Әлеумет

Түркістан облысында жыл басынан бері сегіз үшем дүниеге келді

Түркістан облысында 23 жастағы келіншек дүниеге үшем әкеліп, көпбалалы ана атанды. Келес ауданы, «Бірлік» елдімекеніндегі Түктібаевтар әулетінде үлкен қуаныш. Аяжан Төленді есімді келіншекті облыстық №1 перинаталдық орталық дәрігерлері босандырып алды. Қазір сәбилердің жағдайы жақсы. Төрәлі, Фатима, Зәуре. Бұл – 3-қыркүйек күні дүние есігін ашқан бөбектердің есімі. Туылғанда әрбір баланың салмағы шамамен 2 келі болған. Үшемдер ай-күніне жетпей, 7 айлығында шала ...

Читать далее »

Отбасылы — бақытты жандар

«Отбасылы — бақытты жандар». Отбасы күні мерекесі Қазығұрт ауданында кең көлемінде аталып өтті. Мақсат – жанұя құндылықтарын халық санасына сіңіріп, елдің демографиялық дамуына үлес қосу. Шара аясында аудан жастары да қарап қалмады. Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» дүние есігін ашқан сәбилердің аналарын құттықтап, қуанышқа бөледі. Отан — отбасынан басталады.  Отбасы күні — Елбасы Жарлығымен бекітілген еліміздегі мерейлі мерекенің бірі.  Айтулы датаны  атап ...

Читать далее »

«Отбасы» аллеясында балалар алаңшасы ашылды

Шымкенттегі «Отбасы» аллеясында балалар алаңшасы ашылды. Игілікті іске мұрындық болған «Қазақстан Халық Банкінің» Түркістан облыстық филиалы балғындарға қуаныш сыйлады. Әл-Фараби ауданы әкімдігінің бастамасымен қолға алынған шара қаржы компаниясының «95 жыл – 95 игі іс» жоспары аясында жүзеге асып отыр. «Отбасы» аллеясы Қошқар ата өзенін бойлай орын тепкен. Сəн-салтанаты жарасқан саялы демалыс орны мегаполис тұрғындары үшін таптырмайтын серуен алаңы. Мұнда жергілікті ...

Читать далее »

Үйдің берекесін кіргізетін әйел

Қариясы бар үй — қазына.  Әсіресе, әулеттің әрін келтіріп, кейінгі ұрпағының құлағына  ізгі ақылын құйып, өмірдің жөн—жосығын көрсете жол сілтеп отырар аяулы әжең болса, ол бір алтын көмбемен тең ғой. Осы күні әлдеқандай қария кісіні жазғыратындар, көпе—көрінеу сөгетіндер де табылады. Мұндайда әдемі қартая білу де өнеге ме дерсің?!             Көкірегі өсиет пен шежіреге толы, көненің көзін көрген, үрім-бұтағы десе аузында ...

Читать далее »

Дәстүрді жаңғырту ұрпақтар сабақтастығын жалғайды

«Бесік жырын айтпайтын келіннен, немереге ертегі айып бермейтін әжеден, бір-бірімен қазақша сөйлеуден жерінген адамдардан қорық». Алаш арысы Бауыржан Момышұлының осы сөзді айтуы тегін емес. Себебі, бесік жыры — ұлттық құндылықтарымыздың бірі. Дәстүрді қайта жаңғырту ұрпақтар сабақтастығын жалғайды. Нәрестені мейірімге бөлеп, бесік жырымен өсірудің тамыры тереңде жатыр. Осы орайда қоғамдық пікір сқрауды жөн көрдік. Бесік жырын білетін жастардың қарасы қанша? Айдын ...

Читать далее »

Жастар жолдауға қолдау көрсетті

2019 жыл –жастар жылы…Осылай деген Мемлекет басшысы, кейінгі толқынның барлық саладан өзін-өзі дамытып, бәсекеге қабілетті бола аларына сенім артты. Сондықтан жастардың мойнындағы жауапкершілік жүгі ауыр. Ал, егемен елдің ертеңі, жас буын өкілдері бұл үндеуге не дейді? Мәншүк Қолдасбекова, ОҚМУ студенті: Елбасының халыққа жолдауын біз оқу орнымызда жұмыла талқыға салдық. Елбасы бізге үлкен үміт артып отыр. Біз Елбасының, еліміздің, ата-анамыздың сенімін ...

Читать далее »

Жас аналарға қамқорлық жасалды

Отан – отбасынан басталады. Елбасы жарлығымен бекітілген Отбасы күні мерекесіне орай бәйдібектік жастар игілікті іске мұрындық болды. «Жастар ресурстық орталығының» әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі секторының мамандары аудандық орталық ауруханаға барып, ондағы жаңадан босанған аналарға сый-сияпат жасады. Шара барысында аудандық «Жастар ресурстық орталығының» директоры Асыл Абжалов мереке қарсаңында босанған жас аналарға ізгі тілегін жеткізіп, арнайы сый-сияпатын тапсырды. Игі бастамаға аудандағы атымтай ...

Читать далее »

Mega Mi орталығы — баланы шашпаң ойлап, жылдам шешім қабылдауға үйретеді

«Mega Mi». Шымкентте осындай атаумен алғаш рет балаларды жапондық әдіспен оқытатын орталық ашылды. Ол -шетелдік әдісті қазақ менталитетіне икемдеп, бала зейінін дамытады. Орталықтың ерекшелігі сол, нейрогимнастика жаттығуларын жетік меңгерген мамандар кез-келген баланың қабілетін ашуға тырысады. Пайымы бөлек, ойы зерек баланың миын жаттықтырып, қабілетін дамытатын бастама — Жанат Қаныбекқызының идеясы. Орталықты ашпас бұрын ол әуелі Тараз қаласында оқу курсынан өтті. Бұл ...

Читать далее »

Психологтардың біліктілігін арттыруға негізделген жоба

Түркістан облысындағы барлық аймақты қамтитын тағы бір жаңа жоба қолға алынды. Суицидтің алдын-алу бойынша жұмыс істейтін бұл жобада зорлық-зомбылықты болдырмау шаралары қамтылады. Психология саласындағы жаңа әдістер мен заманауи техникалар оқылатын болады. Үстіміздегі жылды, бүгінгі күнге дейін алып қарайтын болсақ, жеткіншектер арасында түрлі деңгейдегі 180 қылмыс  тіркелген. 157 жасөспірім суицидке оқталып, оның 72-сі  қайғылы жағдайға ұшыраған. Әлі он екіде бір гүлі ...

Читать далее »

Тату отбасы. Бақытты бала. Гүлденген ел

«Тату отбасы. Бақытты бала. Гүлденген ел». Дәл осындай атпен Түркістан облысы Ордабасы ауданында конференция болып өтті. Конференцияның негізгі мақсаты, аты айтып тұрғандай отбасындағы татулық пен ынтымақты, жайнаған жасыл әлемде балалардың бақытты өмір сүруін айту. Қазіргі таңда, айрылысқан жұбайлар қаншама?! Ата-аналардың қателігінің салдарынан зардап шеккен сәбилер де аз емес. Алаңсыз өткізер балалық шағын бақытпен емес. тіпті, кейбірі балалар үйінің мейірімсіз қабырғасында ...

Читать далее »