Cаясат

МЕНІҢ ТАҢДАУЫМ – ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ

Кезінде ежелгі Римде азаматтық құқықтан айыру, азаматтық құқықтардың ішінде сайлауға қатысу құқығынан, саяси шешім қабылдауға араласу құқығынан айыру — ең маңызды және ең қауіпті жаза болған екен. Себебі, сайлау арқылы адамдар өз құқығын, өз таңдауын жүзеге асырып қана қоймайды, елдің болашағын айқындауға ықпал етеді. Сайлау құқығы — саяси ерік-жігердің өзегі, саяси билікті айқындаудың белгісі! Англиядағы, Франциядағы, т.б. буржуазиялық революциялар — ...

Читать далее »

20 ҚАРАША — ЕЛ ТАРИХЫНДАҒЫ ЕЛЕУЛІ КҮН

2022 жылы 21 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлау күнін белгілейтін жарлыққа қол қойды. Алдағы сайлауда жеңіске жеткен кандидат елді жеті жыл басқармақ және ол ең жоғары лауазымды қызметті бір-ақ мерзім атқарады, қайта сайлана алмайды. Елдің ішкі және сыртқы сын-қатерлерге лайықты жауап беру мүмкіндігі, қоғамның біртұтастығы, мемлекеттің тұрақтылығы — бірқалыпты және тұрақты саяси жүйеге байланысты. Сайлау туралы білу ...

Читать далее »

БҰЛ САЙЛАУ ЖАҢА ДӘУІРГЕ ЖОЛ АШАДЫ

Биыл 20 қараша күні елімізде үлкен саяси маңызды оқиға – Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді. Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткерлер арасынан талапқа сәйкес 6 үміткерді тіркеді. Қазіргі таңда үміткерлердің сенімді өкілдері айқындалып, қарқынды үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, алдағы Президент сайлауы – еліміздің болашағына әсер ететін маңызды оқиға. Сондықтан, осындай тарихи шақта ел тағдырына бей-жай қарамай, саяси ...

Читать далее »

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ — АЗАМАТТЫҚ МІНДЕТ

Бүгінгі таңда елімізде халықтың әл-әуқатын арттыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Қазақстанның алдында ұлы мақсаттар тұр. Елімізде әр азаматтың өз қабілетін іске асыруына барынша қолайлы жағдай жасалған. Қолынан іс келетін, қоғам ісіне белсене атсалыса алатын әрбір адамның жақсы өмір сүруіне, қолайлы мемлекетті құруға өз үлесін қосуына мүмкіндігі бар. 20 қараша күні кезектен тыс Президент сайлауы өтетіні жайлы Үндеу жарияланғалы ...

Читать далее »

ХАЛЫҚ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАУЫ КЕРЕК

Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауы 20 қараша күні өтетіні белгілі. Қазіргі таңда кандидаттар еліміздің барлық өңірлерін аралап, өздерінің сайлауалды бағдарламаларын таныстыруда. Шын мәнінде бұл сайлаудың маңызы зор. Өйткені еліміздің болашағын айқындар, ел тұтқасын ұстап, мемлекетімізді одан әрі дамытатын тұлғаны тұтас қоғам бірге анықтаса, еліміздің әрбір азаматының белсенділігі көрінсе ғана еліміз алға дамымақ. Бұл тек Президентті ғана таңдау емес, ел болашағы ...

Читать далее »

ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ ҮШІН ТАҢДАУ ЖАСАЙМЫН

Сайлау — халықтың мемлекетті басқаруға қатысуының, бақылауының негізгі нысаны. Сайлаудағы әрбір дауыс маңызды. Өйткені, ол барша қазақстандықтардың болашағы. Өркениетті елдерде азаматтар саяси оқиғалардан тысқары қалмайды. Әсіресе, мемлекет басшысының сайлауына белсене қатысады. Бұл – әр адамның өз келешегіне жауапкершілікпен қарауы деген сөз. Сол себепті де бұған немқұрайлы қарауға болмайды. Себебі сайлауда мемлекеттің болашағы үшін, саяси тұрақтылығы мен дамуы үшін таңдау жасалады. ...

Читать далее »

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ АҚТӨБЕЛІК ЖҰМЫСШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық штабтың мүшелері Ақтөбе облысының тұрғындарымен кандидаттың сайлау алдындағы бағдарламасының басымдықтарын талқылады. «Ақтөбе рельс-Арқалық зауыты» ЖШС еңбек ұжымымен кездесуде кандидаттың сайлау алдындағы бағдарламасында көрсетілген ел өнеркәсібін дамытуға арналған шаралар талқыланды. — Ақтөбе облысы – еліміздегі маңызды индустриалды өңір. Еңбексүйгіш ақтөбеліктер облыстың өсіп-өркендеуінің негізі екені сөзсіз. Сіздер әрдайым еліміздегі реформаларды, бейбітшілікті және ...

Читать далее »

МЕЙРАМ ҚАЖЫКЕН: ЖАСТАР – ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫ

Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен Ақтөбе облысында үгіт-насихат кездесулерін өткізді. Үміткер өңірге сапары кезінде алдымен «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС жұмысшыларымен жүздесіп, сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын егжей-тегжей түсіндірді. Жиында білім беру, қорғаныс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыптары кеңінен қозғалды. Ал Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің студенттері және профессор-оқытушыларымен кездесу кезінде болашақ мамандарды тұрғын үй сатып алу және ...

Читать далее »

БҮГІН ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ КАНДИДАТТАР ТЕЛЕДЕБАТҚА ШЫҒАДЫ

11 қарашада сағат 20:00-де «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде Орталық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Қазақстан Президенттігіне кандидаттардың және олардың сенімді өкілдерінің қатысуымен телевизиялық дебат өтеді. Регламентке сәйкес, теледебат төрт раундтан тұрады. Бірінші раунд – «Сайлауалды бағдарламаның таныстырылымы». Онда қатысушылар сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыт-бағдарын таныстырады. Екінші раундта «Пікірсайыс сессиясы» өтеді. Онда әр қатысушы өзі таңдаған екі оппонентіне бір-бір сұрақтан қояды. Үшінші раунд — ...

Читать далее »

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ — ЕЛ РЕФОРМАСЫН ЖАҢАША ІЛГЕРІЛЕТУГЕ ҮЛЕС ҚОСУ

Бірлік, татулық, ынтымақ деген ұғымдар – мәңгілік бөлінбейтін, берекесін бірге ұстаған еліміздегі ең биік ұғым, сан ғасырлар бойғы дана халқымыздың бойына сіңген асыл қасиеттерінің бірі. Бабаларымыз ортақ келісім мен ауызбірлікті, жарасымдылық пен сыйластықты мүдделі түрде еліміздің біртұтастығын сақтауда әрдайым биік ұстаған. Біздің Отанымызда 130-дан астам ұлт пен ұлыстардың өкілдері тұрады. Біртұтас бірлігі жарасқан еліміздің халық саны жыл санап көбеюде, Отанымызда ...

Читать далее »