Cаясат

НҰРЛАН ӘУЕСБАЕВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ШОРТАНДЫ КЕНТІНДЕ САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚР президенттігіне Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан кандидат Нұрлан Әуесбаев Ақмола облысы Шортанды кентінде сайлаушылармен кездесті. Іс-шара барысында жиналған қауымға өзінің сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары жөнінде баяндап берді. Тұрғындар өздерін алаңдатқан сауалдарға тұшымды жауап алды. Қажетті инфрақұрылым жоқтығы секілді Қазақстанның бірқатар өңіріне тән мәселе Шортанды кентінде де өзекті. Нұрлан Әуесбаевтың пікірінше, жағдайды түзету үшін жергілікті өзін-өзі басқаруды күшейту керек. Кандидат барлық ...

Читать далее »

МЕЙРАМ ҚАЖЫКЕН ҚАСКЕЛЕҢ ҚАЛАСЫНЫҢ ПЕДАГОГТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен «Дипломмен ауылға» бағдарламасының тиімсіздігін атап өтті. Бұл туралы Қаскелең қаласының педагогтерімен болған кездесуде айтылды. Мейрам Қажыкен жас мұғалімдерге бөлінетін қаражат жеткіліксіз болғандықтан мамандар қалаға қайтып кететінін жасырмады. «Мен бұл мәселемен таныспын. Жастар екі жылға келеді, қиындықтарға тап болады, шыдамайды, сосын кетеді. Тұрғын үй және жалақы мәселесі шешілмейді. Бұл үдерісті үкімет нашар бақылайды. Егер біз ...

Читать далее »

Құрметті Түркістан облысының тұрғындары мен қонақтары!

Облыс прокуратурасы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңның талаптарына қатысты тұрақты түрде түсіндіру іс-шараларын жүргізіп жатқанына қарамастан, жекелеген адамдар, оның ішінде шетелде жүргендер тарапынан тұрғындарды интернет-ресурстар арқылы заңсыз митингілер мен наразылық акцияларына қатысуға шақырулары жалғасуда. Айта кету керек, биыл екі өңір тұрғындары Түркістан және Кентау қалаларында келісілмеген митингілерге қатысуға шақырғаны үшін тиісті жауапкершілікке тартылды. Құқық қорғау ...

Читать далее »

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ТҮРКІСТАНДА

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб мүшелерінің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары Түркістан облысында жалғасты. Ең алдымен “Конгресс Холл” көпфункционалды кешенінде ақсақалдармен, қоғамдық пікір көшбасшылары және жастармен кездескен штаб мүшелері рухани астана Түркістанның дамуы жолындағы бастамалар мен атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. Сондай-ақ, кандидат Қ.К.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасындағы басымдықтарды түсіндірді. «Нағыз еңбек адамдары Түркістанда тұрады» деген Ерлан Жақанұлы алдағы ...

Читать далее »

КІМ-КІМНІҢ ДЕ ДАУСЫ МАҢЫЗДЫ

Алдағы сайлау – игіліктердің, жақсылықтардың даңғыл жолына түсуге игі әсерін тигізетін науқан болады деп үміттенемін. Ендеше, әрбір азаматтың дауыс беруі маңызды. Ел келешегі үшін барын салар, еліміздің жарқын болашағының кепілі болар лайықты үміткерге мен де өз даусымды беремін. Сайлау жалпыға бірдей, тең, бәсекелі әрі ерікті түрде өтетініне еш күмәнім жоқ. Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек. Еліміздің жаңа Қазақстанға айналып, өркениет жолына ...

Читать далее »

ЖАСТАР – ЖАСАМПАЗДЫҚ ҮШІН!

Мен Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде журналистика мамандығы бойынша оқып жатырмын. Сайлауға міндетті түрде қатысамын. Себебі, дәл осы кезде біз жастар жұдырықтай жұмылып, дұрыс таңдау жасауға тиіспіз. Бұл кезектен тыс өткелі отырған сайлау еліміз үшін өте маңызды шара деп білемін. Үміткерлер арасындағы үздігі жеңіп, ел болашағын жарқын етер деп үміттенемін. Және де туыстарымның, достарымның сайлауға бір кісідей қатысып, белсенділік танытқандарын ...

Читать далее »

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСТЫ ПРИНЦИПІ ӘДІЛЕТТІЛІК БОЛУҒА ТИІС

Елімізде үлкен саяси науқан өткелі тұр. Қазіргі таңда кандидаттар еліміздің барлық өңірлерін аралап, өздерінің сайлауалды бағдарламаларын таныстыруда. Мемлекетіміз үшін бұл шараның маңызы зор! Себебі еліміздің болашағын айқындар, ел тұтқасын ұстап, мемлекетімізді одан әрі дамытатын тұлғаны тұтас қоғам бірге анықтаса, еліміздің әрбір азаматы белсенді болса ғана еліміз алға дами түседі. Бұл тек Президентті ғана таңдау емес, ел болашағы үшін жасалатын маңызды ...

Читать далее »

ИГІЛІККЕ БАСТАЙТЫН ҚАДАМ

Жұртшылық Жаңа жыл мерекесін жақсылықтың, қуаныштардың бастауы болар деген үмітпен күтеді емес пе, сол секілді сайлаушылар да кез келген сайлаудан кейін қоғамда жақсы өзгерістер болады деген үмітпен дауыс беруге барады. Айта кету керек, соңғы уақыттары елімізде түрлі жақсы жаңалықтар орын алып жатыр. Мен осы игілікті бастамалардың жалғаса беруін тілеймін. Сондықтан қоғам өміріне немқұрайлы қарамайтын адам міндетті түрде өз таңдауын жасауға ...

Читать далее »

САЙЛАУШЫЛАР ӨЗ УЧАСКЕСІН ҚАЛАЙ ТАБА АЛАДЫ?

Сайлаушылар өз учаскесінің мекенжайын бірнеше тәсіл арқылы анықтай алады. Біріншіден, сайлау учаскелерін «ЖСН бойынша сайлау учаскесін іздеу» (https://sailau.gov.kz/site/index?language=kk#info) ақпараттық сервисі арқылы табуға болады. Ол үшін жоғарыда көрсетілген сілтеме бойынша өтіп, тұрып жатқан аймағыңызды таңдайсыз. Содан соң ЖСН енгізіп, «табу» батырмасын басасыз. Бірер секундтан кейін қажетті ақпаратты ала аласыз. Екінші тәсіл байланыс операторларының көмегімен жүзеге асырылады. Атап айтқанда, ұялы телефонға СМС ...

Читать далее »

САЛТАНАТ ТҰРСЫНБЕКОВА ПАВЛОДАРДА ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНА БАРДЫ

Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының Павлодар қаласындағы филиалында болды.Орталықта ішімдік пен есірткіге тәуелді азаматтар оңалтудан өтеді. — Мені осы мәселені жақсы білетін адам ретінде қабылдағандарыңызды қалаймын. Өйткені бұл мәселе жақын адамдарымның да өмірінде болды. Барша қазақстандықтардың басында мұндай келеңсіз жағдай ешқашан болмағанын қалаймын. Павлодардағы орталыққа осы себеппен келдім. Әрине, біздің аймақтық штаб зауыт, аурухана ...

Читать далее »