Шымкентте 210 684 азаматқа 42 500 теңгеден әлеуметтік төлем төленген. 2020 жылғы 20 сәуір, сағат 9-дағы жағдай бойынша төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлем алу үшін шымкенттік 471 971 азаматтан өтініш түскен. Оның 228 223-іне әлеуметтік төлем тағайындалса, 216 379-ның өтініші тағайындалуға жатпайтындығы анықталып, кері қайтарылған. Әлеуметтік төлем алатын 228 223 азаматтың 215 674-і өтініш бойынша ал, 12 549-ы проактивті түрде көмек тағайындалған. ...
Читать далее »Әлеумет
Міндеттерін ойдағыдай атқаруда
Күшейтілген карантин уақытында шымкенттік коммуналдық сала қызметі жұмысын қарқынды жүргізуде. «ЛТД Тұрмыс» мекемесінің сары жейде киген қызметкерлері Абай ауданы аумағында тазалық жұмыстарын жүргізуде. Бүгін Ұ.Арғынбеков көшесінің ұзына бойын тазалап шыққан жұмысшылар түс ауа гүл отырғызуға көшті. Бір топ жұмысшылар Қ. Рысқұлбеков көшесі бойына гүлдерді отырғызуда. Абай саябағының бойындағы кілем іспеттес әсем өсімдіктер көшенің көркін ғана емес шаһардың келбетін ажарландыра түскен. ...
Читать далее »Тазалыққа септесуде…
2020 жылы ТМД елдерінің мәдени астанасы ретінде таңдалып алынған көне шаһардың тазалығы үнемі басты назарда. Шымкент жыл санап құлпырып, көркі көз тартар зәулім ғимараттармен толығуда. Қала тазалығын сақтау, тұрғындардың тазалыққа деген мәдени сауаттылығын арттыру бағытында жастар да тер төгуде. Жас буын қала көшелерінің айнадай болып, жалтырып тұруы үшін жаңа идеялар ойлап табуда. Сұлтан, Даниял, Мирас есімді үш жеткіншек болашағынан үлкен үміт ...
Читать далее »Тазалық жіті бақылауда
Шымкент қаласы, Еңбекші ауданына қарасты 20 шағынаудан, 16-тұрғын-алабы, жалпы 3000-нан астам халық бар. Еліміздегі төтенше жағдайлар режиміне орай, аудандағы кәсіпкерлік нысандар, монша кешендері мен сауда орындары өз еркімен жұмыстарын тоқтатқан. Тұрғындар карантин жағдайында талаптардың сақталуына жауапкершілік танытып, аймақта халық арасындағы қатынас азайған. Тазалық шаралары да басты назарда тұр. Ауданда тазалық жұмысына жауапты мекемелердің жұмысы қыза түскен. Ал азық-түлік базарларында күніне ...
Читать далее »Тиімді жұмыс істеуге шақырды
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы шаруаларға агроқұрылымда мейлінше заманауи қондырғыларды қолданып, тиімді жұмыс істеуге шақырды. Қалалық ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбековтың айтуынша, биыл инвестиция және несиелендіру бойынша жыл соңына дейін ауыл шаруашылығы саласында жалпы құны 7,6 млрд. теңгені құрайтын 17 инвестициялық жоба іске асады. Оның ішінде 4 құс шаруашылығын кеңейту, 4 жылыжай құрылысы, 2 тауарлы сүт фермасы, 2 жеміс-көкөніс ...
Читать далее »Завоевать иностранный рынок
ТОО «AZALA COTTON» в Шымкенте, готово доказывать свою состоятельность и в стране, и за рубежом. Успешно взяв старт и являясь единственной фабрикой по производству хлопчатобумажной пряжи, «Azala Cotton» ставит амбициозные цели — войти в число лучших товаропроизводителей Казахстана и завоевать иностранный рынок. И эти цели оказались вполне досягаемыми. Продукция фабрики уже хорошо раскупается в Восточной Европе, России, Турции и Китае. Пока на предприятии, производственная мощность которого составляет 4,8 тысячи тонн хлопчатобумажной пряжи в год, задействованы 290 человек. Но это ...
Читать далее »Шымкент: Жылы аймақта жылыжайға басымдық берілмек
Алдағы бірер жылда Шымкент маңайында жылыжай шаруашылығы дамиды. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтеновтің жергілікті шаруалармен жүздесуінде айтылды. Жабық жылыжай кешендердің көлемін арттыру мақсатында «Оңтүстік» көліктік логистикалық аймағынан 136 гектар жер қарастырылыпты. Оның 100 гектары өнеркәсіптік кешен болады. Қалғанын инфрақұрылым қамтиды. Жоба жүзеге асса мыңдаған жаңа жұмыс орны ашылып, жұрт жыл он екі ай көкөніспен қамтылатын болады, дейді қалалық ауыл шаруашылығы ...
Читать далее »Шымкент: Көктемгі дала жұмыстарына қажетті жанармай құны төмендеді
Президент тапсырмасына сәйкес, Шымкентте көктемгі дала жұмыстарына қажетті жанар-жағармай құны 174 теңгеден 160 теңге төмендетілді. Барлық агроқұрылымдар дизель отынын уақтылы алып жатыр. Тапшылық жоқ. Қала әкімі Мұрат Әйтеновпен жүздескен шаруалар осылай, деді. Шымкентте ауылшаруашылығы өндіріспен қатар дамып келеді. Жалпы қала аумағында 62 мың гектардан астам жер бар. Биыл егіс алқабын өткен жылмен салыстырғанда 1 мың гектарға ұлғайтып, 27,6 мың гектарға ...
Читать далее »Кәсіпкерлік саласы өркендеп келеді
Шымкентте кәсіпкерлік саласы өркендеп келеді. Қала аумағында жалпы 69 мыңнан астам шағын және орта бизнес тіркелген. Ал ірі бизнес субьектілері де жетерлік. Төтенше жағдайға байланысты тоқтап қалған нысандарды кезең-кезеңмен іске қосу бойынша арнайы жоба әзірленіп, жұмыс істелініп жатыр. Бірінші кезекте қажетті деген өндірістерді іске қосу жоспарлануда. Аса қажетті өнім өндіретін өндіріс орындары ырғақты жұмыс кестесіне көшетін болады. Қала қазынасына қомақты үлес ...
Читать далее »Әрдайым басты назарда…
Мәдени астана мәртебесін иеленген үшінші мегаполистің тазалығы әрдайым назарда. Шымкент қаласының тазалығына едәуір үлес қосып жүрген – «ЛТД Тұрмыс» серіктестігі бүгінде жұмыс қарқынын үдеткен. Серіктестіктің құрамында 8 бригада бар. Әр бригадада шамам 50 жұмысшы таң атқаннан, күн батқанға дейін тер төгеді. Бірінші бригада А.Байтұрсынов, Желтоқсан, Н.Төреқұлов, Т. Әлімқұлов, Әлімбетов көшелерінде тазалық жұмыстарын жүргізсе, екінші бригада бүгін қала орталығындағы Тауке хан, ...
Читать далее »