Әлеумет

Кешіктірілген төлемдерге айыппұл салынады ма?

Шымкент қаласында бүгінгі таңда жағдай тұрақты. Төтенше жағдай режимі қатаң бақылауда. Барлық коммуналдық және қызмет көрсету кәсіпорындары қалыпты режимде жұмыс істеуде. Ал, төтенше жағдай режимі жағдайында қала әкімдігі мен жұмыспен қамту орталығы сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, медицина мекемелерінің жай күндердегі жұмыс кестесі сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін жалғасады. Ал демалыс күндері емханалар мен ауруханаларда кезекшілік режимі іске қосылады. Жедел жәрдем қызметі ...

Читать далее »

Самат Әбіштің ұсталғаны рас па?

2022 жылдың 7 қаңтары күні ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитеті басшысының бірінші орынбасары  Самат Әбіштің ұсталғаны туралы хабар таралды. Бұл хабардың жалған екендігін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.  Тек қана ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырады.   

Читать далее »

ҰҚК-ның бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов ұсталды

ҰҚК-ның бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми сайты хабарлады.  «Осы жылдың 6 қаңтарында Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекетке опасыздық жасау фактісі бойынша, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сол күні осы қылмыс жасады деген күдікпен ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы К.К. Мәсімов және басқа да адамдар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзге ақпарат ...

Читать далее »

Шымкент: Көрме орталығын өртеп жіберді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде орын алған лаңкестік жағдайлардан соң республика көлемінде 5-19 қаңтар аралығында төтенше жағдай режимін жариялады.   Шымкент қаласына жасалған лаңкестік және жаппай бұзақылық әрекеттерге байланысты қала әкімі Мұрат Әйтеновтің басшылығымен арнайы штаб құрылды. Қала әкімінің басқаруында барлық құқық қорғау органдарының басшыларын қамтыған штабтың дер кезінде шығарған шешімдері мен іс-әрекеттерінің нәтижесінде мегаполистегі ешқандай стратегиялық маңызы бар нысандар ...

Читать далее »

Президент Жарлығымен Үкімет таратылды

Мемлекет басшысы ҚР Үкіметі туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын. 2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Әлихан Асханұлы Смайыловқа жүктелсін. 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін. 4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап ...

Читать далее »

Маңғыстауда үкіметтік комиссия мүшелері белсенділермен келіссөз жүргізіп жатыр

Үкіметтік комиссия мүшелері жаңаөзендік белсенді бастамашыл топпен келіссөз жүргізді.  Бұл туралы primeminister.kz хабарланды. «Кездесуде өзекті мәселелер, соның ішінде сұйытылған газ бағасын төмендету туралы айтылды. Қатысушылар жағдайды реттеу мүмкіндігін талқылады», делінген хабарламада. Еске салсақ, 2 қаңтарда Жаңөзенде тұрғындар газ бағасының көтерілуіне байланысты наразылыққа шыққан еді. Президент үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан ескеріп, құқықтық жағынан тез арада қарастыруды тапсырған.

Читать далее »

Полицейлер күш көрсетуде: Наразылыққа шыққан ақтаулықтар алаңға киіз үй тікті

Ақтауда полиция қызметкерлері наразылыққа шыққандарды қуған сәті түсірілген видео пайда болды, деп хабарлайды, Stan.kz ақпарат агенттігі.  Mangystau_aktau_online Instagram парақшасының хабарлауынша, полиция наразыларға қарсы күш қолдана бастаған. Куәгерлер түсірген видеода тәртіп сақшыларының ереуілдеушілерге қарсы тұруға тырысып, оларды қоршап, қысым жасап жатқаны байқалады. Бұған дейін БАҚ-та ұлттық ұлан жауынгерлері жасақталып, Маңғыстауға жіберілгені жайлы ақпарат тараған болатын.  Сұйытылған газ бағасының түсіруді талап еткендер Ақтау-Жетібай тас жолын ...

Читать далее »

Атақты емші түнгі клубта кальянмен ұсталып қалды

Атақты емші Айнұр Асқарқызын Түркиядағы түнгі клубта полиция ұстап алған. Ол отбасымен және достарымен бірге Түркияның Стамбұл қаласында демалып жүрген болатын. Клубта достарымен отырған кезде, полиция кіріп келген, деп хабарлайды Экспресс К. «Стамбулға келіп, кальянмен ұсталдық. Депортация жасайды деп, паспортымызды бермей отырмыз. Мені видеоға түсіріп алды», — деп жазды Instagram желісіне сіңлісі Гүлсара Асқарқызы. Емші Айнұр мен қызын полиция келген кезде клубтан ...

Читать далее »

А. Мамин: Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Үкімет Жаңаөзен қаласындағы жағдайға қатысты шаралар қабылдайды

ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің өкімімен Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды қарастыру үшін Үкіметтік комиссия құрылды. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Үкімет сұйытылған мұнай газының бағасын реттеу бойынша шаралар топтамасын іске асырады, деп хабарлайды primeminister.kzге сілтеме жасап eltumar.kz хабарлайды. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі АЖҚС иелеріне қатысты бағалық сөз байласу бойынша тергеуді бастады. Қазіргі уақытта Маңғыстау облысының АЖҚС иелері бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі ...

Читать далее »

Жаңаөзен тұрғындары митингіге шықты

Жаңаөзенде тұрғындар митингке шықты. Олар газ бағасының өсуіне наразылық білдірді, деп хабарлайды eltumar.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігі.  «Кеше, 1 қаңтарда газ 120 теңгеге дейін қымбаттады. Жаңаөзен тұрғындарын газды 60 теңгеге дейін арзандату бастамасына қосылуға шақырамын», – деп жазды Facebook қолданушысы Серік Бақтыбайұлы. Ол оқиға орнынан тікелей эфир түсірген.  Наразылық білдіргендердің бір тобы жолды жауып, автокөлік қозғалысына кедергі жасады. Маңғыстау облысы әкімдігінің ішкі ...

Читать далее »