Түркістан облысы ПД ЖПҚ Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тәулік бойы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіп келеді. Соның ішінде күнделікті атқарылған рейдтік-профилактикалық іс-шара барысында, ағымдағы жылдың басынан бері 509-баптың 5-бөлігі күн көзінен күңгірттеу (тонировка) бойынша 5315 дерегін анықтаған. Негізінде жүргізушілер арасында кең таралған жол қозғалысы ережесін бұзудың бір түрі, осы автокөліктің терезесін күңгірттеу. Мәселен патрульдік полиция батальонының инспекторы Ғалымжан ...
Читать далее »Әлеумет
«Елін қорғау-елге серт» атты шара өтті
Түркістан қаласына қарасты Сауран аудандық «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде» «Елін қорғау-елге серт» атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өтті. Кешті аудандық кітапхана директоры Құндызай Ажмаханқызы ашып берді. Ұйымдастырылған шараға «Ауған ардагерлерінің» алқа төреғасы Ақай Тілес, Сауран аудандық ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Қалеке Марат, Абай ауылдық клуб меңгерушісі Дүйсенбеков Ералы және кітапхана қызметкерлері қатысты. Жүздесу барысында ардагер әскери өмірінен сыр шертті. ...
Читать далее »Көлікқұмар құрықталды…
Түркістан облысына қарасты Ордабасы аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адам өз арызында, стадионының алдында тұрған «Нексия» маркалы көлігін белгісіз біреулер рұқсатсыз айдап кеткені бойынша шағымданды. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 200-бабы «Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» бойынша тіркеуге алып, бірден іске кірісіп кетті. Қылмысты ашу мақсатында тәртіп сақшылары оқиға орнына ...
Читать далее »Түлкібастық полицейлер музей аралады
Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданының полиция қызметкерлері мәдени азық болар арнайы іс-шара ұйымдастырды. Яғни полиция қызметкерлері Түлкібас ауданы Тұрар Рысқұлов ауылында орналасқан орталық музейге барып, ішкі істер органынан зейнеткерлікке шыққан ардагерлердің өмірбаяны, сондай-ақ қызмет көрсету барысында қаза тапқан полиция қызметкерлерінің ерліктері туралы мәліметтермен танысты. Жиында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ел үшін еңбегімен танылған азаматтардың еңбек жолы жайлы сұхбаттасты. Тарихи орынға ...
Читать далее »Қылмыстың алдын алу мәселелері мен себеп-салдары кеңінен талқыланды
Түркістан облысына қарасты Мақтаарал ауданында қылмыстық құқық бұзушылық профилактикасы бойынша аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен мекемеаралық мәжіліс өтті. Жиында қылмыстың алдын алу мәселелері мен себеп-салдары кеңінен талқыланды. Аудан прокуроры Айтболат Досаев кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, мал ұрлығы, жол көлік апаттары, ұлтарлық араздықтың және алаяқтық қылмыстардың алдын-алу бойынша орын алған қылмыстар мен кемшіліктерге тоқталды. «Бұл қылмыстармен күресу үшін мемлекеттік органдардың жұмысы ...
Читать далее »Кореяға жұмысқа тұрғызып беремін деп алдаған
Бүгінде қомақты табыс табуға болады, шетелге жұмысқа тұрғызып беремін дейтін алаяқтардың қатары артып отыр. Құқыққорғаушылар оларға қарсы «майдан» ашып, алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Жуырда Түркістан облысына қарасты Кентау қаласының полицейлері кезекті алаяқты қол түсірді. Нақтырақ айтсақ, полицияға жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғанын айтып арызданған. Оның айтуынша, танысы Корея еліне жұмысқа тұрғызып беретінін айтқан. Және ол үшін тұрғыннан 500 мың теңге ...
Читать далее »Құрал жабдықтарды жымқырған ұры құрықталды
Түркістан облысына қарасты Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Ер адамның айтуынша, оның тұрғын үйіне белгісіз біреулер кіріп, сарайында тұрған 4 дана отпен күйдіргіш құралы, 3 дана электроматор, 1 дана болгаркасын жасырын түрде ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген жалпы шығын көлемі 400 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды. Тәжірибелі тәртіп сақшылары ұрлық қылмысын ...
Читать далее »Жоғалған жасөспірімді жетісайлық тәртіп сақшылары Алматыдан тапты
Түркістан облысына қарасты Жетісай полиция бөліміне түнгі сағат 03:00 шамасында Жылысу ауылының тұрғыны 102 сымтетігі арқылы хабарласқан. Айтуынша 13 жасар баласы үйден белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған. Анасы баласын іздеп жүргеніне 2 тәулік болған. Нәтиже шықпаған соң, полицейлердің көмегіне жүгінген. Жетісайлық полицейлер хабарлама түсе салысымен тез арада әрекет етіп, оқиға орнына жетті. Жоғалған баланы табу мақсатында қажетті деп танылған ...
Читать далее »«Мен елімнің патриотымын» шарасы өтті
Түркістан облысына қарасты Сарыағаш аудандық жастар ресурстық орталығы мен адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі Түркістан облысы департаментінің Сарыағаш ауданы бойынша шекара басқармасында «Мен елімнің қорғанымын» атты ашық есік күні өткізілді. Патриоттық іс-шараға аудандағы білім беру мекемелерінің жоғарғы сынып оқушылары мен арнаулы оқу орнының студенттерінен жиналған 150—ге жуық жас қатысты. Ашық есік барысында Сарыағаш ауданы ...
Читать далее »Отансүйгіштік рухты сіңіру мақсатында…
Бүгінгі Қазақстанның тәуелсіздігінің нығаюы мен дамуының обьективті шарттарының бірі – ол осы қазақстандық патриотизм. Отансүйгіштік деген ұғым өзің жаралған топырақ пен өскен ортаға деген ізгі сезімді білдірмейді, аясы әлдеқайда кең ұғым. Елдік, бірлік, халықтық қасиет-қазыналарды қастерлеу мен ертеңге деген берік сенім сияқты сезімдерді оятатын да осы отансүйгіштік. Оның қоғам дамуында айырықша орын алатын құдіретті рухани факторға айналуының сыры да осында ...
Читать далее »