Cаясат

Түркістанда «XVI-XIX ғасырлардағы Еуропалық және Америкалық карталардағы қазақ мемлекеті» атты галереяның ашылу салтанаты өтті

Бүгін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына және Мемлекеттік рәміздер күніне орай «XVI-XIX ғасырлардағы Еуропалық және Америкалық карталардағы қазақ мемлекеті» атты галереяның ашылу салтанаты өтті. Іс-шара аясында Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Заманауи зерттеулер институтының директоры Мұхит-Ардагер Қаржаубайұлының «Қазақстанның үзіліссіз мемлекеттілігі тарих толқынында. XVI-XIX ғасырлардағы еуропалық және америкалық карталардағы Қазақ Мемлекеті. Атлас» кітабының ...

Читать далее »

ЮНЕСКО-ның Бас директоры Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды

Астана Халықаралық форумына қатысу үшін ЮНЕСКО-ның бас директоры Одрэ Азуле Қазақстанға келді. Жұмыс сапары аясында Одрэ Азуле Түркістан қаласына барып, ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне қазақстандық нысандар арасынан бірінші болып кірген Қожа Ахмет Ясауи кесенесін аралап көрді. Нысанды аралау барысында Мемлекеттік кеңесші, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Ерлан Қарин халықаралық ұйымның басшысына кесенені сақтауға қатысты атқарылып жатқан жұмыстар ...

Читать далее »

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Alstom компаниясының өкілі Эндрю ДеЛеонемен кездесті

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Alstom компаниясының Африка, Таяу Шығыс және Орталық Азия өңірлері бойынша президенті Эндрю ДеЛеоне француз машина жасау компаниясының Қазақстандағы қызметін кеңейту мәселелерін талқылады Электровоздар мен оған құрамдас бөлшектер өндіретін Alstom компаниясы – Қазақстандағы теміржол өнеркәсібін жаңғырту бағдарламасының негізгі қатысушыларының бірі. «Сонымен қатар компания құзыреттілік орталық ретінде де қызметін дамытуда, нәтижесінде біздің елімізде біліктілігі жоғары инженерлердің жаңа ...

Читать далее »

Қазақстан СІМ-де ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Төрайымымен ЕҚЫҰ аясындағы өзара іс-қимыл талқыланды

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Қазақстанға ресми сапарымен келген және Астана халықаралық форумына қатысатын ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Төрайымы Маргарета Седерфельтпен кездесу өткізді. Тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібі тұрғысынан Қазақстан мен ЕҚЫҰ арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылап, Ұйым кеңістігінде бейбітшілік пен тұрақтылықты қалпына келтіру мақсатында өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасты. Сұхбаттастар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы ...

Читать далее »

Астанада Қазақстан мен Оңтүстік Африка сыртқы саяси ведомстволары арасында саяси консультациялардың 7-ші раунды өтті

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш пен Оңтүстік Африка Халықаралық қатынастар және ынтымақтастық министрінің орынбасары Кандиз Машего-Дламинидің төрағалығымен Қазақстан-Оңтүстік Африка саяси консультацияларының кезекті 7-ші раунды өтті. Іс-шара барысында тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын егжей-тегжейлі талқылады, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібі мәселелері бойынша пікір алмасты. Сауда және инвестициялар, көлік және логистика, туризм, ауыл шаруашылығы, ...

Читать далее »

Босния және Герцеговинаның Қазақстандағы Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті

Босния және Герцеговина (БжГ) Төралқасы Төрайымы Желька Цвияновичтің осы аптада жұмыс сапары қарсанында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко БжГ-ның Қазақстандағы (қоса атқарушы) Елшісі Желько Самарджиядан сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады. Р. Василенко Елшіні қызметке тағайындалуымен құттықтап, қалыптасқан қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға ықпал ететіндігін атап өтті. Өз кезегінде Ж. Самарджия екіжақты ынтымақтастықты жан-жақты дамыту үшін барлық күш-жігерін салуға ниетті екенін жеткізді. Сұхбат барысында дипломаттар қазақстандық-босниялық ...

Читать далее »

Қазақстан БҰҰ-ның қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысты

Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде кезекті жыл сайынғы қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Бұл іс-шара Нью-Йорктегі дипломатиялық корпус, халықаралық ұйымдардың өкілдері және жергілікті тұрғындар үшін маңызды мәдени оқиға болып табылады. Аталған іс-шара дәстүрлі түрде БҰҰ Бас хатшысы жұбайының қамқорлығындағы «БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің елшілері мен дипломаттар жұбайларының клубы» атты әйелдер қауымдастығымен ұйымдастырылады. Ашылу салтанатында БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-ші сессиясының төрағасы Чаба Кёрёши құттықтау сөз ...

Читать далее »

Сербияның туристік өңірі – Златибор округінде Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды

 Консулдық округіне Златибор әкімшілік округі кіретін Сербияның ең көрнекті өңірлерінің бірінде Қазақстанның Құрметті консулдығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Сербия Республикасының Еңбек, әлеуметтік қорғау және ардагерлер істері бойынша министрі Никола Селакович, Сыртқы істер министрінің орынбасары Мирьяна Живкович, Ужице қаласының мэрі Елена Ракович-Радивоевич және Златибор округінің басшысы Десимир Попович, сондай-ақ Сербияның іскерлік, академиялық және шығармашылық топтарының өкілдері қатысты. Қазақстан Елшісі Мәди ...

Читать далее »

Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Президенті Маргарета Седерфельтті қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маргарета Седерфельтке ілтипат білдіре отырып, оның сапары Қазақстан мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Парламенттік Ассамблеясы арасындағы қарым-қатынасты нығайту үшін маңызды екенін атап өтті. Президент парламенттік дипломатия мемлекеттер мен халықтар арасындағы байланыстарды нығайтуға көмектесетініне назар аударды. Сондай-ақ ауқымды саяси және экономикалық өзгерістердің жүзеге асырылуы туралы айтты. Маргарета Седерфельт Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды қолдайтынын және ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы ...

Читать далее »

Дархан Сатыбалды Қытайдың Бас консулымен кездесті

Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қытай Халық республикасының Алматыдағы Бас консулы Цзян Вэй бастаған көрші ел өкілдерімен кездесті. Кездесуде екіжақты ынтымақтастық байланыстарды нығайту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ тараптар инновациялар мен жаңа технологиялар саласындағы әріптестік мәселелері мен екіжақты ауқымды жобалар мен тауар айналымы турасында пікір алмасты. Облыс әкімі жуырда Түркістан облысы делегацияның Қытай еліне жасаған іссапарынан соң бірқатар келісімдер жасалғанын атап ...

Читать далее »