Cаясат

Еуразиялық экономикалық одақ — ауқымды экономикалық бастама

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Көпполярлы әлемдегі еуразиялық интеграция» атты ІІ Еуразиялық экономикалық форумның пленарлық отырысына қатысты. Жиын сұрақ-жауап форматында өтті. Айта кету керек, Еуразиялық экономикалық одақтың географиялық аумағы өте үлкен. Сондықтан, форумда өзара инфрақұрылым байланысын дамыту мәселесі аса маңызды басымдықтардың бірі екендігі аталып өтті. Мемлекет басшысы «Біз, ең алдымен, өз халықымызға Одақтың маңыздылығын, оның тиімділігін көрсетуіміз керек. Ол үшін жан-жақты пысықталған, ...

Читать далее »

Еуразиялық экономикалық одақ үшін Қытаймен өзара іс-қимыл құру маңызды

«Ырыс алды – ынтымақ» деген қағиданы басты назарда ұстаған қазақ халқы ел арасындағы ынтымақ-бірлікті, татулықты ерекше бағалаған. «Ынтымақты ел озады, ынтымақсыз ел тозады» деп, әлеумет арасында бірліктің сақталуына басымдық берген. Бұл орайда, көршілес елдермен ынтымақтастықты сақтаудың, нығайтудың маңызы зор. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге барған сапарында Еуразиялық экономикалық одақтың өзге елдермен ынтымақтастығы туралы айтып берді. «Одақтың негізгі саяси және экономикалық ...

Читать далее »

ЕАЭО аясындағы интеграция, ең алдымен, экономикалық сипатқа ие

Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге жұмыс сапарымен барды. Сапар аясында Мәскеуде «Көпполярлы әлемдегі еуразиялық интеграция» атты Еуразиялық экономикалық форумына қатысып, сөз сөйледі. Президент 2020 жылы Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттары қабылданғанын атап өтті. Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөзінде: «Экономикалық интеграция түпкі мақсат емес. Бұл тек ұйымға мүше мемлекеттердің экономикасын дамытудың және халықтарының әл-ауқатын жақсартудың бір ...

Читать далее »

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысындағы сөзі

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Геосаяси қиындықтар бүкіл әлемдегі экономикалық жағдайға айтарлықтай ықпал етіп отыр. Биыл халықаралық қаржы институттары әлемдік экономиканың өсіміне қатысты болжамды, орташа есеппен алғанда, шамамен екі есе төмендетті. Бірақ сыртқы факторлардың қысымына қарамастан, Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастығымыз қарқынды дамып келеді. Одаққа мүше мемлекеттер макроэкономикалық тұрақтылығын сақтап, экономикалық өсім қарқыны мен өзара сауда көлемін арттыруда. Мен өз тарапымнан ЕАЭО құрылғаннан ...

Читать далее »

Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты

Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) Мәскеуде өткен кезекті отырысына қатысты. Шағын форматта өткен жиынға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар Ресей Федерациясының Президенті – ЖЕЭК төрағасы Владимир Путин, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, сондай-ақ Еуразия экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович қатысты. Жиын барысында мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық одақтың қызметі мен даму перспективаларына ...

Читать далее »

Мемлекет басшысының Ресейдегі сапары жалғасуда

Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын және кеңейтілген құрамдардағы отырыстарына қатысу үшін Үлкен Кремль сарайына келді Кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына Қазақстан Президентімен қатар Ресей Федерациясының Президенті – ЖЕЭК төрағасы Владимир Путин, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, сондай-ақ Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев қатысады. Сонымен қатар бейнебайланыс арқылы ЖЕЭК жанындағы бақылаушы мемлекеттерден Өзбекстан Президенті ...

Читать далее »

Астанада Қазақстан-Беларусь Сыртқы істер министрлік аралық консультациялары өтті

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде екіжақты шарттық-құқықтық базаны түгендеу бойынша сарапшылардың Қазақстан-Беларусь сімаралық консультациялары өтті. Тараптар Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасында 1991 жылдан 2023 жылға дейінгі қол қойылған екіжақты мемлекетаралық, үкіметаралық және ведомствоаралық келісімдердің тізбесін қарастырып, өзара мүдделі халықаралық құқықтың өзекті мәселелерін талқылады. Кездесуге қатысушылар консультациялар механизімінің тиімділігін ескере отырып, Қазақстан мен Беларусь арасындағы заңнамалық базаны түгендеу және жетілдіру ...

Читать далее »

Сауд Арабиясының Мемлекеттік инвестициялық қоры Қазақстанмен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға мүдделі

Қазақстан Елшісі Берік Арын Сауд Арабиясы Корольдігі Мемлекеттік инвестициялық қорының Бас хатшысы Саад Әл-Крудпен кездесті. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен инвестициялық қорлар арасындағы ынтымақтастықты арттыру, соның ішінде екі елдің әл-ауқат қорлары арасында тығыз ынтымақтастық орнату және түрлі салаларда бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар қазақстандық дипломат сұхбаттасушыны еліміздегі инвестициялық мүмкіндіктермен және ҚР экономикасының ауыл шаруашылығы және тау-кен ...

Читать далее »

Мединада Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту талқыланды

Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі, Қазақстанның Ислам ынтымақтастығы ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі Берік Арын Медина ислам университетінің (МИУ) президенті, корольдік отбасының мүшесі, ханзада, профессор Мамдух бен Сауд Әл-Саудпен кездесті. Кездесу барысында білім саласындағы екіжақты ынтымақтастық, оның ішінде ислам ғылымы және білім беру мәселелері талқыланды. Осы тұрғыда қазақстандық дипломат сұхбаттасына Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесі, ғылым мен білім беру жүйесін жетілдіру бойынша ...

Читать далее »

Анкарада қымыз фестивалі өтті

ТҮРКСОЙ ұйымы, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстанның Анкарадағы Елшілігінің бірігіп ұйымдастыруымен көшпенділердің дәстүрлі сусыны – қымызға арналған «Қымыз Fest» халықаралық фестивалі өтті. Іс-шараға ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев, Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Еркебұлан Сәпиев, Астана қаласынан «Ұлы тағзым» қоғамдық ұйымы директорының орынбасары Нұрлан Омаров, Дүниежүзі қазақтарын дамыту қорының төрағасы Ерлан Байын, қазақ диаспорасы мен зиялы қауым өкілдері, қазақстандық ...

Читать далее »