Түркістан облысында соңғы екі тәулікте COVID-19 індетімен ауырған науқастар тіркелмеген. Өңірде коронавирусқа қарсы вакцинациялау қарқынды жүргізіліп жатыр. Облыста пандемия басталғалы КВИ-дің 15748 жағдайы тіркелді. Оның 7746-ы симптомсыз өткен. Бүгінде облыс – «жасыл аймақта». Қазір инфекциялық стационарларда 680 орын бар. Оның 569-і бос тұр. Сондай-ақ бүгінге дейін 1 162 707 ПТР сынамасы алынған. Сонымен қатар вакцинация қарқынды жүріп жатыр. ...
Читать далее »Әлеумет
Шымкентте 16 жастағы қыз 5-қабаттың терезесінен құлап кетті
Шымкентте 16 жастағы қыз бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті. Зардап шегушінің жағдайы өте ауыр, ол жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы «OTYRAR» телеарнасының «Жедел шақырылым» бағдарламасының тілшілері хабарлады. Оқиға 20 желтоқсанда «Асар-2» шағын ауданында болған. Бұл өз-өзіне қол жұмсау әрекеті ме, оны полиция анықтайтын болады.
Читать далее »Сәбилер «Сүйінші» алды
Шымкентте мереке күндері 238 сәби дүниеге келді. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай олардың аналарына «Сүйінші» атты естелік бэби-бокстар табыс етілді. «Сүйінші» сыйқорабына бөбектерге қажетті заттардан басқа ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау тілегі жазылған ашық хат, «Тәуелсіз Қазақстанға 30 жыл» монетасы мен баланың тууы туралы куәлігі салынған. «Айналайын, бөбек! Сенің туған күнің еліміздің ең басты мерекесімен тұспа-тұс келді. Өзің дүние есігін ...
Читать далее »Балалар тегін ыстық тамақпен қамтылатын болады
2022 жылы 103 мыңнан астам Шымкент қаласының 1-4 сынып оқушылары мектеп асханаларында тегін ыстық тамақпен қамтылатын болады. Депутаттық сауал арқылы бюджеттен келесі жылға 8 млрд. 219,8 млн. теңге бағытталып отыр. Бүгінгі таңда «Nur Otan» партиясының әлеуметтік топтарға бағдарланған 6 партиялық жобасы іске асырылуда. Ағымдағы жылдың өзінде партиялық жобалар аясында 1152 іс-шара өткізіліп, 13.205 азамат қамтылды. Соның ішінде «Бақытты ...
Читать далее »Б. Позилов Pfizer компаниясының вакцинациясы туралы тікелей эфирде сұхбат береді
Бүгін, 20-желтоқсан күні сағат 19:00-де Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Позилов Бақытжан жасөспірімдер мен жүкті әйелдерге, емізулі аналарға салынатын Pfizer компаниясының вакцинациясы турасында тікелей эфирде сұхбат береді. Тікелей эфирді @bakhytzhan_pozilov инстаграм парақшасынан көруге болады. Вакцинацияға қатысты сауалдарыңыз болса, басқарма басшысына тікелей эфирде сауал жолдаңыз.
Читать далее »Түркістан: Тәуелсіздік күні 200-ге жуық сәби дүниеге келді
Тәуелсіздік күні, яғни, 16 желтоқсанда Түркістан облысында 190 сәби дүниеге келді. Соның ішінде 96 ұл бала болса, 94-і — қыз бала. Бүгінде нәрестелер мен аналардың жағдайы жақсы. Түркістан қаласындағы №3 Облыстық перинаталды орталығында 36 сәби дүниеге келген. Айта кетейік, мереке күні кезекші ауысымда нәресте мен анаға күтім жасайтын жоғары білікті дәрігерлер, тәжірибелі акушерлер мен медбикелер жұмыстарын жоғары деңгейде атқаруда. Елімізде ...
Читать далее »«DENSAULYQ» қоғамдық бірлестігі Тәуелсіздік күніне қайырымдылық көмек көрсетті
Биыл Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Бұл –қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін айқындайтын маңызды белес. 16 желтоқсан «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында іс-шаралар өткізді. Мереке қарсаңында бастауыш кәсіподақ ұйымдары мүшелерінің тұрмыс жағдайын қолдау мақсатында 223 кәсіподақ мүшелерінің отбасыларына материалдық және қайырымдылық көмек көрсетілді. Бұл игі шараның мақсаты ...
Читать далее »«Экопатруль» жобасы Семей қаласының экологиялық проблемаларына назар аударады
Балалар мен ересектерге экологиялық білім беру саласындағы «Экопатруль» жобасы экологиялық мәселелерді шешу үшін қоғамдық белсенділердің, волонтерлердің және қаланың білім беру мекемелерінің күштерін жұмылдыруда. Жоба Орталық Азияның Еуразия қорының «Шеврон» компаниясыменәріптестікте әзірлеген «Qolda 3.0» жедел көмек бағдарламасы аясында «Отбасы орталығы» қоғамдық қорымен жүзеге асырылып келеді. Жоба аясында қаланың қоғамдық топтары ШҚО Жол картасы бойынша экологиялық мәселелерді талқылауға қатысты. Жол картасы жаңа қоқыс өңдеу зауытының қызметі, қоқыс полигонының жерлерін пайдалану, қатты тұрмыстық қалдықтарды ...
Читать далее »DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» медицина қызметкерлеріне сый жасады
Тұңғыш Президент күніне орай «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі медицина қызметкерлеріне сый жасады. Тұңғыш Президент күнінің тойланып келе жатқанына он жылдың жүзі болды. Атаулы мерекенің еліміз үшін маңызы зор екендігі аян. Бүгінде еліміз дамудың даңғыл жолына түсіп, әлемнің озық елдерінің қатарынан орын алды. Атаулы мереке күні еліміздің өркендеп, өсуі үшін аянбай тер төгіп келе жатқан мамандардың ...
Читать далее »Алматыда онкология және радиология орталығы ашық есік күндерін өткізеді
Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына! 2021 жылдың 20 және 27 қарашасында (сенбі күндері) Қазақ онкология және радиология ҒЗИ-да 09:00-ден 14:00-ге дейін халыққа арналған ашық есік күндері өткізіледі! Акция Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орайластырылған. Акция шеңберінде жетекші онколог мамандардан халықтың келесі санаттары тегін кеңестер ала алады: – 18-25 жастағы қыздар мен әйелдер: онкогинекологтың консультациясына, онкоцитологияға сүртінді алу және ...
Читать далее »
Ел тұмар Ақпараттық портал
