ҚазАқпарат Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайдың CCTV телеарнасына берген сұхбатынан үзінділер жариялайды. – Әділдікті ту еткен Жаңа Қазақстан құрғыңыз келетінін талай рет айттыңыз. Өзіңіздің ел басқару философияңыз туралы қысқаша айтып өтсеңіз. Жалпы, Қазақстанды қай бағытта дамытқыңыз келеді? – Мен елімнің Еуразия құрлығында жүріп жатқан үдерістердің ортасында болғанын қалаймын. Қазақстан әлемнің осы бөлігіндегі сауда жолдары мен халықаралық қатынастарды реттеуде аса маңызды рөл ...
Читать далее »Cаясат
Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Америка Құрама Штаттарының Елшісі Дэниел Розенблюмді қабылдады
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Америка Құрама Штаттарының Елшісі Дэниел Розенблюмді қабылдады. Тараптар қазақстандық-америкалық әрекеттестіктің өзекті мәселелері мен перспективалары бойынша пікір алмасты, сондай-ақ халықаралық күн тәртібі мен алдағы іс-шаралар кестесін талқылады. Министр екіжақты және көпжақты форматтардағы өзара тиімді ынтымақтастықтың жоғары динамикасына қанағат білдіріп, саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды одан әрі белсендету маңыздылығын баса атап өтті. ...
Читать далее »Саяси және экономикалық ынтымақтастықты нығайтудың өзекті мәселелері Еуроодақ Елшісімен талқыланды
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Еуропалық одақтың (ЕО) Қазақстан Республикасындағы Өкілдігінің басшысы Елші Кестутис Янкаускаспен кездесу өткізді. Тараптар Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімнің әлеуетін толық іске асыру жөніндегі алдағы қадамдарды талқылады. СІМ басшысы КӘЫК-та көзделген диалог алаңдарының тиімді жұмысын, сондай-ақ өңіраралық деңгейде қарқынды дамып келе жатқан ынтымақтастықты қанағаттанушылықпен атап өтті. ...
Читать далее »Қазақстан СІМ-де Ұлыбританияның Корольдік қорғаныс зерттеулер колледжінің өкілдері үшін брифинг өтті
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Ұлыбританияның Корольдік қорғаныс зерттеулері колледжінің (RCDS) қатысушыларына брифинг өткізді. «RCDS» – Құрама Корольдіктің және басқа елдердің аға офицерлері мен лауазымды тұлғаларын даярлауға арналған Ұлыбританияның әскери академиясының колледжі. «Жаһандық стратегия» бағдарламасы аясында Қазақстанға келген топтың құрамына АҚШ, Аустралия, Жаңа Зеландия, Жапония, Катар, Кувейт, Ливан, Непал, Румыния, Ұлыбритания, Чили және басқа елдердің өкілдері кірді. ...
Читать далее »Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Мұстафа Капуджуны қабылдады
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Мұстафа Капуджуны қабылдады. Сұхбаттастар екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен даму перспективаларын талқылап, халықаралық және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. М. Нұртілеу қазақ-түрік қатынастарының үлгілі сипатын атап өтіп, сауда-экономикалық ықпалдастық пен өндірістік кооперацияны одан әрі нығайтудың және бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың қажеттілігін мәлімдеді. ...
Читать далее »Халықаралық қатынастар жүйесінде 30 жылдан астам жұмыс істеген дипломат
Бүгін Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы бірінші Тұрақты өкілі, бұрынғы Сыртқы істер министрі, Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Ақмарал Хайдарқызы Арыстанбекова 75 жылдық мерейтойын атап өтуде. Аса құрметті Ақмарал Хайдарқызының Тәуелсіздік таңында егемен Қазақстанның дипломатиялық қызметінің қалыптасуына қосқан баға жетпес үлесі, халықаралық саяси қызметтегі, әлемдік қоғамдастықта ұлттық мүдделер мен игі бастамаларды ілгерілету жөніндегі іс-шаралардағы белсенді еңбегі, сондай-ақ мемлекетіміздің игілігі үшін жанқиярлығы ...
Читать далее »Түркістандық қолөнершілер Әзірбайжандағы халықаралық фестивальде ұлттық құндылықтарымызды дәріптеді
Қазақстан түркі елдерімен мәдени байланысты нығайта түспек. Осы орайда, Әзірбайжан Республикасының Шуша қаласында Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының ұйымдастыруымен «Түркі әлемінің мәдени астанасы — Шуша 2023» іс-шарасы және «Хары-бюльбюль» халықаралық фольклорлық фестивалі өтіп жатыр. Аталған іс-шараларға Қазақстанмен қатар, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан сынды түркітілдес мемлекеттердің өкілдері де қатысып жатыр. Бүгін Шушадағы мәдени іс-шараларға түркітілдес мемлекеттердің мәдениет министрлері арнайы қатысты. Олардың қатарында Қазақстан Республикасының ...
Читать далее »Түркістан облысының делегациясы Қытайға іссапармен барып, маңызды келіссөздер жүргізді
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бастаған делегация Қытай Халық Республикасына іссапармен барып, бірнеше қалаларындағы әлемге әйгілі ірі компаниялардың жұмысымен танысты. Экономикалық дамуы бойынша халықаралық тәжірибе жинақтап, Түркістан өңірінде енгізу, облыс аумағында зауыт-фабрикалар ашу, халықтың әл-ауқатын арттыру – басты мақсат. Жұмыс сапары барысында ауқымды Қытай нарығының тәжірибесін пайдалана отырып, Түркістан облысында өңдеу өнеркәсібі саласында иірілген жіптер, маталар мен кілемдер өндірісі мен ...
Читать далее »Қазақстан Елшісі Алжир Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Қазақстан Елшісі Қайрат Лама Шариф «Мурадиа» сарайында Алжир Халық Демократиялық Республикасының Президенті Әбделмәжид Теббунге Қазақстанның Алжирдегі Елшісі қызметін қоса атқарушы ретінде сенім грамоталарын табыстады. Салтанатты рәсімнен кейін өткен кездесу барысында Елші Алжир басшысына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебіздері мен ізгі тілектерін жеткізіп, елімізде Қазақстан мен Алжир арасындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, оның ішінде сауда-экономикалық және көліктік-логистикалық өзара іс-қимылды ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРЫ КӨБЕЙЕДІ
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев мәлім етті. 133 мыңнан астам халық өмір сүріп отырған Келес ауданында 54,4 мың адам жұмыспен қамтылған болса, жұмыссыздық деңгейі 5,1 және жастар жұмыссыздығы 3,9 пайызды құрайды. Өткен жылы ауданда өндірілген аумақтық жалпы өнім көлемі 107,5 млрд. теңгені құраса, биыл бұл көрсеткішті 119,3 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланған. Сонымен қатар, алдағы ...
Читать далее »