Қазақстанның Америка Құрама Штаттарындағы Елшілігі америкалық жұртшылыққа Вашингтондағы ең беделді кинотеатрлардың бірінде қазақстандық фильмнің эксклюзивті көрсетілімін және қазақ совет киносы туралы кітаптың тұсаукесерін ұсынды. Америкалық истеблишмент өкілдері, жетекші халықаралық сарапшылар, шет мемлекеттердің елшілері мен дипломаттары кино арқылы Қазақстанның өнері мен мәдениетімен танысуға мүмкіндік алды. Келген қонақтарды қошеметтей отырып, Қазақстан Елшісі Ержан Ашықбаев іс-шарадағы кино мен әдебиеттің керемет үйлесімі батыстық аудиторияға ...
Читать далее »Cаясат
Исламабадта діни лидерлердің жаһандық бейбітшілікке жетудегі рөлі талқыланды
Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігі Н. Назарбаевтың конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту орталығымен, сондай-ақ Исламабад халықаралық ислам университетінің Исламды зерттеу институтымен бірлесіп гибридті форматта «Жаһандық бейбітшілік пен орнықты әлеуметтік және экономикалық дамуға қол жеткізудегі діни лидерлердің рөлі» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырып, оның аясында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII cъезінің негізгі месседждері және оның қорытынды декларациясы талқыланды. Іс-шараға Қазақстан, Пәкістан, Әзербайжан, Түркия, Иран сарапшы ...
Читать далее »Гданьск қаласында Қазақстан мен Польша халықтары арасындағы достықтың тарихи алғышарттары талқыланды
Қазақстанның Польшадағы Елшісі Әлім Қирабаев Қазақстан-Польша тарихи комиссиясының III отырысына қатысты. «2022 жылы екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жылдығы аясында тарих мәселелері жөніндегі Қазақстан-Польша комиссиясын құру туралы бастама уақтылы болды. Қазіргі уақытта тарих мәселелері маңызды болып табылады. Осыған байланысты тарихи оқиғалардың объективті фактілерін анықтауға бағытталған тарихшы мамандардың жұмысы негізгі рөл атқаруда», – атап өтті қазақстандық дипломат. «Мәдениет, білім ...
Читать далее »Әлихан Смайылов Дохада Power International Holding төрағасы Мутаз әл Хайятпен кездесті
Доха қаласында өтіп жатқан Қатар экономикалық форумы аясында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Power International Holding төрағасы Мутаз әл Хайятпен кездесті. Тараптар медицина, ауыл шаруашылығы және туризм салаларындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Power International Holding — Таяу Шығыстағы ірі конгломераттардың бірі. Оның қатысуымен футболдан Әлем чемпионаты қарсаңында Қатарда үлкен объектілер салынды. Холдингтің негізгі бағыттары құрылыс, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, денсаулық ...
Читать далее »Румыния СІМ-де Қазақстанмен екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды
Қазақстанның Румыниядағы Елшісі Ерлік Әли Румыния Сыртқы істер министрлігінің Жаһандық істер және дипломатиялық стратегия бойынша Мемлекеттік хатшысы Траян Христеамен кездесті. Тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты, «Еуропалық одақ – Қазақстан» және «Еуропалық одақ – Орталық Азия» форматтарындағы сауда, транзит-көліктік, энергетикалық және IT салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Е. Әли Қазақстанның сыртқы саяси бағытындағы соңғы жаңалықтармен бөлісті: ҚР ...
Читать далее »Қазақстан мен Пәкістан жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытуда
Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігінің қолдауымен Қазақстан мен Пәкістанның университеттері – Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті мен Кайд-е-Азам университеті арасында өзара түсіністік туралы шекті келісімге қол қою салтанатты рәсімі ұйымдастырылды. ҚТУ-дың атынан атқарушы директор, профессор Аристотель Исагулов, ал Кайд-е-Азам университетінен проректор, доктор Ниаз Ахмад Ахтар қатысты. Тараптар университеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту және нығайту бойынша практикалық қадамдарды имплементациялауға қызығушылық білдірді. Өз тарапынан ...
Читать далее »Софияның астаналық кітапханасы қазақ шығармаларын жоғары бағалайды
Гуманитарлық ғылымдар саласындағы ынтымақтастықты одан әрі ілгерілету мақсатында Қазақстанның Болгариядағы Елшісі Виктор Темірбаев София астаналық кітапханасының директоры Юлия Цинзовамен кездесті. Сұхбат барысында әңгімелесушілер қазақстандық және болгар кітапханалары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін жан-жақты талқылап, сондай-ақ жақын арада бірлескен мәдени іс-шараларды өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Сонымен қатар, болгар жұртшылығын қазақ тарихы мен әдебиетімен кеңінен таныстыру мақсатында В. Темірбаев Елшіліктің атсалысуымен ...
Читать далее »Қазақстан мен Еуроодақ әріптестікті нығайту бойынша практикалық қадамдарды талқылауда
Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мен Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметінің Ресей, Шығыс әріптестік, Орталық Азия және ЕҚЫҰ бойынша басқарушы директорының орынбасары Люк Девиньнің төрағалығымен саяси конфигурациядағы «Қазақстан Республикасы – Еуропалық одақ» ынтымақтастық комитетінің 20-шы отырысы өтті. Іс-шараға қазақстандық министрліктер мен ведомстволардың, Еуропалық комиссияның түрлі директораттарының өкілдері, сондай-ақ елімізде аккредиттелген Еуроодаққа мүше елдердің дипломатиялық корпусының өкілдері қатысты. Келіссөздердің негізгі ...
Читать далее »Президент Еуразиялық экономикалық форумның пленарлық отырысына қатысу үшін «Зарядье» концерт залына келді
Мемлекет басшысын Ресей Президенті Владимир Путин қарсы алды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Көпполярлы әлемдегі еуразиялық интеграция» атты Еуразиялық экономикалық форумындағы сөзі: «Енді Одақты дамытудың жаңа басымдықтарын айқындау қажеттігі туралы сұрағыңыздың екінші бөлігіне тоқталып өтейін. Кез келген істі қолға алғанда әрдайым қазіргі проблемаларды ғана шешіп қоймай, келешектегі жұмысты да жоспарлау керек екені сөзсіз. Сондай-ақ айналадағы жағдайдың өзгеруіне байсалды қарау керек. Мұның ...
Читать далее »Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 25 мамыр күні өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу үшін Мәскеуге келді Бүгін Президент «Көпполярлы әлемдегі еуразиялық интеграция» атты Еуразиялық экономикалық форумының пленарлық отырысына қатысады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар форумға Ресей Президенті Владимир Путин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров қатысады, сондай-ақ Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин бейнебайланыс режимінде сөз сөйлейді ...
Читать далее »