Сочиде (РФ) Еуразиялық үкіметаралық кеңес жұмысы аясында Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Ресей Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустиннің кездесуі өтті. Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық, инвестициялық өзара іс-қимыл, өндірістік кооперация, перспективалы көлік дәліздері мен логистикалық инфрақұрылымды дамыту, энергетика, білім беру, мәдени-гуманитарлық салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Премьер-Министр екі ел басшыларының белсенді саяси диалогы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының барлық спектрі бойынша жоғары динамиканы қамтамасыз ...
Читать далее »Cаясат
Әлихан Смайылов: ЕАЭО экономикалық негізде дамуға тиіс
Бейсенбі, 8 маусымда, Сочи қаласында (РФ) Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтті. Отырыста ЕАЭО-дағы өзара іс-қимылдың бірқатар өзекті мәселесі талқыланды. Олардың қатарында сауда-саттықтағы кедергілерді жою, теміржол көлігімен жүк тасымалдауды цифрландыру жөніндегі бірінші кезектегі шаралар жоспарын орындау, «Шығыс – Батыс» және «Солтүстік – Оңтүстік» бағыттары бойынша көлік инфрақұрылымын дамыту, теңіздегі өткізу бекеттерінде электрондық құжат айналымын енгізу, Кеден одағының «Тамақ өнімдерінің ...
Читать далее »Әлихан Смайылов ТМД елдерінің сауда саласындағы тосқауылдар мен шектеулерді жоюды күшейтуге шақырды
Сочи қаласына (РФ) жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер Үкіметтері басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысты. Шағын құрамда өткен кездесуде тараптар ТМД-дағы экономикалық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялар құру, қызметі және оларды жүзеге асыру туралы келісімді талқылады. Кеңейтілген құрамдағы кездесуде Достастық елдері арасындағы өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға баса ...
Читать далее »Мемлекет басшысы Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиеваны қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кристалина Георгиеваға ілтипат білдіре отырып, Халықаралық валюта қорымен 30 жыл бойы жалғасып келе жатқан табысты ынтымақтастыққа көңілі толатынын жеткізді. – Қормен арадағы ынтымақтастығымыз табысты жүзеге асып келеді және ол алдағы уақытта да жалғасады. Қордан тұрақты кеңес алу мүмкіндігі үшін ризашылығымды білдіремін. Сіздің Қазақстан экономикасының дамуына қосқан үлесіңіз елеулі екені анық, – деді Мемлекет басшысы. Кездесу барысында Президентке ...
Читать далее »Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни құрмет көрсеткені үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді
– Астана халықаралық форумына шақыруыңызды қабыл алып, Қазақстанға келіп отырмын. Бұл – мен үшін зор құрмет. Былтыр қазан айында Қазақстанда кездескеннен кейін тағы да жүздесіп отырғаныма қуаныштымын. Бұл – былтырғы келіссөздер барысында бауырлас Қазақстанмен арадағы қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылуын пысықтауға тағы бір мүмкіндік. Менімен бірге Қатардың іскер топтарынан құралған үлкен делегация келді. Бұл екі елдің арасындағы ынтымақтастықтың табысты болуына ...
Читать далее »Мемлекет басшысы Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни бастаған делегациямен кездесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге ілтипат білдіре отырып, Астана халықаралық форумына Қатар үкіметі мен бизнес өкілдерін бастап келгені үшін алғыс айтты. Мемлекет басшысы Қатар Қазақстанның Таяу Шығыстағы маңызды әрі сенімді серіктесі екенін атап өтіп, бүгінгі келіссөздер екі ел арасындағы ынтымақтасты одан әрі дамытуға тың серпін беретініне сенім білдірді. – Таяу арада екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың ...
Читать далее »Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одрэ Азулені қабылдады
Кездесуде Қазақстан мен ЮНЕСКО арасындағы мәдени және тарихи мұраларды сақтау, білім және ғылым саласындағы халықаралық байланыстарды кеңейту ісіндегі ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Одрэ Азулеге ілтипат білдіре отырып, оның ЮНЕСКО Бас директоры ретіндегі көшбасшылығын жоғары бағалайтынын, сондай-ақ ұйымды одан әрі нығайтуға бағытталған қызметіне қолдау көрсететінін атап өтті. Президент Бас директорға Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барғаны үшін алғысын айтты. ...
Читать далее »Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Shell компаниясының басшысы Уаэль Сауанмен кездесті
Мемлекет басшысы Shell концернінің бас атқарушы директоры Уаэль Сауанмен кездесу өткізді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа трансұлттық компанияның энергетика және мұнай химиясы салаларында жүзеге асырып жатқан жобалары туралы мәлімет берілді. Кездесу барысында Қазақстан мен компанияның мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығының перспективалары талқыланды. «Ройял Датч Шелл плс.» – мұнай мен табиғи газды барлау мен өндіру, қайта өңдеу мен маркетингін жасау, сондай-ақ мұнай-химия өнімдерін өндіру мен сату саласындағы ...
Читать далее »Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ Бас хатшысы Хельга Шмидпен кездесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумына қатысуға келгені үшін Хельга Шмидке алғыс айтып, аталған форум Батыс пен Шығыс арасындағы байланыстарды нығайтуға ықпал ететін жаңа алаң екеніне назар аударды. – Сіз бастап келген ЕҚЫҰ делегациясы осы форумда көптеген түйткілді мәселелердің оң шешілуіне елеулі үлес қосады деп санаймын. Өкінішке қарай, қазір әлемде ондай проблемалар бар. ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастықты нығайту Қазақстан үшін басым бағыт ...
Читать далее »Брюссельде Қазақстан, Словакия және ЕО-ның су ресурстарын басқару саласындағы ынтымақтастығы талқыланды
Орталық Азия елдері мен Еуропалық одаққа мүше мемлекеттер арасында су ресурстарын басқару саласындағы практикалық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Қазақстанның осы саладағы қажеттіліктерін талқылау және Словак компанияларының әлеуетті жобаларын таныстыру бойынша семинар өтті. «Словакиялық ұйымдардың Орталық Азия өңірімен су ресурстарын басқару саласындағы ынтымақтастығы» тақырыбындағы іс-шараны Еуроодақ жанындағы ҚР өкілдігінің қолдауымен Словакияның ЕО жанындағы Тұрақты өкілдігі ұйымдастырды. Словакияның су шаруашылығы саласындағы жетекші компаниялары ...
Читать далее »