Биылғы жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Шымқаланың 2200 жылдығы тойланады. Сонымен қатар «Шымкент — ТМД елдерінің мəдени астанасы» аясында көптеген республикалық жəне халықаралық деңгейдегі іс-шаралар жоспарлануда. Басты мақсат Шымкенттің тарихын өзгелерге таныту, келешек ұрпаққа насихаттау. Бүгін еліміздің мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Шымкентке арнайы келді. Қалалық əкімдіктің мəжіліс залында мəдени іс-шараларға тікелей жауапты басшылармен жəне мамандармен кездесіп нақты тапсырмалар берді. ...
Читать далее »Руханият
Шымкент: «Интеллектуалды ұлт қалыптастыру идеясы Абайдан бастау алады»
Шымкенттегі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде Хакім Абайдың 175 жылдығына орай «Интелектуалды ұлт қалыптастыру идеясы Абайдан бастау алады» атты форумы өтті. Форумға келген зиялы қауым өкілдері мен Абайтанушы ғалымдар хакімнің әрбір қара сөзіне жеке тоқталып, мәні мен мағынасын аша түсіндірді. Тарихқа көз жүгіртсек қазақ ойшылының көрген теперіші аз болмаған. Бай баласы болғандықтан бір кездері оның шығармаларын оқуға да тиым ...
Читать далее »Түркістан өңірінде Әл Фараби туралы тарихи фильм түсірілуде
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында «2020 жылы Әл-Фарабидің 1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойларын атап өтеміз. Мерейтой барысында ысырапшылдыққа жол бермей, ғұлама тұлғаларымыздың еңбектерін халық арасында дәріптеуіміз керек» деген болатын. Осыған орай Әбу Насыр әл-Фараби туралы тарихи 10 сериялы телехикаясын түсіру жұмыстары басталып та кетті. Жалпы Қазақстанда кино түсіріліп жатқан жерлер көп емес. Алматыдан соң біздің ...
Читать далее »Шымкент: Поэзия мінбері ел игілігіне берілді
Бүгін Шымкент қаласындағы «Жеңіс» саябағында «Мәртебелі поэзия мінберінің» салттанатты ашылу рәсімі өтті. Поэзиялық мінбер ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың Жеті қыры» бағдарламасы аясында Шымкент қаласының әкімі Ерлан Қуанышұлы Айтахановтың қолдауымен ашылды. Поэзия мінберінде алдағы уақытта қала тұрғындары арасында мәдениетті насихаттау мен дамытуға бағытталған әдеби кештер, жазушылар және ақындармен кездесулер, шығармашылық іс-шаралар мен философиялық лекциялар өтілетін болады. Салтанатты жиында ...
Читать далее »Қазақша уикипедия — ана тіліміздің айнасы
Соңғы уақытта ана тіліміз тек газет-журналдарда ғана емес, әлемдегі ең ірі ғаламтор желісінің сайттарын да бағындыруда, солардың бірі – уикипедия сайты. Уикипедия — көп тілді, ғаламторға негізделген, тегін және ашық мазмұнды энциклопедиялық жоба. Уикипедия сөзі уики (көп адамдар бірлесіп жасайтын интернет парақшасы) және энциклопедия деген екі сөзден құралған. Уикипедияны бүкіл дүниежүзіндегі ерікті үлес қосушылар бірлесіп жазады. Тұңғыш рет 2001 жылдың қаңтар айында Джимми Уэйлс пен Ларри Сэнгер іске қосқан «Уикипедия» бүгінгі күні ...
Читать далее »Халықаралық балалар фестивалінде жеңімпаз атанды
12 мамыр 2019 жылы Түркия Республикасының Стамбул қаласында «Время мечтать» атты III Халықаралық балалар фестивалі өз мәресіне жетті. «Радужная палитра» деп аталатын бағыт бойынша көркемсурет байқауына Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, өнер пәнінен мұғалім-сарапшы Куланова Фариза Акимжанқызының жетекшілігіндегі 11-сынып оқушысы Бегимкулова Аружан «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» жырын иллюстрациямен ...
Читать далее »Бала тәрбиесі — басты назарда
«Сынып жетекшілерінің мектептегі тәрбие жұмысы жоспарын жасау» тақырыбында Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі қаладағы жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған семинар өткізді. Семинарға 120 жуық мектеп мұғалімдері қатысты. Мектеп педагог-ұйымдастырушы-кураторлары іс-шара барысында «Кураторлық қызметті тиімді ұйымдастыру», «Қосымша білім берудің ерекшеліктері», «Ата-анамен жұмыс» тиімді ұйымдастыру», «Көшбасшылар форумын ұйымдастыру» атты тақырыптарда баяндамалар оқып, баланың тәрбиесі мен біліміне сынып жетекшілердің ықпалын ...
Читать далее »Күлтөбе маңайынан қоқан және қазақ үйлерінің орны табылды
Түркістандағы Күлтөбе қалашығының солтүстік бөлігінен қоқан және қазақ үйлерінің орны, тандыр және ұстындар шоғыры анықталды. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Түркістан қаласындағы ортағасырдағы тарихи-мәдени мұра объектілерінің тарихи келбетін анықтау және қалпына келтіру мен оларды танымал туристік орталыққа айналдыруға арналған жобасы аясында ағымдағы жылдың 17 қаңтарынан бастап Күлтөбе қалашығының солтүстік бөлігінде археологиялық қазба жұмыстары басталған болатын. Қазба және анықтау жұмыстарымен Мәдениет ...
Читать далее »Қорық – музейге 100 түп көшет сыйға тартты
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне Өзбекстан Республикасы Самарқанд қаласынан Әдіхамхан Исматуллаев пен «Мейірім» қайырымдылық қорының жетекшісі Еркін Сапаров 100 түп тұт ағашын сыйға тартты. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңын көгалдандыруға үлес қосуды мақсат еткен қос азамат көктем мезгілінде 100 түп шабдалы көшетін жеткізетінін уәде етті. Бабалар рухына тағзым етіп, құран бағыштаған соң қорық-музей қызметкерлерімен бірлесіп тұт көшеттері қондырылды.
Читать далее »Отырарда «Жас толқын-Ұлы Дала әні-2019» эстрада әншілері байқауы басталды
Отырар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын насихаттау және «Жастар жылы» аясында «Жас толқын-Ұлы Дала әні-2019» аймақтық эстрада әншілері байқауы басталды. Жастарды отансүйгіштікке баулу, ұлттық рухта тәрбиелеу және эстрадалық ән орындау өнерін дамыту, жаңа эстрадалық әндерді халық арасында кеңінен насихаттап, жас талант иелерін облыстық байқауларға қатысуын қамтамасыз ...
Читать далее »