Әлеумет

Инновациялық жобалар пайдаланылуда

Шымкенттің қай тарабына қарасаңыз да бүгінде көкке мойын созған алып құрылыс крандарын байқауға болады. Бұл өз кезегінде қалада құрылыс қазанының қайнап жатқанын көрсетеді. Сапалы құрылыс материалдарын пайдаланатындықтан үйлердің көркі көз тартарлықтай. «Ақылды үй» жобасымен салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлер басым. Заманауи үлгіде салынып жатқан баспаналарда инновациялық жобалар пайдаланылуда. Шымкентте көп қабатты 60 тұрғын үй салынуда. Жалпы ауданы 208 202,9 шаршы ...

Читать далее »

Шымқала алып құрылыс индустриясына айналды

 Бүгінде үшінші мегаполисте мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы жоғары деңгейде орындалуда. Осы тарапта атқарылып жатқан жұмыстар ауқымды. Мегаполис мәртебесін иеленген қала алып құрылыс индустриясына айналды. Тұрғындардың баспаналы болуы үшін мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының шарапаты тиюде. Жалпы, Шымкентте барлығы 37 628 азамат баспана кезегінде тұр. Шымкент қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының берген мәліметі бойынша Шымкентте тұрғын үй тізімінде тұрғандардың жалпы ...

Читать далее »

Үкіметтік емес ұйымдардың басты мақсаты халықпен тығыз байланыста болу

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева Шымкент қаласындағы қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті. Жиынға Шымкент қаласы әкімінің бірінші Қайрат Нұртай, қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Жанар Бектаева қатысты. Жиында сөз алған ҚР Президентінің көмекшісі – Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева Азаматтық Альянс пен үкіметтік емес ұйымдардың басты мақсаты халықпен тығыз ...

Читать далее »

Бағдарламалар белсенді насихатталуда

Шымкент қаласына қарасты Қаратау ауданында мемлекет тарапынан қолға алынған бағдарламаларды насихаттау жұмыстары жалғасуда. «Атаулы әлеуметтік көмектің» 2020 жылдың 3 қаңтарынан енгізілетін жаңа сипатын түсіндіру бойынша құрылған ақпараттық насихаттық жұмысшы топ өкілдері Шымкент қаласы жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік секторынын маманы Журимбаева Саиида Исагалиевна, ААҮМККЕАҚ – ның Шымкент қаласы бойынша филиалы әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі Қаратау ауданының бас маманы Абсейітұлы Төрехан, Қаратау ауданы ...

Читать далее »

Қайырымды істер жалғасын табуда

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтахановтың «Шымкент – Қайырымды» қала жобасы жалғасын табуда. 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай қалаға қарасты Қаратау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Азат» шағынауданындағы тұрмыс жағдайы төмен отбасылар азық — түлікпен қамтамасыз етілді. Әкімдік аудан аумағындағы көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға қолдау көрсетуді назардан тыс қалдырған емес. Қала әкімінің қайырмды жобасы алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Читать далее »

Қажетті инфрақұрылым толық жеткізілмек

Шымкенттің бел ортасы саналатын Әль Фараби ауданындағы үйлердің біразы жөндеуді қажет етеді. Онда орналасқан 672 көпқабатты тұрғын үйдің 95 пайызы өткен ғасырда салынған нысандар. 2000-шы  жылдан бері 28 жаңа үйдің ірге тасы қаланыпты. Күні бүгінге дейін 70 ке жуық нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліпті. Қалған үйлерді жаңғырту жұмыстары  келесі жылдың жоспарында бар.Ағымдағы жылы мемлекеттік – жекеменшік әріптестік аясында 100 аулаға ...

Читать далее »

Инфрақұрылымды дамытуға да септесуде

Инфрақұрылымды дамытуға да септесуде Шымкент экономиканың өзегі–өндіріс орындарының көптігімен мақтантын халге жетті. Шаһардағы темір бетон өнімдерін шығаратын «DALA-CONSTRUCTION.KZ» кәсіпорны сөзіміздің айғағы. Зауыт Ел нарығын жүз пайыз қамтып отыр. Негізінен отандық шикізатқа иек артқан зауыт өнімдері  ел аумағымен қатар, көршілес Қырғыз еліне де тарап жатыр. Қуатты өндіріс орнында 200-ден астам жұмысшы екі ауысымда еңбек етеді. Жобаның жалпы құны – 870 млн. ...

Читать далее »

Шымкентте бюджеттің кіріс көзі көбейген

Шымкентте ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің кіріс көзі 104 пайызға артық орындалған. Яғни қазынаға қосымша 5,3 миллиард теңге құйылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12 миллиардқа көп. Департамент қызметкерлері мүлік салығын есептеу жұмыстарына ден қойған. Мамандар сауда орындары мен қонақүй қожайындарының мемлекетке берешегін қайта қарауда. Тексерулер нәтижесінде 19 қоғамдық тамақтану орындарының табыс көлемі 5 есеге артқан. Ал, жалдамалы ...

Читать далее »

Инфрақұрылымға жауапты мекемелер дер кезінде іс қылады

Шымкентте қолға алған жобалар аяқсыз қалмайды. Осы мақсатта арнайы Жобалық кеңсе жұмыс істейтін болды. Қалада атойлап басталған кейбір жобалар аяқсыз қалып жатады. Болмаса көптеген кедергінің кесірінен мерзімінде үлгермей қалады. Осы мәселені қозғаған шаһар басшысының орынбасары Ербол Садыр жаңа жобаның тиімділігіне тоқталды. Енді әрбір жоба қатаң бақылауда болатынын жеткізді. Ербол Садыр – Шымкент қаласы әкімінің орынбасары «Кейбір жобалар басталып аяқсыз қалып ...

Читать далее »

Мемлекеттік бағдарламаның берері көп

Атаулы әлеуметтік көмек жан бағуға емес жағдайды жақсартуға бағытталған. Беріліп жатқан шартты көмектің салмағы да басым. Қаржыдан шашау шығармай үнемдеп іс бастағанның бірі Смайыловтар отбасы. Бұрын әр жерде жалданып жұмыс істеген Дінмұхамед Смайылов мемлекеттік бағдарламаға дән риза. Отбасының тірегі шартты көмек арқылы  өз кәсіпорынының егесі атанды. Алғашқы берілген 300 мың теңгеге жуық ақшаға пластикті кез-келген градуста кесетін құрал мен жұмыс ...

Читать далее »