Cаясат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА САЙЛАУ КҮНІНДЕ 90 СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

Сайлау күнінде Түркістан облысы бойынша 90 нәресте дүние есігін ашты. Түркістан облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасының хабарлауынша, 46 ер бала, 44 қыз, оның ішінде 2 егіз дүниеге келді. Егіздердің бірі Қазығұрт ауданында, екіншісі Түлкібас ауданында туылды. Бүгінде аналар мен сәбилердің денсаулығы жақсы.

Читать далее »

«СОЗАҚ СЕРІЛЕРІ» ТОБЫНЫҢ ЖІГІТТЕРІ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Бүгін ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы өтуде. Еліміздің болашағы үшін «Созақ серілері» тобының жігіттері өз таңдауларын жасады. Бұл топ, ән мен музыканы түрлі аспаптарда қазақы нақышта орындаушылардың шебері, нағыз қазіргі заманның серілері. Бүгінде топтың құрамындағы жігіттерді атап айтар болсақ, Роман Сабырұлы – Шолаққорған ауылында дүниеге келген. «Мыңжылқы» мәдениет үйінің дыбыс режиссері. Абай Төлегенұлы – Жартытөбе ауылында дүниеге келген. Әнші, асаба, ...

Читать далее »

ДАУЫС БЕРУ СӘТІ ШАҒЫН КОНЦЕРТКЕ ҰЛАСТЫ

Арыс қаласы «№32 Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында орналасқан №7 сайлау учаскесіндегі дауыс беру барысы қызықты өтуде. Атап айтқанда, мектеп оқушылары жасаған қолөнер бұйымдарынан арнайы көрме ұйымдастырылды. Өз таңдауын жасаған азаматтар көрмені тамашалап, оқушылар туындысын жоғары бағалады. Сонымен қатар, дауыс беруге келген өнерпаздар ән салып, әжелер қауымы би билеп, мектеп ауласы шағын концерттік бағдарламаға ...

Читать далее »

БАТЫР АМАНГЕЛДІ ИМАНОВТЫҢ НЕМЕРЕСІ ДЕ ДАУЫС БЕРДІ

Жетісай ауданы, Ж.Ералиев ауылдық округі Жеті қазына елді мекенінің тұрғыны, ұлт азаттық көтерілісінің сардары, батыр Амангелді Имановтың немересі Рысбай Рахымбаев та өз таңдауын жасап, дауыс берді. 1951 жылы туылған Рысбай Рахымбаевтың кіндігінен тараған 10 перзенті мен 50-ге тарта немересі бүгінде аталмыш ауылда үлкен әулетке айналып отыр. Кезектен тыс өтіп жатқан Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында да белсенді. Бәрі де елдің жарқын ...

Читать далее »

ҰЛТТЫҚ КИІММЕН КЕЛГЕН ТҰРҒЫН ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Кентау қаласы Ата-түрік атындағы 4 мектептегі 46-шы сайлау учаскесінде Фёдорова Галина Александрқызы қызымен бірге ұлттық киіммен келіп өз таңдауын жасады. Өз қолымен дайындаған бауырсақ, бәліштерін көпшілікке үйлестірді. “Еліміздің жарқын болашағы үшін сайлауда өз таңдауымды жасадым. Бұл күн мереке болғандықтан сәнді киім киіп келдім. Елімізде тыныштық болсын деп тілеймін” дейді кентаулық ару. Кентау қаласының тұрғындары ҚР Президентінің сайлауына белсенділікпен атсалысуда. Елдің ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: ЭТНОС ӨКІЛІ САЙЛАУ УЧАСКЕСІНДЕ КӨПШІЛІККЕ БАУЫРСАҚ ПЕН БӘЛІШ ҮЛЕСТІРДІ

Бүгін еліміздің барлық аумағында саяси науқан өтуде. Бұл маңызды күнде Кентау қаласының тұрғындары да белсенділік танытуда. Қаладағы №46 сайлау учаскесінде Галина Фёдорова қызымен бірге келіп, таңдауын жасады. Ұлттық киіммен келген этнос өкілі өз қолымен дайындаған бауырсақ, бәліштерін көпшілікке үлестірді. Сондай-ақ, елдің ертеңіне үлкен сеніммен қарайтын тұрғындар бұл күнді үлкен мерекеге теңейді. – Еліміздің жарқын болашағы үшін сайлауда өз таңдауымды жасадым. ...

Читать далее »

ТҮЛКІБАСТЫҚ ҰСТАЗДАР ӘУЛЕТІ ДЕ САЯСИ НАУҚАНДА ӨЗ БЕЛСЕНДІГІН ТАНЫТТЫ

Алты Алаштың басы қосылғанда төр ұстазға беріледі. Себебі, ұстаз – елдің болашағын тәрбиелеуші, білім нәрімен сусындатушы. Келешектің қандай болатынын да осы ұстаз қауымының еңбегімен өлшеуге болады. Еңбек демекші, ауданымызда ұстаздықты ұлық тұтып, ұлағатты мамандықты еншілеген әулеттер аз емес. Соның бірі – Майтөбе ауылындағы Есенгельдиевтер әулеті бүгінгі саяси науқанға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасады. Ұлағатты ұстаз — Нағима Мақулбекқызының екі ұлы ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТЫҚ ТҰРҒЫН МЕРЕЙЛІ 63 ЖАСЫН САЙЛАУ УЧАСКЕСІНДЕ ҚАРСЫ АЛДЫ

Бүгін елімізде Президент сайлауы басталды. Таңғы 07:00-ден басталған науқанға Созақ ауданының тұрғындары да белсене ат салысуда. Атап айтсақ, Таукент кентінің тұрғыны Байдос Саховтың зейнет жасына толуы сайлау күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Ол өз туған күнінде сайлауға қатысып, учаскелік сайлау комиссиясы тарапынан естелік сыйлық алды. Еліміз үшін маңызды күнде таңдау жасауды азаматтық борышым дейді зейнет жасына жеткен азамат. – Бүгінгі еліміздегі ...

Читать далее »

МЕНІҢ АЛҒАШҚЫ ДАУЫСЫМ

Жетісай ауданында №230 сайлау учаскесіне өздерінің алғашқы дауысын беруге келген жастар өздерімен бірге ән шашуын ала келді. Ауыл тұрғындарын сайлауға шақыру және керемет көңіл күй сыйлау мақсатында келген жастар Еліміздің жарқын болашағы үшін өз дауысымызды бердік және барша ауыл тұрғындарын дауыс беруге шақырды.

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫНДА ДАУЫС БЕРДІ

Түркістанда жұртшылықтың саяси науқанға деген белсенділігі жоғары. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өз таңдауын жасады. Өңір басшысы ел тағдыры үшін маңызды саяси науқанға атсалысты. Облыс әкімі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің мәдениет орталығында орналасқан №133 сайлау учаскесіне келіп дауыс берді. Түркістан облысы бойынша 919 сайлау учаскесі бар. Оның 50-і облыс орталығында орналасқан. Сайлау учаскелерінің 893-і ...

Читать далее »