Cаясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Polpharma SA компаниясы бақылаушылар кеңесінің төрағасы Ежи Старакпен кездесті

 Кездесу барысында компанияның Қазақстандағы қызметінің негізгі бағыттары, сондай-ақ фармацевтика саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Президентке Шымкент қаласында жүргізіліп жатқан ірі ғылыми-зерттеу орталығы мен зертхана құрылысының барысы жөнінде мәлімет берілді. Орталықта озық  әлемдік талаптарға сай келетін толық өндірістік цикл іске қосылады. Қасым-Жомарт Тоқаев компания басшылығының Қазақстандағы фармацевтика өнеркәсібін дамыту қызметіне жоғары баға берді. Сонымен қатар Президент отандық денсаулық сақтау ...

Читать далее »

Мемлекет басшысы Сitigroup компаниясының өкілі Дэвид Ливингстонды қабылдады

Мемлекет басшысы Сitigroup компаниясының Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша бас атқарушы директоры Дэвид Ливингстонды қабылдады. Кездесу барысында халықаралық қаржы институтының еліміздегі қызметінің перспективалары талқыланды. Президент еліміздің қаржы секторындағы цифрлық трансформацияны дамыту ісіндегі компания басшысының күш-жігерін жоғары бағалады. Дэвид Ливингстон Мемлекет басшысына былтыр Сitibank Kazakhstan Астана халықаралық биржасының Құнды қағаздар орталық депозитарийіне (AIX CSD) мүше болғанын жеткізді. Оның айтуынша, бұл ...

Читать далее »

Мемлекет басшысы Дүнижүзілік банктің вице-президенті Антонелла Бассанимен кездесу өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Антонелла Бассаниді Дүнижүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия бойынша вице-президенті лауазымына тағайындалуымен құттықтады. Мемлекет басшысы Дүниежүзілік банк осы уақытқа дейін Қазақстандағы түрлі жобаларға 8 миллиард доллардан астам қаржы бөлгенін атап өтіп, қаржы институтының елімізбен серіктестігі жалғасын табатынына сенім білдірді. Президент елімізде көмірсутегі бейтараптығына жету үшін 2035 жылға дейін жалпы қуаты 10 ГВт «таза» энергия өндірісін іске қосу,  сондай-ақ ...

Читать далее »

Мемлекет басшысы Азия даму банкінің президенті Масатсугу Асакавамен кездесті

Кездесу барысында Азия даму банкінің Қазақстандағы жобаларды қаржыландыру мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы келесі жылы Қазақстан мен Азия даму банкі арасындағы ынтымақтастықтың 30 жылдығы атап өтілетініне тоқталып, еліміздің экономикалық дамуына үлес қосқаны үшін банк басшылығына алғыс айтты. Өз кезегінде Масатсугу Асакава Президентке қаржы институтының 2023-2027 жылдарға арналған Қазақстанмен серіктестік стратегиясы жөнінде мәлімет берді.

Читать далее »

Президент Eni S.p.A компаниясының бас атқарушы директоры Клаудио Дескальциді қабылдады

Кездесу барысында компанияның Қазақстандағы қызметіне қатысты мәселелер, сондай-ақ Қашаған және Қарашығанақ кен орындарындағы маңызды мұнай-газ жобаларын іске асыру жоспары қарастырылды. Мемлекет басшысына еліміздің мұнай-газ саласын одан әрі дамыту жөніндегі консорциум жұмысының негізгі бағыттары туралы ақпарат берілді. Атап айтқанда, Қарашығанақта қуаты 4 миллиард текше метр болатын газ өңдеу зауытын салу перспективалары талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Eni S.p.A компаниясы Қазақстанның энергетика саласындағы стратегиялық ...

Читать далее »

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында сөз сөйледі

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Геосаяси шиеленіс пен протекционизмнің белең алуы әлемдік экономиканы өзгертіп жатыр. Бұл экономиканы баяулатып қана қоймай, жаһандық өсім мен тұрақтылыққа кедергі келтіруде. Алайда кез келген дағдарыс жаңа мүмкіндікке жол ашатынын уақыт көрсетті. Орасан зор технологиялық серпін беретін «цифрландыру» осындай мүмкіндіктің бірі деп санаймыз. Цифрландыру қарқыны экономиканың дамуына зор ықпал етіп, бүгінгі күн тәртібінің бағыт-бағдарын айқындап берді. Жасанды интеллект, блокчейн, ...

Читать далее »

Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысына қатысу үшін Қазақстанға келген Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесу өткізді. Кездесу барысында елімізде энергетика, көлік-транзиттік тасымал, «жасыл» экономика, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік салаларындағы бірқатар инвестициялық жобаны іске асыру перспективалары талқыланды. Кездесуде олар Еуропалық қайта құру және даму банкінің Қазақстандағы қызметінің перспективалары мен алдағы ынтымақтастықтың басым бағыттары жөнінде пікір алмасты.

Читать далее »

Мемлекет басшысы сөз сөйлегеннен кейін CNN журналисті, форум модераторы Ричард Квесттің сұрағына жауап берді

Модератор: «Президент мырза, Сіз делегаттар мен қатысушыларды диалогқа шақыратын ашықтық пен төзімділік туралы айттыңыз. Жалпы, Форумның сәтті өтуіне қатысты көзқарасыңыз қандай?» Қасым-Жомарт Тоқаев: «Меніңше, біз қазіргі проблемалардың, адамның өміріне қауіп төндіретін мәселелердің мәніне тереңірек үңілуіміз керек. Шын мәнінде, әлемдегі қарапайым адамдардың өмірі қиындай түсті. Біз, ең алдымен, мұны мойындауымыз керек. Екіншіден, біз атышулы мәселелерге ғана назар аудармауымыз керек. Біз осы ...

Читать далее »

Президент Халықаралық Аралды қорғау қорын қолауға көбірек қаржы бөлуге шақырады

«Аймақтағы екі үлкен өзен Сырдария мен Әмудариядағы су деңгейі 2050 жылға қарай 15 пайызға түседі. Біз аймақтағы экологиялық апаттың алдын алу үшін Халықаралық Аралды қорғау қорын қолауға көбірек қаржы бөлуге шақырамыз. Су мен климаттың өзгеру мәселесі өзара тығыз байланысты. Орталық Азия – су қауіпсіздігін сақтау тығыз әріптестік және бірлескен  тиімді шараларды жүзеге асыру арқылы ғана шешілетін аймақ. Аймақтағы климат және ...

Читать далее »

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумының пленарлық отырысына қатысып, сөз сөйледі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана халықаралық форумының пленарлық отырысындағы сөзі «Астана халықаралық форумына қош келдіңіздер! Мұнда барлық құрлықтан достарымыз бен әріптестеріміз, сондай-ақ үкіметтердің, дипломатия, бизнес және ғылыми топтардың өкілдері жиналып отыр. Аса қадірлі қонақтарымыз – Қатар Әміріне, Қырғызстан Президентіне, Босния және Герцеговина Президиумының Төрағасына, Өзбекстан Премьер-министріне және форумның басқа да құрметті қатысушыларына  шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздердің осы жиынға арнайы келуге шешім ...

Читать далее »