Экономика

Жеңілдіктің тигізер көмегі көп

Өндірісі өрлеген, экономикасы дамыған Түркістан облысы үшін енді өз алдына дербес бөлініп шыққаннан кейін дамудың дәуірі басталатын анық. Онсыз да өндіріс орындары экономиканы өрлетуге қарышты үлес қосып отырған болатын. Бүгінгі таңда «Оңтүстік» индустриалды аймағында 85 кәсіпорын орналасқан. Олардың 51-і қазіргі уақытта нақты өнім шығарып жатыр. Биыл жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны тағы үшеумен толықпақ. Индустриалды аймақтың кәсіпкерлерге ұсынатын жеңілдігі: біріншіден, ...

Читать далее »

Өнім сапасы сертификатқа сәйкес

Түркістан облысында керамограниттің өндірісімен айналысатын «Зерде-Керамика» кәсіпорны бар. Мекемеде 140 қызметкер автоматтандырылған италияндық қондырғылармен жұмыс істейді. Ондағы шикізаттың 60 пайызы отандық өнім. Бүгінде елімізде баламасы жоқ зауыт өніміне сұраныс жыл сайын артып келеді. Жыл соңына дейін кәсіпорынның екінші желісін іске қосып, өнім көлемін 2 миллионнан 4,5 млн шаршы метрге арттырмақ.  Айта кетейік, кәсіпорын өнімі СТ-KZ сертификатына сәйкес, барлық еуропалық талаптарға ...

Читать далее »

Заманауи құрылғылармен жабдықталған

Оңтүстікте шыны ыдыстарын шығаратын «Еврокристалл» зауыты арнайы итальяндық құрылғыларды сатып алуды жоспарлап отыр. Зауыт қожайынының мәліметінше, көмірқышқыл газын сусындарды газдау үшін пайдалану көзделіп отыр. Бұл туралы Түркістан облысы  әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Баршаға белгілі, бүгінде «Еврокристалл» серіктестігі шыны ыдыстар шығару ісімен танымал. Ондағы өндірілетін өнімдерді алкогольдік және газдалған сусындар мен шырындар, сүт пен дәрі-дәрмектер шығаратын зауыттар қолдануға мүдделі. Мұнда түрлі қалыпта ...

Читать далее »

Инвестициялық жобалар іске аспақ

«Шымкент» ӘКК» ҰҚ» компанияның табысы осы жылдың 6 айында 83,1 млн теңге болған. Осынау оңды нәтиже соңғы үш жылда алғаш рет тіркеліп отыр. Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасына сәйкес, корпорация бүгінгі таңда үш кезеңді — реинжиниринг, қайта құрылымдау және қайта құру өзгерістерінен өтуде. Осынау шаралардың аясында кешенді оңтайландыру жүйесін іске асыруды жалпы талапқа сай ұйымдастыру, басқаруды жақсартудың даму стратегиясын ...

Читать далее »

Өтімді өнімге 20-дан астам ел тапсырыс беруде

Шымкенттегі «Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан кілем өнімдерін шығаратын «Бал Текстиль» ЖШС-гі бүгінде кілем өнімдерін сату үшін алыс және жақын шетел өкілдерімен байланыс орнатқан. Енді фабрика басшылары таяуда Еуропадағы әріптестік байланысты нығайтып, текстиль өнімдерін Қытай нарығына шығаруды жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда фабрика өнімдері Қырғызстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Ресей, Ұлыбритания, Германия және Францияға экспортталады. Ірі шетелдік тапсырыс берушілер саны 20-дан астам. Кәсіпорында кілем, ...

Читать далее »

Түркістан облысының өнімі Еуропада

Жыл басынан бері Түркістан облысындағы кәсіпорындарының экспортқа шығарған өнімдерінің құны 700 миллион АҚШ долларына жеткен. Бұл туралы өңірдің кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшылығы мәлімдеді. Осыған дейін Түркістан облысының өңірінен экспортқа шығатын тауарлар тек азық-түлік, мақта-мата және ауылшаруашылық өнімдері ғана болса, бұл тізімді енді ортопедиялық құрал-жабдықтар, кілемдер мен жаңаша жасалған плиталар толықтыруда.  Түркістан облысындағы индустриалды аймақтағы кәсіпорында шығарылатын бір ғана вакуумдық ...

Читать далее »

Инновациялық жаңалық талайды таң қалдырды

Жарыққа кететін шығынды 10 есеге азайтуға болады. Түркістан облысының өнертапқышы Ілияс Мұрат күріштің қауызын ыдырату арқылы энергия көздерін алуға болатынын дәлелдеп, әлемде баламасы жоқ биологиялық батареялар ойлап тапты. Инновациялық жаңалығы көпті таңқалдырып отыр. Егер өндіріске ендіруге толықтай қолдау білдірілісе, онда индустриалды-инноациялық даму бағдарламасы арқылы кәсіпорын ашуға болар еді. Оның айтуынша, бір батареяны орнату — электр энергиясын 49 жыл бойы тегін ...

Читать далее »

«Ырыстың» арқасында ырысы артып отыр

Бүгінде Түркістан облысындағы «Ырыс» микроқаржы ұйымы көптеген жобаларды қаржыландыруда. Қаржы ұйымынан қаржылық қолдау көрген көптеген кәсіпкерлер бүгінде индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы арқылы да өз кәсібін өрге өрлетіп отыр. Жуырда аталмыш ұйым «Жас кәсіпкер» бағдарламасы аясында аймақтардан жиналған жастардың бизнес жобасын талқылау жиынын өткізді. Жастардың бизнес бастамаларын қолдап, жобаларын одан әрі дамыту мақсатында ұйымдастырылған шара аясында несие комитеті құрылды. Оның құрамына «Атамекен» ...

Читать далее »

Түркістан облысы Астанадағы жәрмеңкеге 300 тоннаға жуық азық-түлік жөнелтті

Түркістан облысының тауарөндірушілері Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне орай ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін өткізеді, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Шарада 50-ден астам кәсіпкер қатысып, жалпы құны 122,8 млн. теңгені құрайтын 286 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін арзан бағада саудалайды. Түркістан облысы Астана қаласының 20 жылдық мерекесі аясында 5 рет жәрмеңке өткізбек. Осы аралықта Түркістандық шаруалар Елордаға 14 753 тоннаны ...

Читать далее »

Индустриалдық аймақтар көптеп ашылады

Ақжолтай жаңалықты жеміс теріп, жер емген шуақты өңірдің халқы шаттана қарсы алды, деп хабарлайды 24. кz. Себебі екі шаһарға бөлінетін қаржы да, тартылатын инвестиция да еселене түспек. Шалатай Мырзахметов, қоғам қайраткері: «Оңтүстік өңірдегі азаматтар екі ананы тел емген төл сияқты болады. Себебі қалаға бір бөлек, Түркістан облысына бір бөлек қаржы бөлінеді. Бірақ халықтың саны өзгермеген соң, екіжақты келген инвестиция мен ...

Читать далее »