Шымкент қаласында көктемнің алғашқы сенбісінде жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылып, ағаш көшеттер отырғызылды. Қала әкімінің бастамасымен қолған алынған тазалық шарасына мемлекеттік қызметшілер мен тұрғындар белсене қатысты. Бұл күні қала әкімі Мұрат Әйтеновтің басшылығымен Абай ауданының аумағына 20 мың түп қарағаш пен жыңғыл ағашы отырғызылды.Көшеттер Ақжар тұрғын алабына дейінгі көшенің бойына, мұсылман мазаратының маңына және Бадам өзенінің жағалауы сынды жерлерге егілді. Сонымен ...
Читать далее »Әлеумет
ШЫМКЕНТТЕ 8 НАУРЫЗ ҚАРСАҢЫНДА «АЛТЫН», «КҮМІС» АЛҚА ИЕГЕРЛЕРІНЕ БІР РЕТТІК ТӨЛЕМ ТӨЛЕНДІ
Мерекелік қаржылай көмек көп балалы аналарға жыл сайын жергілікті мәслихаттың шешіміне сай беріліп келеді. 8 Наурыз мерекесі қарсаңында қарастырылған қаржылай көмекке биыл жергілікті бюджеттен 149 млн теңге бөлінген. Қаладағы 10 мыңнан астам алты және одан көп баласы бар аналарға 14585(5 АЕК) теңге көлемінде бір реттік әлеуметтік көмек төленуде. Бұл жөнінде жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мәлімдеді. Бір реттік ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАЛАРЫ БАҚЫЛАУДА
ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бекітілген. Бүгінде елімізде бірқатар азық-түлік тауарларының бағасы өндірушінің өзіндік құнының артуымен және өндірісте пайдаланатын шикізат бағасының өсуіне байланысты қымбаттаған болатын. Атап айтқанда, жұмыртқаның қымбаттауына тауық азығының орта есеппен 40%-ға өсуі әсер етіп отыр. Осыған байланысты Шымкент қаласында 1-санатты жұмыртқаның бағасын тұрақтандыру мақсатында өңірлік тұрақтандыру қорынан «Шымкент құс» тауар өндірушісіне ...
Читать далее »ҚАЛАДАН ШАЛҒАЙ ОРНАЛАСҚАН АУРУХАНАҒА КТ АППАРАТЫ ОРНАТЫЛДЫ
Сайрам тұрғын алабындағы №3 қалалық ауруханаға жаңа компьютерлік томография аппараты орнатылды. Жаңа қондырғыны алу үшін жергілікті бюджеттен 160 млн қаржы бөлінген. Сайрамдағы тұрғындар енді КТ аппаратына түсу үшін орталық ауруханаға келіп сабылмайтын болды. Медициналық ұйымға орнатылған қондырғы арқылы дәрігерлер ауыр жағдайда жедел жәрдеммен жеткізілетін науқастарды диагностикалық тексеруден өткізіп, емдеу жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ, медицина мамандары КТ-ны қолдана отырып азаматтарды жоспарлы ...
Читать далее »HALYK BANK: АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫНА – ТАБИҒИ ГАЗ
Тегін газ қосады дегенде күмәнім болған, бірақ күдік су сепкендей басылды: алматылық тұрғындар Halyk Bank пен Алматы әкімдігінің көмегі туралы айтып берді. Пеш жағып, көмірмен үйді жылытып отырған алматылық тұрғындардың уайымы бір. Қып-қызыл ақшаға тонналап көмір түсіру. Көмір алуға қажет ақшадан бөлек, пеш жағу кезіндегі машақатты айтсаңызшы. Үйдің ішінде орнатылған пеш түтіндеп, қақаған аязда есік-терезені ашып желдететін кездер де жоқ ...
Читать далее »Қазақстанда жыл сайын 600-ге жуық бала қатерлі ісікпен ауырады
15 ақпанда бүкіл әлем бойынша Халықаралық қатерлі ісік ауруы бар балалар күні атап өтіледі. Ол қатерлі ісікке шалдыққан балалардың ата-аналары ұйымдастырған халықаралық конфедерациясының бастамасымен өткізіледі /ICCCPO/. «Қазақстанда жыл сайын 600-ге жуық бала қатерлі ісікпен ауырады. Көп жағдайда бұл қан ауруы –«лейкемия». Балалар онкологиясының жалпы құрылымында ми ісіктері, нейробластома, лимфома және ретинобластома басым. Қазіргі уақытта Қазақстанда балалардың кейбір онкологиялық аурулары кезінде ...
Читать далее »Жол картасы: Алматы облысында 60 мыңнан астам жұмыс орны ашылды
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов «жұмыспен қамтудың Жол картасын» жүзеге асыруға ерекше көңіл бөліп отыр. 2020 жылы ағдарламаны іске асыру үшін 1051 жобаға 105 миллиард теңге бөлінді. Айта кету керек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы «Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» аясында үлкен жұмыс атқарылды. Бағдарлама аясында 60 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Карантин кезеңінде жұмысынан босап қалған азаматтардың дені жұмыспен ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛАТЫН БІРЕГЕЙ ЖОБА ҚОЛҒА АЛЫНДЫ
Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасы бойынша қала аумағындағы су қоймаларына мониторинг жасайтын ультрадыбыстық сәуле таратқыш пен LoRaWAN радимодем датчигі орнатылды. Бұл жоба Республикада алғаш рет Шымкент қаласында жүзеге асып отыр. Арнайы құрылғы ультрадыбыстық толқындардың көмегімен су түбінен бетіне дейінгі әр миллиметрді дәлдікпен анықтайды. Арнайы құрылғы тасқын қауіпінің алдын алуға, күнделікті су деңгейін анықтауға және болжам жасауға мүмкіндік береді Бұл ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК АЯСЫНДА 303 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛАДЫ
Шымкент қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде 303 көше жарықтандырылады. Осылайша, мегаполистің көше шамдарымен қамтамасыз етілуі 70 пайызды құрайтын болады. Жарықтандыру бойынша жобалар жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс екінші сессиясында мақұлданды. Сессия жұмысына қатысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов Шымкент қаласында әртүрлі салаларда мемлекеттік- жекеменшік әріптестік (МЖӘ) аясында салынып, пайдалануға берілген нысандардың артқанын айтты. Сонымен қатар, қала басшысы МЖӘ аясындағы ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ АРНАЙЫ БӨЛІМ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА ТАЛДАУ ЖАСАЙДЫ
Шымкент қаласында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының ІІІ бағыты шеңберінде «Жұмыс берушілерді қолдау бөлімі» осы жылдың қаңтар айынан бері өз жұмысын бастаған. Қалалық жұмыспен қамту орталығы ішінен ашылған арнайы бөлім қаладағы мемлекеттік және жекеменшік мекемелердің сұранысы бойынша қажетті жұмыс күштерін ұйымдастырады. Бұл жерде жұмыс берушілердің сұранысын (өтінім) қабылдап, орталыққа бекітуге жолданады. Сұраныстар бекітілгеннен кейін қаладағы 4 ауданның жұмыспен қамту бөлімдері арқылы ...
Читать далее »