Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов Нұртас, Асар-2 шағынаудандарын инфрақұрылыммен қамту жұмыстарын тексерді. Қазір 18 мыңға жуық халқы бар Нұртас елдімекенінде кәріз жүйесін тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 62,6 шақырымды алып жатқан кәріз жүйесінің құрылысы 2024 жылы толық аяқталады. Құрылыс барысын қадағалаған қала әкімі энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысына жергілікті әкімдікпен бірлесе абоненттеу жұмыстары бастауды тапсырды. Асар-2 шағынауданында бұл бағыттағы жұмыстар ...
Читать далее »Экономика
ОҢТҮСТІККОРЕЯЛЫҚ КОМПАНИЯ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 700 МЛРД ТЕҢГЕГЕ СЭС САЛМАҚ
Оңтүстіккореялық Doosan Group қуаты 1000 МВт бу-газ қондырғысы негізінде электр станциясын салу кезінде мердігер ретінде таңдалды. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры Қазақстанда энергетиканың барлық түрлерін: газ, көмір, атом және жаңартылатын энергетиканы дамытпақ. Компания жақын арада елеулі өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Бұл орайда, Екібастұздағы МАЭС-2-де қуаттылығы 636 МВт болатын екі жаңа көмір энергоблоктары іске қосылады. Сонымен қатар, жалпы қуаты 1100 МВт болатын ...
Читать далее »АГРОСАЛАДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРМЕН ТАНЫСТЫ
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы ауданға арнайы іс-сапармен келіп, аудан әкімі Төлеген Тұртайұлымен бірге ауылшаруашылығы саласындағы шаруалардың жай-күйімен танысып, жүзеге асып жатқан жобалармен танысты. Ең бірінші Кемеқалған ауылдық округі «Қазығұрт бақтары» өндірістік кооперативінде болып, 140 га жерге егілген қарқынды алма бауына көңіл бөліп, отырғызылған көшеттер жергілікті ауа-райына тез бейімделіп, жылдам тамыр жайғандығының күәсі болды. Кәсіпкер Әсет Қайыпбековпен әңгімелесіп, оның ...
Читать далее »Түркістан облысының оқушысы «Ақылды ферма» жобасын жасады
Түркістан облысы Төлеби ауданы № 6 мектебінің 6 сынып оқушысы Елдос Елудің «ақылды» ферма жасап шығарды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. Елдостың макет күйіндегі «ақылды» фермасында жұмыс процесі автоматтандырылған. Бұл фермадағы жұмысты қашықтан басқаруға, фермердің жұмысын жеңілдету арқылы оның уақытын үнемдеуге мүмкіндік бар. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін оқушыға информатика пәнінің мұғалімі Айгүл Шахаманова қолдау көрсетті. Елдос «Ақылды» ферманың ...
Читать далее »ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АГРОФОРУМДА 257 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістанда өтіп жатқан «KazAgro/KazFood Turkistan 2023» көрме-жәрмеңкесі аясында «AgroForum Turkistan 2023» халықаралық форумы өтіп жатыр. Форумға еліміздің ірі инвесторлары мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері және әлеуетті кәсіпкерлер қатысуда. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өңірде ауыл шаруашылығын дамыту бағытында ірі жобалар жүзеге асатынын мәлімдеді. Форумның маңызды екеніне тоқталды. – Сіздерді бірінші кезекте жыл бастауы Ұлыстың Ұлы күні ...
Читать далее »AM Best халықаралық рейтингтік агенттігі «Халық-Life» АҚ қаржылық тұрақтылық рейтингін және ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін көтерді
2023 жылғы 17 наурыз, Алматы қ. – AM Best агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) 2023 жылғы 16 наурыздағы ресми мәлімдесінде «Халық-Life» АҚ (бұдан әрі-Компания) қаржылық тұрақтылық рейтингін «B+» – ден «B++» – ге дейін, сондай-ақ эмитенттің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін «bbb –» – ден «bbb» – ге дейін көтерді. Рейтингтер бойынша болжам «Тұрақты». Компанияның ұзақ мерзімді рейтингтері рейтингтердің халықаралық классификаторы ...
Читать далее »Шымкент өнімдері «Агротех Катар-2023» халықаралық көрмесінде сатылуда
Жергілікті агрокәсіпорын өнімдері Доха қаласында өтіп жатқан «Агротех Катар-2023» халықаралық көрмесіне қойылды. Наурыздың 19-на дейін жалғасатын халықаралық шараға әлемнің 52 елінен делегациялар шақырылған. Шымкент тауарларына арнайы бөлінген «Ontustik onim» павильонында ет, сүт, ұн өнімдерімен қатар, сусындар, консервілер, көкөністер мен жеміс-жидектер саудалануда. Шетелдіктер әсіресе, бал, джем, сыр өнімдеріне қызығушылық танытып, жаппай сатып алуда. Шымкенттік делегация шет мемлекеттермен әріптестік байланысты ...
Читать далее »ТӨЛЕБИЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ ИЕГЕРІ ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТАҒЫ КИІМДЕР ШЕБЕРХАНАСЫН АШҚАН
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының бастамасымен Наурыз мерекесін ерекше дәстүрмен атап өту мақсатында аптаның дүйсенбі күнінен бастап Төлеби ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілері жұмыс орнына ұлттық нақыштағы киім үлгісімен келуді қолға алды. Ауданда ұлттық киімді насихаттау бағытындағы бұл үрдісті жалғастыру қолға алу көзделуде. Ұлттық құндылығымызды дәріптеуге аудандық кәсіпкерлер де өз үлестерін қосып жатыр. Қала тұрғыны Бекмұратова Гүлнәр былтыр жұмыссыз ретінде Төлеби ...
Читать далее »Шаруаларға берілетін дизельдің бағасы белгілі болды
Көктемгі егін жұмыстарын жүргізуге өңірлерге 413 мың тонна дизель отыны бөлінген, бұл өткен жылғыдан 13 мың тоннаға көп. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек айтып берді. «Энергетика министрлігімен бірлесіп, облыстарды мұнай өңдеу зауыттарына бекіту кестесі мен мұнай өңдеу зауыттары ақпан айына белгіленген баға – тоннасына 222 мың теңге немесе литріне 184 теңге болып бекітілді», — деді Әбілхайыр Тамабек ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨСІРІЛГЕН ҚЫЗҒАЛДАҚТАРҒА СҰРАНЫС КӨП
Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында жылыжайда өнім өндіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Төрт мезгіл бойы өнімдерді еліміздің түкпір-түкпіріне жеткізумен айналысатындықтан ауданды «жылыжайлар мекені» деп те атап кеткен. Жері құнарлы, климаты қолайлы ауданның еңбекқор шаруалары жыл он екі ай өнім алу үшін жылыжай кәсібін дамытып келеді. Бүгінде гүл шаруашылығымен айналысатын шаруалар қызғалдақ, раушан, лалагүлдерін арнайы наурыз мерекесі қарсаңында баптап, саудаға шығаруда. Тек ...
Читать далее »