Жалпы нашақорлық дегеніміз – есірткі немесе психотроптық заттарға тәуелділіктен туындайтын ауру. Нашақорлық көптеген қылмыстарға тікелей себепкер. Ғылыми деректерге сүйенер болсақ, кәмелетке толмаған нашақорлардың шамамен 2/3 бөлігі қылмыскерге айналады. Себебі, есірткіге деген құмарлық келесі дозаны алу үшін қылмысқа апармай қоймайды. Әсіресе, ұрлық жасауға көптеп итермелейді. Сонымен қатар, кейде агрессивтілік тудыратын есірткілер өзінің қатыгездігімен мағынасыз қылмыстарға жетелейді. Нашақорлық – қоғам дерті. Нашақорлықпен ...
Читать далее »Әлеумет
Жылқы ұрлаған азамат құрықталды
Түркістан облысына қарасты Сарыағаш полициясына жергілікті тұрғын арызданып, түнгі 04:30 шамасында үйінің қорасында тұрған 4 бас жылқысын белгісіз біреулер ұрлап кеткенін жеткізді. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 2 000 000 теңгені құрады. Бұл жайтты полицейлер тез арада тіркеуге алды. Жедел-тергеу тобы ақпарат алысымен оқиға орнына аттанып, жедел шараларды жүргізді. Орын алған мал ұрлығы қылмыстарын ашу, күдіктілерді ұстау мақсатында тәртіп сақшылары қарқынды ...
Читать далее »Кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақыны алып беретінін айтқан
Түркістан полициясына жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғаны жөнінде арызданды. Оған сырттай танысы кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақыны алып беретінін айтқан. Бұл қызметі үшін 3 600 000 теңге ақшасын алып, 2 айдай алдап келген. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеді. Тәртіп сақшылары хабар түсісімен бірден іске кірісті. Күдіктіні табу үшін жан-жақты іздестіру жұмыстарын жүргізді. Тәртіп сақшылары атқарған жедел шаралардың ...
Читать далее »Түркістан: Қорғаныс саласының басшылық құрамы темір тордың арғы жағындағы тәртіппен танысып қайтты
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың тиімді құралдарының бірі — шенеуніктерді бас бостандығынан айыру орындарына апарып, қылмыс жасаған адамдардың ұстау шарттарымен таныстыру болып табылады. Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің бірлесіп ұйымдастыруымен Облыстық қорғаныс департаментіне қарасты аудандық/қалалық басқарма және бөлім басшылары Кентау қалалық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторының тәртібімен танысып қайтты. Кентау ...
Читать далее »Баспалдақ жасап беремін деп алдап кеткен…
Жөндеу жұмыстарын жасаймын деп 3,5 миллионнан астам ақшаны алдап әкеткен шетедік анықталды Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, шетел азаматы құрылыс жүріп жатқан үйіне 10 дана есік, 2-ші қабатқа көтерілетін баспалдақты жасап беретінін айтып, 3 500 000 теңге ақшасын алған. Жәбірленуші 2 жыл бойы алаяқтың сөзіне сенген, алайда ол не ақшасын қайтармаған, не уәдесін орындамаған. ...
Читать далее »Өзгенің атынан несие рәсімдеген алаяқ анықталды
Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын шағымданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, танысы оның атынан 1 миллион теңге несие рәсімдеп жіберген. Жәбірленуші тез арада тәртіп сақшыларынан осы жағдайдың толық мән-жайын анықтауға көмек берулерін сұрайды. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді. Арызданушының шағымына сәйкес, орын алған алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында түлкібастық полицейлер қажетті іс-шараларды жүргізді. Нәтижесінде ...
Читать далее »Қожайынның асыл тұқымды қошқарларын сатып, қашып кеткен шопан анықталды
Жұмыс берушісінің асыл тұқымды қошқарларын сатып, қашып кеткен шопан анықталды Түркістан облысына қарасты Ордабасы аудандық полиция бөліміне Шымкент қаласының тұрғыны арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, оның қарамағында жұмыс істейтін шопаны құны 1 миллион теңге болатын 5 бас асыл тұқымды қошқарларын рұқсатсыз сатып, өзі қашып кеткен. Бұл жайында жәбірленушіге танысы хабарласып, қойлары қараусыз жүргенін жеткізгенде бірақ біледі. Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 189-бабы ...
Читать далее »Ашық есік күні өткізілді
Түркістан облысына қарасты Сарыағаш аудандық жастар ресурстық орталығы мен адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі Түркістан облысы департаментінің Сарыағаш ауданы бойынша шекара басқармасында «Мен елімнің қорғанымын» атты ашық есік күні өткізілді. Патриоттық іс-шараға аудандағы білім беру мекемелерінің жоғарғы сынып оқушылары мен арнаулы оқу орнының студенттерінен жиналған 150—ге жуық жас қатысты. Ашық есік барысында Сарыағаш ауданы ...
Читать далее »350 дана электронды темекі құрылғыларын жымқырған 2 ер адам анықталды
Түркістан облысына қарасты Сайрам АПБ-ға жергілікті тұрғын хабарласып, белгісіз біреулердің дүкеніне ұрлыққа түскенін айтқан. Ақпарат алысымен тәртіп сақшылары шұғыл түрде ұрлық болған жерге шықты. Содан полицейлер әккі ұрылардың дүкенге кіріп, 350 дана электронды темекі құрылғыларын жымқырғандарын анықтады. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеді. Дүкен иесіне келтірілген шығын көлемі 1,5 миллион теңгені құрайды. Бұл ұрлық қылмысы бойынша ...
Читать далее »Жүргізушінің алкогольді мас күйде екендігі белгілі болды
Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасының алдын алу мақсатында күнделікті рейд жүргізуде. Осы тұрғыда Түркістан облысына қарасты Төлеби аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері түңгі сағат 22:30 шамасында «Опель-Вектра» маркалы автокөлікті тоқтатты. Оны тексеру кезінде, ер адамның көлік құралын басқару құқығы жоқ екендігі анықталды. Сонымен қатар полицейлер оның масаң күйде екендігіне күдіктеніп, сараптама тағайындады. Сараптама қорытындысына сәйкес жүргізушінің алкогольді мас күйде екендігі белгілі болды. ...
Читать далее »