Әлеумет

Отандық шикізатты пайдаланып, отандық өнім өндіреді

«AZALA Textile» комбинатының иіру, тоқыма, бояу-әрлеу, тігін цехтары бүгінде қарқынды жұмыс істеуде. Жыл жылжыған сайын өндіріс қуаты артып келеді.  «AZALA Textile» – еліміздегі тоқыма өндірісінің көшбасшыларының бірі. Серіктестік сырттан шикізат сатып алмай, өз өнімі өзін толық қамтамасыз етуге жетеді. Мақта зауыты мен жіп, мата дайындау цехы толық қуаттылықпен жұмыс істеуде. Тоқыма фабрикасы үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылған. Компания ...

Читать далее »

600-ге жуық адам атсалысуда

Бүгінге дейін қаладағы 4 ауданда залалсыздандыру жұмыстары қарқынды жүруде. Шымкентте бұл бағыттағы іс-шаралар карантин аяқталғанша жүйелі жалғасады. Дезинфекциялау қала көшелерінде, көпқабатты үйлерде, аулаларда және жаяу жүргіншілер жолдары мен аялдамалар сынды қоғамдық орындарда атқарылуда. Шымкент қаласындағы залалсыздандыру жұмыстарына 50 автокөлік пен 600-ге жуық адам жұмылдырылған. Сондай-ақ, 200-ге тарта әскери қызметкер қамтылған.  Залалсыздандыру жүмыстары ең алдымен қала тазалығына оң әсер етсе, екіншіден ...

Читать далее »

Тазалық сақтауды насихаттауда

Бүгінгі жағдайға қарамастан коммуналшылар қауырт қызметке кіріскен. Шымкент қалалық Табиғи ресурстар жəне табиғат пайдалануды реттеу басқармасы жəне басқармаға қарасты «Дендросаябақ» МҚК , «Жасыл белдеу» КММ қызметкерлері қаланың санитарлық тазалығына, ирригациялық арықтарды, жаяу жүргіншілер жолдарын тазалауға өз үлестерін қосуда. Табиғат қорғау мекемесі ретінде осындай тазалық шараларын өткізу арқылы , қала тұрғындарына қоршаған ортаны қорғаудың бастауы оны тазалықты сақтауда екенін де насихаттауда.

Читать далее »

Тауар өндірушілерді қолдау мақсатында…

Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне жүгінсек, көктемгі дала жұмыстары жүргізілуде. Шаһар аумағындағы  27 мың га егістік жер аудару аяқталды. Енді егін егу басталды. Қазір  өндірістік  кооператив, жалпы тауар өндірушілерін қолдау бағытында тыңайтқыштарға кеткен шығындарды субсидиялау және  арзандатылған бағадағы жанар-жағармаймен шаруашылықтарды қамту мәселесі қолға алынған, деп хабарлайды «Отырар.кз». Бюджет түсіміне қомақты қаржы құятын шаруа қожалықтары қаламыздың өсіп өркендеуі үшін де, ...

Читать далее »

Коммуналшылар тұрмыстық қалдықтарды темір жәшікке тастауды сұранады

Төтенше жағдай, карантин  енгізілгеннен бері Шымкент қаласындағы  коммуналдық сала қызметкерлері жұмысын тоқтатпады. Коммуналшылар үйлерінде отырған тұрғындардың  аула аумағындағы  қоқыс алаңдарындағы темір жәшіктерге тастаған  тұрмыстық қалдықтарын  мерзімінде алып кетіп жатыр, деп хабарлайды «Отырар.кз». Нұрлыбек Сағындықов, көлік жүргізушісі: «Абай ауданындағы Шәмші Қалдаяқов, Гагарин көшелерінен бастап  4-ші шағынауданы, «Тұрлан» тұрғын алабындағы аумақтардағы қоқыс алаңшаларынан  тұрмыстық  қалдықтарды  шығару міндеттелген. Сақтық шараларын сақтап, өз жұмысымызды ...

Читать далее »

Халықтың денсаулығын сақтау үшін қажет

Амангелді Ергешбекұлы, Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері: Шымкентте құрылысы басталған 200 орындық модульдық инфекциялық госпиталь бірінші кезекте миллион тұрғыны бар қаламыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Осындай жедел шешім қабылдау арқылы бұл құрылыс коронавирус инфекциясы COVID19 пандемиясының өршуін тоқтату мақсатында іске асырылып жатыр. Аурухана стационар, жан сақтау сынды бірнеше бөліктен тұрады. Онда медицина қызметкерлері жатып жұмыс істейтін жай ...

Читать далее »

90 пайыз зарарсыздандырылды

Шымкент қаласына қарасты Әл-Фараби ауданы қай салада болмасын әрдайым қарқынды жұмыс атқарады. Елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты бүгіне ауданда тазалық жұмыстарынан бөлек, залалсыздандыру жұмыстарын қарқынды түрде жүргізуде. Бүгінгі күнге дейін аудан аумағының 90 пайызы толық зарарсыздандырылды. Басты көшелер мен ішкі орамдық көшелердің 90 пайызына дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Заласыздандыру жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес арнайы мамандар жүргізуде. Жұмылдырылған азаматтар арнайы техникамен, ...

Читать далее »

Табиғат қорғаушылары

Дендрологиялық саябақ қызметкерлерін нағыз табиғат қомқоршылары деуге болады. Мұнда тек қана жасыл желекті күтіп баптап қоймай, бақтағы аң құстарға да қамқорлық жасалады. Шымкент қаласы әкімінің 2020 жылғы 30 қаңтардағы хаттамалық тапсырмасына сәйкес, дендросаябақта мекен ететін жануарлар мен құстардың санын ұлғайту мақсатында, жуырда Түркістан облысы Сырдария-Түркістан өңірлік паркінен 10 дана Сырдария қырғауылдары әкелініп, Шымкент қаласының А.Асқаров атындағы «Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағына» ...

Читать далее »

Еңбек майданында тер төгіп жүр

Шымкент жылыжайлар отаны екендігі белгілі. Одан бөлек, шымқаланың шеткі аумақтарында жеке шарушылық иелері қаланы көкөністермен қамтамасыз етеді. Дәл қазіргі уақытта еңбекқор дихандар кетпенін күнге сүйдіріп көктемгі дала жұмыстарына кірісіп кеткен. Көктемнің бір күні жылға азық екенін білетін шаруа қызу еңбек майданына кіріскен. Шымкент қаласының іргесіндегі әуежай аумағындағы алқаптарда көктемгі дала жұмыстары қарқын алған. Тракторлар жер аударып жатса, екіншісі жер қопсытуда. ...

Читать далее »

Ағаштарға күтім жасалуда

Шымкент қаласы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Жасыл белдеу» КММ-не қарасты Айкөл орман шаруашылығында арамшөптерден тазарту жұмыстары жүргізілуде. Тұқымбақ пен 1000 га алма бауында бүгінгі күнде ағаштардың түбін қопсыту, арамшөптерден тазарту және уақтылы суару жұмыстары атқарылды. «Жасыл белдеудің» жалпы шымқаладағы қоршаған ортаны, табиғатты қорғауда үлесі зор. Мамандар әрдайым қаланың жасыл желекке бөленіп, жайқалып тұруы үшін тер төгуде. Одан ...

Читать далее »