Cаясат

Қазақстан туралы кітаптар алғаш рет Дубайдың Ұлттық кітапханасына сыйға тартылды

Екіжақты мәдени байланыстарды нығайту аясында Қазақстан Республикасының Дубайдағы Бас консулдығы Мұхаммед бен Рашед атындағы Ұлттық кітапханаға еліміз туралы кітаптар жинағын сыйға тартты. Араб әлеміндегі ең ірі кітапхананың қоры қазақтың тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі, табиғаты және Қазақстанның қазіргі жетістіктері туралы түрлі кітаптар жинағымен толықты. Дубай Ұлттық кітапханасының төрағасы Мұхаммед Әл-Мурр Бас консулдыққа бағалы сыйлық үшін алғысын білдіріп, бұл кітаптар келушілерге Қазақстанның бай ...

Читать далее »

Софияда Астана халықаралық форумының қорытындылары талқыланды

Болгар ғылым академиясының Экономикалық зерттеулер институтында 2023 жылғы 8-9 маусымда Қазақстанның елордасында «Диалог арқылы сын-қатерлерді еңсеру: ынтымақтастық, даму және прогресс жолында» тақырыбымен өткен Астана халықаралық форумының қорытындыларына арналған дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысына Институт басшылығы, сарапшылар қоғамдастығының, ғылыми және академиялық топтардың, БАҚ өкілдері, сондай-ақ Қазақстан достары клубының мүшелері және басқалар қатысты. Өзінің кіріспе сөзінде Қазақстан Елшісі Виктор Темірбаев геосаяси ...

Читать далее »

Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы Чехияның жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шықты

Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (ҚазҰӨА) Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен «Prague Quadrennial-PQ 2023» беделді театр және сахналық дизайн фестиваліне қатысты. Праганың көрме орталығы 70 мыңға жуық көрермен жинады, олардың арасында әлемнің 100-ден астам елінен 8 мыңға жуық кәсіби өнер шеберлері, студенттер және басқа да белсенді қатысушылар болды. ҚазҰӨА проректоры, профессор Қабыл Қалыков бастаған Қазақстан өкілдері фестивальдің көрмелерден, ...

Читать далее »

Түркістанда Мұстафа Кемал Ататүріктің ескерткіші орнатылады

Түркістанда Түркия Республикасының 100 жылдығына орай, Осман империясынан кейінгі кәсіби Республиканың негізін қалаған танымал мемлекет қайраткері, саясаткер және реформатор Мұстафа Кемал Ататүріктің ескерткіші орнатылмақ. Бұл келісімге Түркістан қаласы әкімдігі мен Стамбұл қаласы Малтепе провинциясы арасындағы меморандум негізінде қол жеткізілмек. Ескерткішті орнату жұмыстарын Түркия Республикасы толық қаржыландыратын болады. Қазіргі таңда ескерткіш бой көтеретін орынжай белгіленіп жатыр. Екі ел арасындағы достық қатынасты ...

Читать далее »

Қазақстан СІМ-де Еуроодақпен ынтымақтастықты көпжоспарлы дамыту мәселелері талқыланды

Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Еуропалық одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Терхи Хакаламен және Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметі Бас хатшысының орынбасары Энрике Морамен кездесті. Тараптар «ОА-ЕО» форматындағы өңіраралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, Қазақстан мен ЕО арасындағы перспективалы жобаларды дамытуға өзара қызығушылық танытты. Жуырда Брюссельге жасаған сапары барысында еуропалық серіктестермен келіссөздердің сындарлы сипатын атап ...

Читать далее »

Қазақстан Елшісі Монако Князіне сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстанның Франциядағы және Монакодағы қоса атқарушы Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова Монако Князі Альбер II-ге сенім грамоталарын табыс етті. Сенім грамоталарын тапсыру рәсімінен кейін өткен сұхбат барысында Елші ҚР Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізін жеткізіп, Қазақстанның екі ел арасындағы байланыстарды одан әрі кеңейтуге және нығайтуға мүдделілігін растады. Қазақстандық дипломат Монако Князін елдегі ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістермен таныстырып, Қазақстанның халықаралық бастамалары, атап ...

Читать далее »

«Орталық Азия – Еуропалық Одақ» жоғары деңгейдегі диалогының мерейтойлық оныншы отырысы өтті

Қазақстан елордасында Саясат пен қауіпсіздік мәселелері жөніндегі «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» жоғары деңгейдегі диалогының мерейтойлық оныншы отырысы өтті. Оның барысында қатысушылар өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі серпінді дамыту өзара мүдделерге сай келетініне келісті. Отырысқа Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары, Түрікменстан Астанадағы елшісі деңгейінде қатысты. ЕО делегациясына Еуропалық сыртқы істер қызметі Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары ...

Читать далее »

Қазақстан мен Молдованың инвестициялық мүмкіндіктері бизнес-форумда талқыланды

Қазақстанның Молдовадағы Елшілігінің бастамасымен ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің, Молдованың Вице-Премьері – Ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі министрі Владимир Боляның, сондай-ақ екі елдің мемлекеттік органдарының, квазимемлекеттік құрылымдарының және іскер топтары өкілдерінің қатысуымен бейнеконференция режимінде «Қазақстан – Молдова: жаңа мүмкіндіктер» атты бизнес-форумы ұйымдастырылды. Форумды аша отырып, Қазақстанның Елшісі Алмат Айдарбеков бұл іс-шара тұңғыш рет өткізіліп отырғанын айтып, оның Қазақстан-Молдова өзара ...

Читать далее »

Ханойда Қазақстан-Вьетнам достық концерті өтті

Гранд концерт-холлда Қазақстан мен Вьетнам халықтарының достығына арналған концерт өтті. Іс-шараны Қазақстанның Вьетнамдағы Елшілігінің көмегімен қазақстандық әртістердің қатысуымен Вьетнам ұлттық музыка академиясы ұйымдастырды. Бұл үлкен мәдени шара Қазақстанның Халық әртісі, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсаходжаеваның, сондай-ақ «Сырлы Саз» фольклорлық ансамблінің өнерімен безендірілді. Вьетнам тарапынан Ханой камералық оркестрі мен Вьетнам музыка академиясының әртістері өнер көрсетті. Әлемге әйгілі әртіс А. Мұсаходжаева ...

Читать далее »

Қазақстан мен Өзбекстан өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан Республикасының Елшісі Бейбіт Атамқұлов Өзбекстан Республикасының Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лализ Кудратовпен кездесті. Тараптар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы желтоқсандағы Ташкент қаласына мемлекеттік сапарының қорытындылары бойынша берілген тапсырмалардың іске асырылу барысын талқылады. Тауар айналымын одан әрі ұлғайту жөніндегі перспективалық міндеттерді ескере отырып, тараптар өткізу пункттерінің жүк тасымалын едәуір ұлғайтуға дайындығына маңызды мән берді. Бұдан басқа халықаралық ...

Читать далее »