«Мен бұл күрделі мәселеге қатысты ұстанымымызды айқындадым. Біріншіден, біз БҰҰ Жарғысын қатаң сақтауымыз керек. Әрине, Біріккен Ұлттар Ұйымын әлемде теңдесі жоқ әрі әмбебап ұйым ретінде қолдауға тиіспіз. Екіншіден, біз Қытайдың, сондай-ақ басқа да мемлекеттердің барлық бейбіт бастамасын қолдауымыз қажет. Сондықтан жақын арада Украинадағы қарулы қақтығыс тоқтайды деп үміттенеміз. Содан кейін әлемнің осы бөлігінде берік бейбіт өмір орнайтыны туралы сөз қозғай ...
Читать далее »Cаясат
Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстан азаматтары үшін виза талаптарын жеңілдету мәселесіне қатысты пікірін білдірді
«Бұл өте маңызды аспект. Қазақстан азаматтарының Германияға келуін және Германия азаматтарының Қазақстанға келуін анағұрлым жеңілдететін мүмкіндіктерді қарастыруға біз де мүдделіміз. Өзіңізге мәлім, виза мәселесі Еуропалық Одақ деңгейінде, еуропалық ведомстволар деңгейінде қарастырылады. Сондықтан біз бұл мәселе бойынша ЕО ұстанымын құптаймыз». Франк-Вальтер Штайнмайер неміс және қазақ кәсіпкерлері бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін қандай қаржы көздеріне жүгіне алатыны жөнінде айтты: «Германия бизнесі қазір ...
Читать далее »Қазақстан мен Германия президенттері БАҚ өкілдері үшін бірлескен мәлімдеме жасады
Қазақстан Президентінің сөйлеген сөзінен: ■ Маңғыстаудағы жасыл сутегін өндіруге арналған бірлескен жобаның маңызы зор. Немістің озық технологиясы мен тәжірибесі негізінде кәсіби мамандар дайындау қажет. Осы ретте Ақтауда Қазақ-неміс инжиниринг институты ашылады; ■ Елімізде неміс ұлтының 226 мың өкілі өмір сүреді. Олар Қазақстанды өркендетуге елеулі үлес қосып келеді. Германияда 1 миллионнан астам бұрынғы отандастарымыз тұрады; ■ Германияның Орталық Азия елдерімен алыс-берісінің ...
Читать далее »Германияның Федералды Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында бірқатар құжаттарға қол қойылды
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Германия Федеративтік Республикасының Федералдық Сыртқы істер министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум; Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі мен Германия Федеративтік Республикасының Федералдық экономика және климат министрлігі арасындағы Қазақстаннан кәсіпорындар басшыларының біліктілігін арттыру жөніндегі ынтымақтастық жөніндегі ниеттер туралы бірлескен мәлімдеме; Ұлттық геологиялық қызмет пен федералдық геологиялық ғылымдар және табиғи ресурстар институты арасындағы ынтымақтастық туралы ...
Читать далее »Франк-Вальтер Штайнмайер Астанаға арнайы шақырғаны және қазақ халқына тән қонақжайлық көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты
Ол шағын құрамдағы келіссөз табысты өткенін атап өтіп, бірлескен жобаларды жүзеге асыру маңызды екенін жеткізді. «Біздің екіжақты қарым-қатынасымыздың жағдайы туралы айтқаныңызды растаймын. Біз дипломатиялық қарым-қатынасымыздың соңғы 30 жылына ғана емес, сонымен қатар сіз айтып өткендей, ынтымақтастығымыздың барлық салада қарқынды дамып келе жатқанына назар аударамыз. Неміс компаниялары Қазақстанға қомақты қаражат құйып келеді және бұл бағыт тек экономикалық саламен шектелмейді. Біздің Президент ...
Читать далее »Қазақстан мен Германия президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысы Германия Президенті бастап келген неміс делагациясына ілтипат білдіре отырып, Франк-Вальтер Штайнмайердің мемлекеттік сапары Қазақстан мен Германия арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға жол ашатынын атап өтті. «Сіздің сапарыңызды асыға күттік. Бұл сапар Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықтың дамуына тың серпін беру үшін өте маңызды. Германия – Қазақстанның Еуропалық Одақтағы негізгі серіктестерінің бірі. Түрлі саладағы ынтымақтастықты нығайту үшін қолдан келгеннің бәрін ...
Читать далее »Қазақстан мен Германия Президенттері келіссөз жүргізді
Президенттер қазақ-герман стратегиялық серіктестігінің жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Саяси диалогты нығайтуға, сауда, экономика, инвестиция, энергетика, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастықты тереңдетуге ерекше назар аударылды. Сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту аясында өзара іс-әрекетті жандандыру, мұнай және газ, жасыл энергетика, өнеркәсіп салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту маңызды екені атап өтілді. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі ...
Читать далее »Эр-Риядта «Орталық Азия – Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі» атты жаңа форматтағы ынтымақтастық талқыланды
Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесінің (ШАМЫҚ) штаб-пәтерінде Орталық Азия елдері елшілерінің Кеңес басшылығымен және Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрлігінің өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптар Орталық Азия елдері мен ШАМЫК арасындағы өзара әрекеттестік мәселелерін, оның ішінде «Орталық Азия –Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі» өңіраралық ынтымақтастықтың жаңа форматы аясында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту жолдарын талқылады. Сонымен қатар Шығанақтағы араб елдері ...
Читать далее »Қазақстан ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бастаған қазақстандық делегация Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты. Кездесу барысында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлері халықаралық және өңірлік жағдай бойынша пікір алмасып, Ұйымның ағымдағы қызметінің кең ауқымды мәселелерін және ҰҚШҰ-дың сыртқы байланыстарын дамытуға қатысты кейінгі қадамдарды талқылады. ҚР СІМ басшысы М.Нұртілеу отырысқа қатысушыларды ...
Читать далее »Қазақстан Елшісі Норвегияның Стортингі Президентімен кездесті
Қазақстанның Норвегиядағы Елшісі Әділ Тұрсынов Норвегияның Стортингі Президенті Масуд Гараханиге сыпайылық сапарымен барды. Елші Норвегия парламентінің басшысын Қазақстанның қазіргі дамуы, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси және экономикалық реформалары, еліміздің сыртқы саясатының негізгі бағыттары, Қазақстан-Норвегия ынтымақтастығының жағдайы мен келешегі туралы хабардар етті. Стортинг Президенті Қазақстандағы парламентаризмнің дамуына, сондай-ақ Астана мен Осло арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың барысына қызығушылық танытты. Әңгімелесушілер Қазақстан-Норвегия парламентаралық байланыстарын одан ...
Читать далее »