Тамыздың екінші жексенбісі — елімізде құрылысшылар күні. Биыл бұл мерекені Түркістан облысында 10 мыңға жуық маман атап өтуде. Бүгін солардың бір парасы марапат алып, марқайды, деп хабарлайды «Оңтүстік» арнасы. Тағы бір легі Түркістан қаласында өткен арнайы көрмеде өздері өндірген құрылыс материалдарын көпшілік назарына ұсынды. Құрылысшылар күніне орайластырылған көрмеге 80-нен астам тауар өндірушінің өнімдері қойылды. Барлығы да — күнделікті тұрмыста сұранысқа ...
Читать далее »Экономика
Кәсіптің өзі – нәсіптің көзі
Кәсіп ашып, іс бастаймын деген жанға біздің елде мүмкіндік көп. Ол үшін нақты жоспар жасап, тірлікке батыл кірісе білсеңіз, жұмысыңыз нәтижелі болары анық. Мамандығыңыз сәйкес келмесе, арнаулы курстардың есігі ашық. Ал, кәсіби маман болсаңыз, шаруаңызды үйде отырып-ақ дөңгелете беруге болады. Бұған Түркістан облысындағы Бәйдібек ауданынындағы іскер келіншек Гүлмира Омарова көз жеткізгендей. Ақбастау ауылының тұрғыны Гүлмира Омарованың негізгі мамандығы — тігінші. ...
Читать далее »Ауданда өрлеу бар, өркендеу бар
Түркістан облысындағы Бәйдібек ауданында егіншілікпен айналысатын кооперативтердің 90 пайызы электронды картаға енгізіліп, мемлекеттік жеңілдіктерді алып жатыр. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Күмісбек Ахметовтың айтуынша, бұл бастама «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылған. «Шаруалар егістік алқаптарын электронды картаға енгізіп, бір терезе қағидасы арқылы құжаттарын реттеген. Оларға мамандарымыз көмектеседі. Электронды карта жүйесінің артықшылығы — шаруалар үйлерінде отырып-ақ ғаламтор арқылы тыңайтқыш пен өзге ...
Читать далее »Түркістаннан Астанаға 400 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері жол тартты
Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне орай, Түркістан облысы тауарөндірушілерінің ауыл шаруашылығы өнімдері бас қала — Астанаға жөнелтілді. Тамыз айының 11-12 күндері ұйымдастырылатын жәрмеңкеде 35-тен астам ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 411 тонна. Тарқатып айтсақ, 400 тоннадан астам өнімнің ішінде 66 тоннасы ет және ет өнімдері, 137 тоннасы көкөніс, 27 тоннасы сүт өнімдері, 39 тонна жеміс-жидек, 20 тонна картоп, 5 мың дана, ...
Читать далее »Мақтаарал ауданын дамытуға атсалысады
Түркістан облысының Мақтаарал ауданына ҚР Парламенті сенатының депутаты Әли Бектаев іс-сапармен келді. Жаңадан құрылып жатқан ауданның тыныс-тіршілігімен танысып, аудан әкімі аппаратын аралап көрді. Бұл туралы Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі жазады. Сапары барысында халық қалаулысы Мырзакент кентіндегі «Ақ алтын» мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен арнайы кездесіп, мәжіліс өткізді. Өз сөзінде Әли Әбдікәрімұлы жаңадан аудан болған мақтааралдықтарды құттықтап, Мырзашөл өңіріне деген Елбасы ...
Читать далее »Жолдардың құрылысына қомақты қаражат
Түркістан облысында автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің жалпы ұзындығы 18 118,0 шақырымды құрайды. 2018 жылы жолдардың құрылыс жұмыстарына бюджеттен 26 332,5 млн. теңге қаралып, 437 нысан немесе 1 421,4 шақырым жолдар мен көшелер, 10 көпір құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылуда. Биыл оның 417 нысаны немесе 994,7 шақырым пайдалануға берілетін болады. Бұл туралы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұрлан Байғұт ...
Читать далее »Машина жасау зауытының өнімдеріне сұраныс көп
Түркістан облысы Сайрам ауданындағы «ЮКМЗ» АҚ (бұрынғы «Манкентсельмаш» зауыты) ауылшаруашылығы машина жасау өнеркәсібіндегі ірі кәсіпорындардың бірі. Кезінде «Манкентсельмаш» зауытының өнімдерін елімізде ғана тұтынып қоймай, шетелдерден де көптеген сұраныстар түсетін. Дағдарыс жылдарында зауыт көптеген ауыртпалықтарды бастан өткерді. Бүгінде «ЮКМЗ» АҚ болып қайта құрылған зауыт бәсекелестерін шаң қаптырардай алып күшке ие. Нарыққа қажетті өнім өндіруімен асығы алшысынан түсті. Машина жасау кәсіпорны өндірістің ...
Читать далее »Түркістандық цемент үлкен сұранысқа ие
Қазақстанда жасалған цемент өнімдері Өзбекстан нарығында жоғары сұранысқа ие. Оны жергілікті сатушылар да растап отыр. Отандық брендтердің арасында Түркістан облысындағы цемент зауыттарының өнімі мол, деп хабарлайды 24. kz. Сатушылардың айтуынша, шағын ғана құрылыс базарынан айына 300 тоннаға дейін біздің елде жасалған өнім сатылады екен. Бұл көрсеткіштің одан да артатын түрі бар. Өйткені Өзбекстанда құрылыс қарқын алған. Оған қоса, алып-сатарлар да ...
Читать далее »Қырман дәнге толды
Түркістан облысындағы Қарашық ауыл округіндегі «Насыр ата» iрiленген шаруа қожалығында бүгінде жұмыс қайнап жатқан уақыт. Дихан қауым күзгі жауын шашынға іліктірмей ертерек жинап теріп алуды құп көріп отыр. Қауын-қарбыз алқабында сол күнi пiсiп-жетiлген қауынды қорапша iшiне жайғастырып, көлiкке артып жатқан дихандарды кездестiрдiк. Қауын-қарбыздың бабын бiлген өзбекстандық дихандарға сенiм артқан шаруашылық қарбыздың әр келiсiн 30-40 теңгеден, қауынды даналап 100-120 теңгеден өткiзiп ...
Читать далее »«Яссы» құс фермасының 2-кезеңі іске қосылды
2016 жылы Түркістан қаласындағы Оранғай ауылдық округінде жеке кәсіпкер А.Сыздықов «Яссы» құс өсіру фермасының 1- кезеңін ашып, италяндық «Факко» фирмасының құрал-жабдықтарымен жұмыс кезеңін бастаған болатын. Содан бері жұмыртқа өндіру бағытында жұмысын жүргізіп жатқан «Яссы» құс фермасында Германиялық «Ломан ЛСЛ» тұқымды 18 мың дана тауық өсіріліп, күндігіне 16 мың дана жұмыртқа өндірілсе, жылына 3-3,5 млн жұмыртқаны нарыққа шығаруда, деп хабарлайды облыс ...
Читать далее »