Cаясат

Түркістан облысына жұмыс сапары: АШМ басшысы өңір фермерлерімен не туралы сөйлесті

Биыл Түркістан облысының АӨК-ін субсидиялауға 40 млрд теңге жұмсалады. Бұл туралы өңірдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесуінде Қазақсанның Ауыл шаруашылығы министрі айтты. Ербол Қарашөкеев жалпы еліміз бойынша саланы мемлекеттік қолдауға 400 млрд теңге бағытталғанын мәлімдеді. Айта кетейік, министрдің Түркістан облысына жұмыс сапары кезінде фермерлер оған бүгінгі күні өзекті болып тұрған сұрақтарын қойып, жауап алды. Атап айтқанда АШМ басшысы Gosagro.kz субсидиялау ...

Читать далее »

Білім мекемесіне директорлыққа үміткерлерді қабылдау тікелей эфирде өтті

Түркістан облысында білім мекемесіне директорлыққа үміткерлермен «Әңгімелесу» кезеңі әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде көрсетілді. Бұл — кандидаттар арасындағы байқауды әділетті өткізу мақсатында қолданылған әдіс. Конкурстың бұл кезеңінде 35 мекемеге 60-қа жуық үміткер келген. Бүгінде облыс бойынша бірқатар мектеп, колледж және балабақша директорының орны бос тұр. Ол жерге бірінші басшы тағайындау үшін байқау жарияланып, үміткерлерді таңдайтын комиссия құрамына осы саланың білімді ...

Читать далее »

Түркістанда Мемлекет басшысының ауызашары өтті

Бүгін Түркістан қаласында қасиетті Рамазан құрметіне ел Президентінің ауызашары өтті. Игі шараға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, облыс тұрғындары, ақсақалдар алқасы, еңбек ардагерлері мен имамдар қатысты. Облыс басшысы жиналған қауымды Қасиетті Рамазан айымен құттықтап, изгі ниетін жеткізді. – Қасиетті айдың берекелі күнін өздеріңізбен қарсы алып отырғаныма қуаныштымын. Шақыртуды қабыл алып, ауызашарға келгендеріңіз үшін алғысымды айтамын. Рамазан – діни мереке ғана ...

Читать далее »

EuroVelo & Cycling Tourism Conference Измирде өтеді

EuroVelo & Cycling Tourism Conference 2023 жылдың 11-13 қазаны аралығында Түркияның Измир қаласында өтеді. Бұл шараға еуропалық велотуризм индустриясының барлық ойыншылары қатысады. Измир өзінің керемет ежелгі қалаларымен, ерекше табиғи ландшафттарымен, әдемі жағалау сызығымен және көптеген велосипед жолдарымен ерекшеленеді. EuroVelo (European Cycling Network) және Еуропа бойынша велоспорт туризмін ілгерілету үшін ұйымдастырылған EuroVelo & Cycling Tourism конференциясы 2023 жылдың 11-13 қазаны аралығында ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: «АҚБӨКЕН» КЕҢ АУҚЫМДЫ ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ ӨТЕДІ

Елімізде бір ай бойы киік жануарын қорғау акциясы өтеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Бақыт Мұсалиев мәлім етті. Оның мәлімдеуінше, 2023 жылдың 15 сәуір мен 15 мамыр аралығында киік аңының төлдеуіне байланысты, табиғат қорғау заңнамасын бұзудың жолын кесу және қылмыстық топтардың заңсыз қызметін анықтап, жолын кесу жұмыстары ...

Читать далее »

Келес ауданында патриоттық әндер шырқалды

Келес ауданындағы Әшірәлі Кенжеев атындағы аудандық мәдениет үйінде патриоттық әндер кеші өтті. Шараға Астана қаласынан құрамында 20-дан астам дәстүрлі әншілері бар ән-би ансамбілі қонақ болып келіп, әуезді әндер шырқады. «Жыл басынан бері еліміздің аудан, ауылдарын аралап, патриоттық бағытта концерттік бағдарламар ұйымдастырып жатырмыз. Бастаманы жергілікті атқарушы орган өкілдері қолдап, осындай мәдениет сарайын пайдалануға беріп жатыр. Ол үшін алғысымыз шексіз. Патриоттық концерттен ...

Читать далее »

«Жұртқа жақын полиция» болмақ…

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтің бастамасымен және төрағалығымен «ҚР Президенті мен ҚР ІІМ тарапынан беріліп жатқан тапсырмалар мен орын алып жатқан оң өзгерістерді барлық жеке құрам назарына жеткізу, тәртіп пен заңдылықты сақтау, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шаралар туралы» маңызды жиын өтті. Маңызды шараға облысқа қарасты 17 ауданның жеке құрамы мен консультативтік кеңесші органның мүшелері, ...

Читать далее »

Түркістан: Тоғыз кәсіпкерге 226 млн. теңге айыппұл негізсіз салынған

Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің араласуымен 9 кәсіпкерге «Түркістан әлеуметтік — кәсіпкерлік» корпорациясы АҚ тарапынан айыппұл санкцияларын өндіріп алумен қойылған негізсіз талаптар алынып тасталды. Жеке кәсіпкерлер өз бизнестерінде туындаған проблемалық мәселелерін оңтайлы шешу үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметіне жүгініп, өтініш білдірді. Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасы, қалалық прокуратура және «Түркістан ӘКК» АҚ-ның қатысуымен кәсіпкерлердің шағымдарын бірлесіп қарау ...

Читать далее »

Түркістан: Бизнес өкілі лауазымды адамның әрекетімен ұзақ уақыт бойы кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыра алмаған

Түркістан облысының жер инспекциясы басқармасының қызметкерімен кәсіпкерге тиесілі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге қазу жұмыстарын жүргізгені үшін негізсіз әкімшілік айыппұл салынып, есеп шоттары бұғатталған. Нәтижесінде, ұзақ уақыт бойы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыра алмаған бизнес өкілінің құқықтары бұзылып, заңсыз айыппұл төлеуге әкеліп соққан. Бұл мәселе кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне жедел ден қою мақсатында өңірлік «Атамекен» облыстық кәсіпкерлер палатасында бизнес өкілдері үшін өткізілген жеке қабылдау ...

Читать далее »

Түркістан: Әкімдік қызметкерлері кәсіпкерлікке негізсіз кедергі келтірген

Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Ордабасы ауданында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін ішінара өзгерту бойынша әкімшілік кедергілер жасау фактісін анықтады. Бизнестің дамуына кедергілер Облыстық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп кәсіпкерлердің арыз — шағымдарын қарау барысында белгілі болды. Кәсіпкер аудан әкімдігіне бірнеше рет жолдаған өтініштері заңнамаға сәйкес іске асырылмай қалуы себебінен өтініш беруге мәжбүр болған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тікелей араласуымен ...

Читать далее »