Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Иордания Хашимит Корольдігі Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер және экспатрианттар министрі Айман Сафадимен телефон арқылы сөйлесіп, оның барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. А. Сафади қазақстандық әріптесін жоғары лауазымға тағайындалуымен құттықтап, жауапты жұмысына сәттілік тіледі. Өз кезегінде М. Нұртілеу сұхбаттасушыға жылы лебіздері үшін алғысын білдіріп, қолайлы уақытта Қазақстанға ресми сапармен келуге ...
Читать далее »Cаясат
Қазақстан СІМ Ресми өкілі А.С. Смадияровтың брифинг өткізді
Мазмұны: Корея Республикасы Сыртқы істер министрінің Қазақстанға алдағы ресми сапары туралы; Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасарының Жаппай қырып-жою қаруын таратуға қарсы күресте қауіпсіздік жөніндегі бастаманың 20 жылдығына орай Жоғары деңгейдегі кездесуге қатысуы туралы; ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейіндегі алдағы консультациялары туралы; Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасарының «БРИКС+» форматы бойынша Сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысуы туралы; ...
Читать далее »Қытай делегациясы «КЕНТАУ ТРАНСФОРМАТОР ЗАУЫТЫ» АҚ жұмысымен танысты
Қытай Халық Республикасы, Юэцин қаласының өкілдері Түркістан облысына іссапары аясында «Кентау Трансформатор зауыты» АҚ болды. «Кентау Трансформатор зауыты» АҚ басқарма төрағасы Бауыржан Худайбергенов делегация өкілдеріне зауыт жайлы ақпарат беріп, қазіргі жұмысымен таныстырды. Кездесуде Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметов кәсіпкерлерге ұсынылатын инфрақұрылымы дайын аймақтар туралы айтып өтіп, бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді. Сонымен қатар, Кентау қаласының ...
Читать далее »БҰҰ Қазақстанның бітімгерлік қызметке қосқан үлесін жоғары бағалайды
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде БҰҰ-ның алғашқы бітімгершілік миссиясы құрылғанына 75 жыл толу қарсаңында ҚР Қорғаныс министрлігі, БҰҰ-ның ҚР-дағы Өкілдігі және шетелдік дипломатиялық корпус өкілдерінің қатысуымен іс-шара өтті. Іс-шараны ашқан ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның бітімгершілік миссиялары шеңберінде өңірлік және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі БҰҰ-ның күш-жігерін қолдауы, еліміздің сыртқы саясатының маңызды құрамдас бөлігі болып табылатынын ...
Читать далее »Римде қазақстандық дизайнерлер мен зергерлер топтамаларының таныстырылымы өтті
Қазақстанның Италиядағы Елшілігінде «Салт-дәстүр және заманауи Қазақстан – ғасырлар тоғысында» атты тақырыпта қазақстандық дизайнерлер мен зергерлер топтамаларының таныстырылымы өтті. Оған итальяндық дизайнерлер, өнертанушылар, суретшілер, дипломатиялық корпус өкілдері, журналистер және т.б. бар 100-дем аса адам қатысты. Таныстырылымның мақсаты – итальяндық аудиторияны сәндік-қолданбалы өнерде болып жатқан үрдістер арқылы Қазақстанның ұлттық салт-дәстүрімен таныстыру, себебі ол кез келген мәдениеттің құрамдас бөлігі және қалыптасу құралы ...
Читать далее »Бакуде қазақтың даңқты мұнайшысы С. Өтебаевтың барельефі ашылды
Әзербайжан мемлекеттік мұнай және өнеркәсіп университетінде (ӘММӨУ) қазақтың әйгілі мұнайшысы, Қазақстанға еңбегі сіңген ғылым және техника қайраткері Сафи Өтебаевқа арналған барельефтің салтанатты ашылу рәсімі болып өтті. Іс-шараға Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел, Әзербайжан мемлекеттік мұнай және өнеркәсіп университетінің ректоры Мұстафа Бабанлы, «Теңізшевройл» компаниясы бас директорының орынбасары Көңілқош Сүйесінов, Сафи Өтебаевтың ұлы Мақсұт Өтебаев, ӘММӨУ оқытушылары мен студенттері қатысты. Ә. Байел ...
Читать далее »Испаниядағы ең ірі кітап жәрмеңкесінде Қазақстанның әдеби жауһарлары ұсынылды
Испаниядағы әдебиет сүйер қауымға арналған ең ауқымды шара саналатын Мадрид кітап көрмесінде қазақ поэзиясының, прозасының інжу-маржандары, сондай-ақ қазақтың ұлы ойшылы Абайдың философиясы ұсынылды. Көрменің ашылу салтанатына Испанияның Мәдениет және спорт министрі Микель Исета, Мадрид қаласының мэрі Хосе Луис Мартинес-Альмейда және басқа да саяси және мәдени истеблишменттің көрнекті өкілдері қатысты. Биыл Қазақстанның Испаниядағы Елшілігі мен «VISOR» баспасының қолдауымен испан тілінде жарық ...
Читать далее »Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянмен кездесті
Мемлекет басшысы Абу Даби Әмірлігін билеуші әулеттің өкілі, шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянға ілтипат білдіре отырып, бүгінгі кездесу екі елдің ынтымақтастығын нығайту жолдарын талқылауға орайлы сәт екенін атап өтті. – Биыл жыл басында Әмірліктерге жасаған сапарымды және ел басшылығымен өткізген кездесулерімді жылы сезіммен еске аламын. Қол жеткізілген уағдаластықтар екі ел халықтарының игілігі үшін қызмет етіп жатқанын ерекше атам өтемін. ...
Читать далее »Бейжіңде қытай тіліндегі қазақ әндері жинағының тұсаукесері өтті
Қытай астанасында ҚР-дың ҚХР-дағы Елшілігінің қолдауымен еліміздің көрнекті қайраткерлері Абай Құнанбаев, Шәмші Қалдаяқов, Алтынбек Қоразбаев, Нұрғиса Тілендиев және басқалардың 30 белгілі музыкалық шығармасын қамтитын қытай тіліндегі танымал қазақ әндерінің алғашқы аударма жинағының тұсаукесері өтті. Әндерді аударуды Музыка халық баспасының жәрдемімен белгілі жазушы, Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесінің бұрынғы депутаты Әкбар Мәжитұлы жүзеге асырды. Іс-шараның қонақтары Қытайдың мемлекеттік органдары, академиялық және ...
Читать далее »Еуропалық парламенттегі дөңгелек үстелде Қазақстан мен Моңғолиядағы конституциялық реформалар талқыланды
Еуропалық парламентте аймақтағы саяси өмірді демократияландырудың өзекті үрдістеріне арналған «Қазақстан мен Моңғолиядағы конституциялық реформалар үдерісі: тағылымы мен көкжиегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Еуродепутат Влодзимеш Чимошевичтің бастамасымен өткен іс-шараға Еуропалық парламенттің және мүше мемлекеттердің ұлттық парламенттерінің депутаттары мен қызметкерлері, Еуроодақтың өзге де негізгі институттарының, дипломатиялық корпустың, ғылыми-зерттеу құрылымдарының, халықаралық үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Қазақстан тарапынан дөңгелек ...
Читать далее »