Әлеумет

«Атадан өсиет – анадан ұлағат»

  Созақ ауданында «Атадан өсиет – анадан ұлағат» атты ұлттық дәстүрге негізделген байқау өтті. Мәдени шарада қазыналы қарттарымыз ұлттық құндылықтарымызды насихаттап, салт-дәстүрімізді дәріптеді. Байқаудың негізгі мақсаты-  отбасылық құндылықтарды сақтау, жастарға дұрыс тәрбие беру, кейінгі ұрпаққа үлгі көрсету. Аталған сайысқа ауданның ауыл округтерінен құралған 13 топ қатысты.  Үміткерлер байқау шартына сәйкес «өздерін таныстыру», «салт-дәстүрлерден қойылған сұрақтарға жауап беру», «Ұмытылып бара жатқан ...

Читать далее »

Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетілмек

Бүгін 30 қараша күні «Нұр Отан» партиясы «Өркениет» бастауыш партия ұйымының бастамасымен Түркістан жоғары аграрлық колледжінің оқытушылар қауымы білім алушылар үшін қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды. Яғни ұстаздар өз шәкірттеріне арзандатылған төмен бағада тағам түрлерін ұсынды. Жәрмеңкеден түскен қаржы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек ретінде берілмек. Бұл бір жағы студенттердің қолжетімді бағада тамақтану үлгісі болса, бір жағы ұстаздардың өз студенттеріне үлгі бола ...

Читать далее »

Отбасындағы татулық — сыйластықтың негізінде құрылады

30 қараша күні Түркістан жоғарғы аграрлық колледжінде «Әйелдерге қатысты Зорлық — зомбылықсыз 16 күн » атты іс — шара өткізілді. Аталмыш іс -шараны колледждің білім алушыларымен Әйелдерді зорлық — зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция майоры Моминова Гүльчеxра Октамбековна, полиция майоры Бектемисова Гүльвира Түлейбергенова, полиция майоры Төреxанова Ақмарал Төреxанқызы, полиция лейтенанты Тойшиева Бубира Турдиевна жүргізді. Бүгінгі студент жастар — ертеңгі отбасының тұтқасын ...

Читать далее »

АДАМҒА БІЛІММЕН ҚАТАР, ТӘРБИЕ БЕРІЛУІ КЕРЕК

 Қазіргі қоғамда өмірді терең түсінетін, заман талабына сай дамыған азамат қалыптастыруда мектепке дейінгі білім мен тәрбиенің мәні зор. Жас балғын ұрпаққа тәрбие беріп, оларды өмірге белсенді етіп шығаруда атқаратын жұмыстарды жүзеге асыру білікті тәрбиешінің қолында. Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ. Қазіргі балабақша жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту — оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, шығармашыл педагог, ойшыл ...

Читать далее »

Жат қылықтарға бейім балалар көбінде ата-анасының мейіріміне мұқтаж

  29 қараша күні Төлеби ауданы Тасарық ауылдық округіне қарасты Т.Тоғысбаев жалпы орта мектебінде аудандық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметі» секторының ұйымдастыруымен жастар мен жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсау, зорлық-зомбылықтың және ерте жүктіліктің, келеңсіз жат қылықтардың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Өзіне өзі қол жұмсауға негізінен отбасындағы, мектептегі және достарының орта­сындағы қарым-қатынастар себепші болуда. Ал өз ...

Читать далее »

«Шаңырақ» отбасы клубының ұйымдастыруымен кездесу өтті

Үстіміздегі жылдың 29  қарашасы күні Жетісай ауданы Асықата кентіне қарасты №15 колледжінде аудандық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және «Шаңырақ» отбасы клубының ұйымдастыруымен 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні мерекесіне орай «Елбасы – елдің тірегі» атты кездесу кеші өтті. Кездесуде тәуелсіз Қазақстанның іргесін қалап, шекарасын шегелеп, болашаққа бағыт-бағдар беруде Тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі ұшан-теңіз екендігін айтып ...

Читать далее »

Өз балаңа үлгі бол

28 қараша күні Арыстағы С.Қожанов және И.Журба жалпы орта мектебінің ата-аналарына «Өз балаңа үлгі бол» жол картасы жобасы аясында кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасында тұрмыстық зорлық-зомбылық, құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу, өз-өзіне қол жұмсаудың, сондай-ақ қыздар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында кездесу өтті. Барлық өнеге отбасынан тарайды.Халық жанұядағы тәрбиеге ерекше көңіл бөлген. Халық арасында  «таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын» деген ...

Читать далее »

Жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында семинар өткізілді

Отырар ауданы, Темір ауылдық мәдениет үйінде орналасқан Темір ауылдық кітапханасында «Жастардың ақпараттық мәдениетін қалыптастырудағы кітап оқудың әсері» атты аймақтық семинар өткізілді. Отырар аудандық балалар кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткізілген семинарға 23 ауыл округіндегі ауылдық кітапханалардың меңгерушілері қатысты. Семинар мақсаты – жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітапханалар арасында байланыс орнату, жинақталған тәжірибелермен алмасу. Бас қосуда аудандық орталық кітапхананың кітапханаларды дамыту бөлімінің ...

Читать далее »

Зайырлы қоғамда өскен ұрпақ теріс әдеттердің шырмауына түспеуі тиіс

26 қараша күні  Көксәйек көпсалалы-техникалық колледжінде жастарды кереғар діни ағымдардың жетегінен сақтану, түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Шымкент қаласы бас имамы , Төлеби ауданы бойынша теолог маман Тұртаев Асан Қартабайұлымен кездесу өтті. Кездесу барысында колледж жастары өздерін толғандырған сауалдарға жауап алды. Кереғар ағымдардың халыққа тигізер зияны орасан екені айтпаса да түсінікті. Зайырлы мемлекетімізге үлкен қауіп төндіріп отырған мұндай ұйымдардың жұмысына тосқауыл ...

Читать далее »

«Дәстүріңді баққаның — үмітіңді жаққаның»

27 қараша күні Сарыағаш ауданы Тегісшіл ауылдық округі Таскескен елді мекеніндегі С. Торайғыров атындағы орта мектебі және Мәдениет елді мекеніндегі М.Жұмабаев атындағы жалпы орта мектебінің мәжіліс залында «Дәстүріңді баққаның — үмітіңді жаққаның» атты тақырыбы аясында мектеп оқушыларымен кездесу өткізілді. Кездесуге Түркістан облыстық және аудандық «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теолог мамандары қатысты. Теолог маманы Омаров Бағлан қарапайым тілмен ...

Читать далее »