Cаясат

ӨЗ ТАҒДЫРЫМЫЗДЫ ӨЗІМІЗ ЖАСАЙЫҚ!

20 қараша күні өтетін кезектен тыс Президент сайлауына міндетті түрде барамын. Осылайша мен елімнің, оның ішінде өзімнің туған жерімнің дамуына өз үлесімді қосатын боламын. Мемлекетіміздің болашағы үшін маңызы зор болған шараға қатысып, өз таңдауымды жасап, конституциялық құқығымды білдіру – ол менің ел азаматы ретіндегі міндетім деп білемін. Бұл күні әрбір қазақстандықтың даусы маңызды екенін ұмытпағанымыз абзал. Сайлауға жұбайым да, немерелерім ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДЫҚТАР САЙЛАУ УЧАСКЕСІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫ ОНЛАЙН АЛА АЛАДЫ

  20 қарашада Қазақстанда ел Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді. Осы орайда, Түркістан облысының әкімдігі тарапынан тұрғындарды тиісті ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігінің qov.kz ресми интернет ресурсында сайлау туралы мәліметтер екі тілдік нұсқада орналастырылған. Өңір тұрғындары https://tur.saylaw.kz/ сайтына кіріп, өзінің жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізе отырып, қай сайлау учаскесінен дауыс беретінін, сондай-ақ сол сайлау учаскесінің қай мекен-жайда орналасқанын біле ...

Читать далее »

Сайлаушылар тізіміне 11 миллионнан астам қазақстандық енді – ҚР ОСК

20 қарашада өтетін президенттік сайлауға 10101 учаске әзірленді, оның ішінде 53 елде 68 сайлау учаскесі құрылды. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтып берді. «Ел бойынша сайлауға барлығы 10 101 учаске іске қосылады, сайлаушылар тізіміне 11 950 485 азамат енгізілді. 4 қарашадан бастап ел тұрғындарына өздерін тізімнен тексеруге мүмкіндік берілді. Учаскелік комиссиялар өз өкілеттіктері бойынша тізімдердегі қателер ...

Читать далее »

Учаскелерде сайлаушылардың тұратын жерін анықтайтын онлайн сервис іске қосылады

Сайлау учаскелерінде азаматтардың нақты тұрғылықты жерін тексерудің онлайн сервисі ұйымдастырылады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров мәлімдеді. «Барлық сайлау учаскелерінде азаматтар өздерінің сайлаушылар тізіміне енгізілгенін тексеруге құқылы. Барлығына өздерін сайлаушылар тізімінде тексеру бойынша SMS хабарламалар жібіреілді. Бұл дауыс беру күнінде түсетін өтініштер санын азайту үшін жасалды. Оған мемлекет тарапынан қосымша шығындар қарастырылды. Кешеден бастап екінші рет SMS ...

Читать далее »

ЖИГУЛИ ДАЙРАБАЕВ САРАЙШЫҚТА АЙМАҚТЫҚ МЕДИЦИНА МӘСЕЛЕСІН КӨТЕРДІ

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев Атырау облысында болып, Сарайшық ауылының дәрігерлерімен кездесті. Кездесуде ауылдық жерлердегі медициналық қызметтің сапасы жайлы айтылды. Ауылдардағы инфрақұрылымның өзекті проблема­ларының бірі – медициналық сақтандырумен қамтамасыз ету. Тұрғындардың тұрақты жұмысы болмағандықтан меди­циналық сақтандыру қорына түсетін түсімдері жоқ. Сол себепті мемлекет тарапынан көрсетілетін медици­налық көмек ауылдықтарға арман күйінде қалып отыр. — Тығырықтан шығудың басқа жолы бар. Ол ...

Читать далее »

ҚАРАҚАТ ӘБДЕН ТҮРКІСТАН ЖҰРТЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Президенттікке кандидат Қарақат Әбден Түркістан қаласының жұртшылығымен жүздесу кезінде киелі мекеннің отандық туризмді дамытуда зор әлеуетке ие екенін атап өтті. Кездесу барысында жиналған жұртқа өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырған кандидат қоғамдағы өзекті сұрақтар мен туризм саласын дамыту мәселелеріне де тоқталды. Қ.Әбден атап өткендей, тарихи-мәдени ескерткіштер мен мәдени мұра нысандары көп шоғырланған Түркістан шаһарының туризмді дамытуда әлеуеті зор. — Түркістан – барша ...

Читать далее »

САЛТАНАТ ТҰРСЫНБЕКОВА ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова Өскемен қаласының тұрғындарымен кездесу кезінде аймақтағы күн тәртібінен түспей келе жатқан өзекті мәселенің бірі – ауаның ластануына қатысты ойын ашық білдірді. С.Тұрсынбекова Шығыс Қазақстан облысында орналасқан Өскемен, Риддер және Зырян қалалары ауаның ластануы бойынша алдыңғы қатарда тұрғандығын жеткізді. Экологтер Шығыс Қазақстан облысының өзендерін жоғары және орташа ластану деңгейі бар су ағындары қатарына жатқызатынын атап ...

Читать далее »

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ЖАҚТАСТАРЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ САЙЛАУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының сайлаушылармен кездесуі Маңғыстау облысында жалғасты. «Zhamal-ai LTD» арнайы киім және аяқ киім өндіретін фабрикаға барған Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары кәсіпорын ұжымына кандидаттың сайлауалды бағдарламасында көрсетілген бизнесті қолдау шаралары туралы айтып берді. «Президент сайлауы – мемлекетіміздің одан әрі даму бағытын айқындайтын маңызды қадам. 20 қарашада қазақстандықтар сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасау арқылы саяси мәдениеттің ...

Читать далее »

МЕЙРАМ ҚАЖЫКЕН АЛМАТЫДА ТАРИХ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидаттардың бірі Мейрам Қажыкен Алматыда тарих және мәдениет қызметкерлерімен кездесті. «Алатау» театрында өткен кездесуде ол өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырып, мәдениет саласындағы маңызды сұрақтарға жан-жақты тоқталды. «Мәдениет арқылы елде толеранттылық, азаматтық және патриотизм қалыптасады. Ұлттық мәдениетті дамытумен қатар тұтас халқымыздың бірлігін бекемдейтін мәдени дәстүрлерді үйлесімді дамыту қамтамасыз етіледі», деді ол. М.Қажыкен тамыры тереңге жайылған ұлттық мәдениетті сақтаудың маңыздылығын ...

Читать далее »

НҰРЛАН ӘУЕСБАЕВ АҚТАУ ҚАЛАСЫНДА САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚР президенттігіне кандидат Нұрлан Әуесбаев Ақтау қаласындағы Абай атындағы Мәдениет сарайында сайлаушылармен кездесті. Өңірдегі өзекті мәселелерге қатысты ойЫН жеткізіп, нақты ұсыныстарын айтты. Іс-шара барысында кандидат жиналған қауымға өзінің сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары жөнінде баяндап берді. Өз сөзінде Нұрлан Әуесбаев батыс өңірлерде инфрақұрылым мәселелерінің әлі де түйіні тарқамай отырғанын атап өтті. «Мемлекетті басқару үлгісін президенттік биліктен парламенттік-президенттік билікке ауыстыру арқылы ғана ...

Читать далее »