай, 300 гектарына мақсары, ...

Читать далее »

Саланы дамытып, сапалы өнім алу мақсаты тұр

Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданында бүгінде мал шаруашылығын дамыту бағытында көптеген жұмыстар атқарылып келеді. Бүгінде мал басын көбейтіп, мал бордақылаумен айналысатын, сүт өнімдерін қайта өңдеумен айналысатын өндірістік кооперативтер көп. Жанұялық мал бордақылау алаңдарын құру бойынша  Түлкібас ауданында 4 ауыл шаруашылық кооперативі бар.  Түлкібас поселкесінен – «Мираш», Кемербастау  ауылдық окруігінен «Жаулыбай», Арыс ауылдық округінен «Асин», Рысқұлов  ауылдық окруігінен «Қазақбай» ауыл шаруашылығы ...

Читать далее »

«Ет Агро-Манкент» — даму үстінде

Түркістан облысы Сайрам ауданындағы «Ет Агро-Манкент» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі 2014 жылдан бастап жұмысын бастаған болатын. Әу баста Мемлекеттік бағдарлама бойынша пилоттық жоба негізінде құрылды. «Ырыс» микроқаржы ұйымымен  алғашқы қаржыландыру 9 млн. теңгемен жұмысын бастады. Жұмысын енді бастаған шақта құрамында 4 мүше болған. Бүгінде өндіріс ауқымын кеңейтіп келеді. Кооперативке мүше болғандар және пилоттық жобамен мини кредит алған шағын субъектілер мен ...

Читать далее »

Модульді сүт қабылдау бекеттері ашылуда

Түркістан облысындағы Түлкібас ауданында «Түркібас-ата» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі аудан тұрғындарына бордақылап өсірген ірі қара, жылқы, қойларды санитарлық-гигиеналық талаптарға сай сатып, оны сақтап өткізу жұмыстарымен айналысады. Қазір Рысқұлов ауыл округінен «Адал» шаруа қожалығының  басшысы Асқар Сакиев 3000 бас мал бордақылау және ет өңдеу кешенін салуда. Биылғы жылғы үш жақты келісімшарт бойынша берілген ет өңдеу кәсіпорнын салу жоспары мен 16,9 мың ...

Читать далее »

Қайта өңдеу саласында өрлеу бар

Түркістан облысындағы Сайрам ауданы бойынша ағымдағы жылдың 5 айында өнеркәсіп өнімінің көлемі 17 миллиард 234 млн.теңгені құрады. 2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 27,8 пайыз өсім байқалады. Оның ішіндегі өңдеу өнеркәсібі саласында 14 миллиард 900 миллион теңгенің өнімі өндірілген, өсім 32,5 пайыз. Өңдеу өнеркәсібінің 49 пайызын қайта өңдеу кәсіпорындары құрайды. Қайта өңдеу саласының кәсіпорындары есепті мерзімде 7,0 миллиард теңгенің өнімін өндірген, ...

Читать далее »

Мал шаруашылығын дамыту басты міндет

Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданында бүгінде мал шаруашылығын дамыту үшін жоспарлы жұмыстар жалғасып келеді. 2011-2018 жылдар аралығында барлығы 2998 бас ірі қара мал алынды. Мал шаруашылығын дамытудың 2014-2018 жыл аралығындағы орындалуына көз жүгіртсек,  «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 1170 бас уақ мал, «Құлан» бағдарламасымен 582 бас жылқы, табынға алынған асыл тұқымды бұқа саны 100- ге жетіп, алынды. Осы бағдарламалар бойынша жанұялық ...

Читать далее »