Руханият

Төлеби ауданында туризмнің дамуы: жетістіктері мен болашағы

Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданы табиғаты тамылжыған таулы аймақ. Туризмді дамытуға таптырмайтын қолайлы аймақ деуге болады. Тау бөктерлей орналасқан демалыс орындары жетерлік. Тіпті тау түкпіріндегі Қасқасу, Біркөлік шатқалдарына шетелдерден де туристер ағылады. Сондай-ақ ішкі туризмді жандандыру үшін мұнда барлық жағдайы жасалған демалыс орындары көп. Күні кеше Төлеби ауданында тағы бір демалыс аймағы іске қосылды. Жеке кәсіпкер Сакен Сәрсенов жеке қаражаты ...

Читать далее »

«Отбасы бірлігі – Отанның тірегі»: Арнайы байқау өтті

  Бүгінде Түркістан облысында ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрді дәріптеуге бағытталған мәдени шаралар белсенді ұйымдастырылуда. Осындай шаралардың бірі Түркістан қаласында өткен «Ене мен келін» байқауы болды. Шараны қалалық «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» ұйымдастырып, қалың жұртшылықтың назарын аударды. Байқауға Түркістан, Кентау, Арыс қалалары мен Созақ ауданын қоса алғанда, облыстың әр өңірінен алты отбасы қатысты. Бұл отбасылар ұрпақтар сабақтастығын және ұлттық мұраға ...

Читать далее »

Мәдени шараның 10 күндігі басталды

  Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасындағы мәдени іс-шаралар ұдайы өткізіліп тұрады. Бүгін Абай күні қарсаңында Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы бірқатар айтулы шараларды өткізуге дайындалып жатыр. Мерекеге дайындық барысында кітапхананың он жылдығының ашылуында кітапхананың әдістемелік және инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі Дана Байдәулетова сөз сөйлеп, бұл күннің маңызына тоқталды.   Дана Байдәулетова Абай күні қазақтың ұлы ақыны, философ, ағартушы ...

Читать далее »

Жаңа бастама қолға алынды

  Түркістан облысы Сайрам ауданында аудан әкімі Арман Сәбитовтың тапсырмасына сәйкес жаңа радиожоба іске қосылды. Қазір облыстың ауылдарында «Қазақ радиосы» мен «Шалқар» радиосынан күн сайын хабарлар беріліп жатыр. Қазақша радио желілері күнделікті хабар таратады. Радиотолқын желілері мемлекеттік тілдегі ақпаратқа тұрақты қолжетімділікті қамтамасыз ететін бағдарламаларды тәулік бойына таратады. Бұл облыс тұрғындарына өзекті жаңалықтар мен мәдени оқиғаларды тікелей желіден  алуға көмектеседі.   ...

Читать далее »

Кездесу өңірдің мәдени-әлеуметтік дамуының өзекті мәселелерін талқылауға арналды

  Түркістан облысы әкімі орынбасарының зиялы қауым өкілдерімен кездесуі өте жоғары деңгейде өтті. Бүгін «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев өңірдің зиялы қауым өкілдерімен кездесу өткізді. Бұл шараға қоғам қайраткерлері, мәдениет және өнер қайраткерлері, спорт ардагерлері, тарихшылар, ғалымдар, этнографтар, ақын-жазушылар, дінтанушылар мен БАҚ өкілдері кірді.   Маңызды мәселелерді талқылау болды. Кездесу өңірдің мәдени-әлеуметтік дамуының өзекті мәселелерін ...

Читать далее »

Мәдениет саласын дамытудың маңыздылығын атап өтті

Бүгін күн тәртібінде мәдениет қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға бағытталған маңызды оқиға болды. Түркістанда музей қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған семинар-тренинг өтті. «Музей – тарих айнасы» деп аталатын шарада облыстық музейлердің басшылары мен қызметкерлері музей ісіндегі заманауи тәсілдер мен әдістерді талқылады.   Жиынды Түркістан облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев ашты. Ол өзінің құттықтау сөзінде мұндай іс-шаралардың өңірдегі мәдениет саласын дамытудағы маңыздылығын атап ...

Читать далее »

Жазушының шығармашылық кеші өтті

Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданында қаламгерлер мен шығармашылық адамдарына ерекше құрмет көрсетіледі. Жуырда «Ардақты ана» мұражайында белгілі жазушы, журналист, ақын Нышанәлі Ниязбектің туғанына 65 жыл толуына орай шығармашылық кеш өтті. Шара «Кітапханада жазушының туған күні» жобасы аясында өтті. Аудандық кітапхана қызметкерлері ұйымдастырған шығармашылық кештер керемет өтеді.   Қаламгерлердің туған күнін тойлау ұлттық руханияттың дамуына, еліміздің өркендеуіне сүбелі үлес қосқан қаламгерлерді ...

Читать далее »

Мәдени-білім беру саласын дамытуға жасалған маңызды қадам

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда кітаптың маңыздылығына, оның қоғам дамуындағы рөліне ерекше тоқталған болатын. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның бұйрығымен «Ауыл кітапханаларына 100 кітап» акциясы қолға алынды. Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұжымы бұл маңызды шараны жүзеге асыруға белсенді түрде қолдау көрсетіп, атсалысуда. Кітапхана ауыл кітапханаларын жаңа әрі заманауи кітаптармен қамтамасыз ету арқылы олардың дамуына ...

Читать далее »

«Көркем әжелер» тобы өнер фестивалінде екінші орынды иеленді

    Сайрам ауданынан «Керкем» тобы Халықаралық «Ыр Кербен» фестиваліне қатысты. Жақында Түркістан облысы, Сайрам ауданындағы өнерлі әжелерден жасақтаған «Керкем» әжелер тобы Қырғызстанның көрікті Ыстық көлінің жағасында өткен «Ыр Кербен» халықаралық фестиваліне қатысып қайтты. «Ән керуені» деп те аталатын бұл ән байқауы жыл сайын өткізіліп, әлемнің түкпір-түкпірінен қатысушыларды тартады. Алғашында «Ыр Кербен» фестивалі Қырғызстанның Ош қаласының тұрғындары үшін ұйымдастырылған шағын ...

Читать далее »

Суретшінің Қазақстанның ұлттық мәдениетіне қосқан үлесі қомақты

  Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданын нағыз таланттардың мекені деуге болады. Бір ғана ауылдан әлемге танылған 17 суретші шыққан. Бүгінде олардың туындылары халықаралық көрмелерде ілулі тұр. Солардың бірі де бірегейі Құттыбек Жақып. Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі талантты суретші ұлттық қолөнері де дамытып жүр. Теріге жан бітіріп, бүгінде бірегей өнердің көпке танылуына мұрындық болып отыр. Атақты суретші осыдан үш жыл бұрын ...

Читать далее »