Cаясат

ТҮРКІСТАН: АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАУДА

Бүгін Республика көлемінде ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы өтуде. Осыған орай, таңғы сағат 7.00-ден бері Арыс қаласы бойынша 34 сайлау учаскесінде мемлекеттік әнұран шырқалып, ресми түрде ашылды. Барлық сайлау учаскелері интернет, байланыс телефоны, бақылау камераларымен, қосымша электр көздерімен және арнайы басқа да құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Арыстықтар саяси науқанға таң атпай белсенділік танытуда. Алғаш келген сайлаушыларға арнайы кәдесыйлар да беріліп жатыр. ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ БЕЛСЕНДІ ТҮРДЕ ДАУЫС БЕРІП ЖАТЫР

Түркістан облысының тұрғындары таңмен таласа келіп, сайлауда белсенді түрде дауыс беріп жатыр. Өңірде дауыс беру сайлау заңнамасында бекітілген тәртіп бойынша сағат 7.00-де басталды. Еліміздің маңызды оқиғасынан шет қалмай, өз таңдауын жасауға келген аудан, қала тұрғындарының көңіл күйі көтеріңкі. Бүгін өңірдегі учаскелер ашылмай жатып, өз таңдауын жасауға келген түркістандықтардың қарасы қалың болды. Дауыс беру учаскелерінде алғашқы келген сайлаушыларға түрлі сыйлықтар үлестіріліп ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА АЛҒАШҚЫ КЕЛГЕН САЙЛАУШЫЛАРҒА СЫЙЛЫҚТАР ҮЛЕСТІРІЛДІ

Бүгін елімізде өтіп жатқан Президент сайлауына Мақтаарал ауданының тұрғындары да белсене қатысуда. Ауданның сайлау учаскелерінде алғашқы келген сайлаушыларға түрлі сыйлықтар үлестірілді. Ардагер қариялардан бастап алғаш рет дауыс беруге келген жастар, ақ жаулықты әжелер, ауыл келіндері, қарапайым ауыл шаруашылығы қызметкерлері, фермерлер, мұғалімдер, спортшылар, мәдениет қызметкерлері саяси науқанда белсенділік танытуда. «Мен алғаш рет сайлауға қатысып отырмын. Еліміздің Президентін сайлау — отандастарымыз үшін ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: 100 ЖАСТАҒЫ АҚСАҚАЛ АЛҒАШҚЫЛАРДЫҢ БІРІ БОЛЫП ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Сайрам ауданында ең белсенді дауыс берушілер таңсәріден келіп өз болашағына байланысты таңдау жасауда. Солардың бірі Қарасу ауылдық округіндегі N560 учаскесіне алғашқылардың бірі болып 100 жастағы Садық Қуатбеков ақсақал немерелерімен келіп, өз таңдауын жасады. Жалпы, аудан бойынша жалпы 86 учаскесі, 133 065 дауыс беруші бар. Барлық учаске өз жұмысын уақытылы бастады. Сайлау бойынша таңдау жасау кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

Читать далее »

ПАРТИЯЛЫҚ ЕМЕС БАЙҚАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ 22 МЫҢНАН АСТАМ БАЙҚАУШЫСЫ САЙЛАУҒА ҚАТЫСАДЫ

20 қарашада өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына Партиялық емес байқау орталығының 22 мыңнан астам байқаушысы қатысады.Байқаушылардың басты міндеті – сайлау кезінде азаматтардың өз еркін білдіру бостандығының бұзылуына жол бермеу. «Еліміздің барлық өңірінде 22 мыңнан астам адамды қамтитын байқаушылар пулын құрдық. Орталық пен аймақтық филиалдар байқаушыларды толық қамтыған 300-ге жуық оқу іс-шараларын өткізді. Оқу процесінде сайлау заңнамасының негіздеріне ерекше көңіл бөлінеді. ...

Читать далее »

ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ: ЕЛІМІЗДЕГІ 86 УЧАСКЕДЕ ДАУЫС БЕРУ БІР САҒАТ ЕРТЕ БАСТАЛАДЫ

20 қарашада өтетін кезектен тыс президент сайлауы кезінде еліміздегі 86 учаскеде дауыс беру 1 сағат бұрын басталады. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты. «Өкілеттіктерге сәйкес, сайлау заңнамасында көзделген тәртіппен тиісті аумақтық комиссиялары дауыс беруді бастаудың өзге уақытын белгілеу жөнінде шешім қабылдады. Облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының аумақтық комиссияларынан ұсынылған жедел мәліметтер бойынша тиісті аумақтық комиссиялардың ...

Читать далее »

САЙЛАУ КҮНІ ТМД-НЫҢ 8 ЕЛІНЕН 174 БАЙҚАУШЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Сайлау күнінде ТМД-ның 8 елінен 174 байқаушы жұмыс істейді. Бұл туралы ТМД байқаушылар миссиясының төрағасы Сергей Лебедев айтты. «Қазақстанда президент сайлауын байқау жөніндегі ТМД миссиясы жұмысын жалғастырып жатыр. Миссия төрағасы ретінде байқаудың соңғы кезеңіне басшылық жасау үшін Астанаға кеше ұшып келдім. Миссиямыз 27 қазаннан бері жұмыс істеп жатыр. Мемлекеттік құрылымдардың өкілдерімен, сайлауды дайындау және өткізуге жауапты тұлғаларымен кездестік. Ішкі істер, ...

Читать далее »

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның кезекті отырысы өтті

Комиссия құрамы Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 4 ақпандағы шешімімен бекітіліп, сәйкесінше, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша жұмысшы топ құрылған. Биылғы жылға саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның міндеттерін іске асыруға қажетті басқа да шығыстарға жергілікті бюджеттен 45 млн. теңге қаралып, қазіргі таңда заңға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілуде. Өңірлік комиссияның баспа қызметінің жоспарына сәйкес, құжаттар мен мақалалар ...

Читать далее »

САЙЛАУ-2022: ШЫҰ МИССИЯСЫНЫҢ БАЙҚАУШЫЛАРЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ШЫҰ миссиясы 20 қараша күні өтетін кезектен тыс президент сайлауын қадағалайды. «Қазір ғана ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровпен кездестім. Бұл Қазақстанның кезектен тыс президент сайлауында миссия байқаушыларының бүгіннен бастап жұмысқа кіріскенін білдіреді. Қазақстан — ШЫҰ-ға мүше мемлекет. Біз Қазақстан тарапынан шақырту алып, мүше мемлекеттердің барлығына сауал жолдап, бәрінен қолдау алдық. Құрамында 18 байқаушы бар миссияға өзім басшылық жасаймын», ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ТҰРҒЫНДАРЫ САЙЛАУ КҮНІ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ТЕГІН ЖҮРЕДІ

Сайлау күні түркістандықтар қоғамдық көлікпен тегін жүреді. Бұл күні шаhар аумағынан қатынайтын автобустар қалыпты режимде жұмыс істейді. Жалпы Түркістан қаласында 230-ға жуық қоғамдық көлік бар. Олар 24 бағытта тұрақты түрде қатынайды. Қазіргі таңда өңір тұрғындарын діттеген жеріне жеткізу үшін екі мекеме қызмет көрсетеді. Тұрғындарға мұндай жағдай жасау еліміздің өзге де аймақтарында жүзеге асуда. «Президент сайлауы күні халықтың жүріп-тұруына, сайлауға қатысуына ...

Читать далее »